Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет24/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   156

9.  Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  5-т.  Алматы:  “Қазақ 

энциклопедия-сының” Бас редакциясы. 2003. 

10. Қазақ хандығы. Алматы: Аруна. 2006. 113-114 бб.

11.  Мыңжан  Н.  Қазақтың  қысқаша  тарихы.  (ҚХР).  Үрімжі: 

Шыңжиаң  халық  баспасы.  1987.,  Мырзаханұлы  Н.  Шиң 

патшалығы  кезіндегі  қазақ  халқы.  (ҚХР).  Үрімжі:  Шыңжиаң 

халық  баспасы.  1997,  Хуң  Тау.  Қазақ  хандығының  қысқаша 

саяси  тарихы.  (ҚХР).  Іле  педагогикалық  институт  ғылыми 

журналы. 1989. №1-2., т.б. 

АБЫЛАЙ СҰЛТАННЫҢ ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫН 

МЕЖЕЛЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ТҰЛҒА 

МҰРАТЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

Байшов Бақыт Батырбекұлы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 

Ақтөбе қ. 

dil_123@mail.ru

Геосаяси  тұрғыда  Азия  мен  Еуропаның  ортасында 

орналасқан  ірі  аймақтық  мемлекет  Қазақстан  өз  айналасында 

өзара 

қауіпсіздік, 



егемендікті 

құрметтеу, 

территориялық 

тұтастық,  татуластық  қағидаларына  негізделген  саяси  мықты 

құрылымды  құруға  мүдделі.  Егемендігіміздің  22  жылы  ішінде 

Қазақстан  мемлекеті  өзінің  көп  ғасырлық  тарихын  жаңғыртып, 

қазіргі  халықаралық  саяси  аренада  өз  орнын  айқындап,  ішкі 

және  сыртқы  саясатта  басым  бағыттарды  анықтауда.  Осы 

тұрғыдан 

қарастырғанда, 

еліміздің 

халықаралық 

байланыстарының  қалыптасуы  мен  қазақ  дипломатиясының 

даму  тарихын  терең  ғылыми  зерттеудің  маңызы  зор.  Қазақ 

халқының  көрші  орналасқан  халықтармен  қатынас  тарихын 

ғылыми  талдаудан  өткізу  еліміздің  сыртқы  саясатының  дұрыс 

дамуына жол ашатындығына дау жоқ. 

Қазақ  халқының  көрші  мемлекеттермен  қарым-қатынасы 

әр  заманның  ерекшеліктеріне  сай  түрлі  бағыттарда  жүргізіліп 

отырғандығы  тарихтан  белгілі.  Әрине,  әр  кезеңнің  өзіне  сай 

талабы  бар.  Атыраудан  Алтайға  дейін  созлып  жатқан  ұлан-

ғайыр 


даланы 

мекендеген 

халқымыздың 

жан-жағынан 

қаумалаған  көршілерімен  үш  жүз  жетекшілері  және  тайпа 

көсемдері  арқылы  жеке-жеке  тілдесуін  де  соған  сай  табиғи–

саяси  заңдылық  деп  бағалауға  болады.  Бұған  қарап, 

63



қазақтардың ортақ мемлекеттік саясаты болмаған деп айтудың 

да  жөні  жоқ.  ХҮІІІ  ғасырдың  ортасындағы  қазақ-қытай 

қатынастары  соның  бір  ғана  дәлелі.  Абылайдың  Қытайға 

байланысты  жүргізген  саясаты  Қазақ  дипломатиясының 

жарқын  беттерінің  бірі  болып  саналады.  Бұл  қатынастарды 

жаңаша  тарихи-саяси  тұрғыдан  талдап-сараптау  және  оларды 

негізге  ала  отырып,  болашақты  бағамдау  қазіргі  Қазақстан 

тарихы үшін өте өзекті мәселе болып табылады. 

ХҮІІІ  ғасырдың  30  жылдарының  басында  Орта  Азия  мен 

Қазақстанда  ойрат  әскерінің  белсенділігі  күрт  төмендеді. 

Мұның  себебін  белгілі  ғалым  В.А.Мойсеев  осы  кездегі  Цин 

империясының  Жоңғариға  шабуылымен  байланыстырады  [1: 

228].  1745  жылы  Галдан  Цэрен  өлгеннен  кейін  Жоңғарияның 

ішкі-сыртқы  саясатында  терең  дағдарыстар  басталды.  Осы 

кезде  елдің  саяси  билігіне  Чорос  (Жоңғар  руы  –  авт.)  нояны, 

Галдан-Цэренмен  туыс  Әмірсана  араласады.  Сонымен  қатар 

жоңғар  тағына  толық  құқы  бар  Дабашы  да  хандық  билікке 

таласады.  Сөйтіп  Әмірсана  мен  Дабашының  одағы  Лама 

Доржымен  ашық  соғысқа  ұласады.  1751  жылы  Лама  Доржы 

мен  Дабашы  және  оның  одақтастарының  арасында  шешуші 

шайқас  болады.  Әскері  жеңілген  Дабашы  мен  Әмірсана  1751 

жылы  күзде  Абылайдан  саяси  баспана  т.б.  көмек  сұрайды. 

Абылай  бұл  мәселені  шешу  үшін  бүкіл  қазақ  құрылтайын 

шақырады.  Кеңес  қорытындысы  «Дабашы  мен  Әмірсанаға 

көмектесі  керек  және  оларды  елдеріне  қайтарып  жібермеу 

қажет»  деген  шешімге  тоқтайды.  Бұл  «бітім  бұзылды,  Қазақ 

Ордасы  мен  Жоңғар  хандығының  арасында  соғыс  басталды» 

деген сөз еді [2: 112-113]. 

1752  жылдың  9 қыркүйегінде Сайын-Бөлек, Батұр Ұбашы 

бастаған  15-20  мыңдық  ойрат    әскері  Орта  жүзге басып кіреді. 

Бірақ,  ойрат  әскері  1752  жылдың  29  қазанында  Абылайдан 

ауыр  жеңіліске  ұшырайды.  Осыдан  кейін  Лама  Доржы  бар 

әскерін  қазақтарға  аттандырады.  Осыны  пайдаланған  Абылай 

иесіз  қалған  Лама  Доржының  ордасына  әскер  беріп,  Дабашы 

мен  Әмірсананы  аттандырады.  Олар  1753  жылдың  12 

қаңтарында  Лама  Доржыны  өлтіреді  және  Дабашы  жоңғар 

ханы 

болып 


тағайындалады. 

Осы 


кезде 

өзін 


хан 

сайламағанына  өкпелеген  Әмірсана  енді  Цин  империясына 

қашып,  одан  көмек  сұрайды  [3:  246].  Мұны  қуана  қабыл  алған 

Цин империясы Әмірсананы заңды тағына отырғызамыз деген 

сылтаумен  1755  жылы  Жоңғарияға  басып  кіреді.  Бұл  жердегі 

қазақтар  мен  Цин  империясының  саясатының  мақсаты 

мынадай еді: 

64



а)  Қазақтар  жағы  жоңғарларды  бөлшектеп,  олардың 

әскери-саяси  күшін  әлсіретуге  тырысты  және  қазақ-жоңғар 

соғыстары 

кезінде 


жоңғарлар 

жағына 


өтіп 

кеткен 


территорияларын  қайтаруды  мақсат  етті.  Сонымен  қатар,  екі 

жақты  кезек  қолдаған  Абылай  қомақты  пайда  түсіріп  отырды. 

Мысалы: территория, сыйлық.  

б) Ал, Цин империясына Жоңғарияның ішкі дағдарысы көп 

тиімді  болды.  Себебі,  Қытайды  Цин  империясы  билеген 

уақытта  оған  бағынуға  қатты  қарсылық  көрсеткен  екі  маңызды 

облыс  болды: оның біріншісі 1720 жылы басып алынған Тибет 

болса, екіншісі осы Жоңғар хандығы еді. Осы себепті Цин жағы: 

1.  Әмірсананы  қолдай  отырып,  жоңғарларды  бір-біріне 

айдап салуға тырысты;

2.  Осы  арқылы  алдарына  Жоңғар  мемлекетін  жою 

мақсатын қойып, оны өздеріне бағындыру мақсатын  көздеді. 

Күшті саясат 200 мың әскердің күшімен өз дегеніне жетті. 

Жоңғарлардың  80  пайызы  немесе  600  мыңнан  астамы 

соғыстан  және  аурудан  өлді.  Сол  кезде  көп  санды  ел  болып 

саналатын Жоңғар мемлекеті жер бетінен осылайша жойылып 

кетті. 

Енді 


осы 

Жоңғар 


мемлекетінің 

территориясына 

қытайшадан  аударғанда  «жаңа  шекара,  жаңа  территория» 

дегенді білдіретін «Синцзянь» деген атау таңылды [4: 75].

Осы Жоңғар жанжалы кезінде қазақтар мен қытайлардың 

дипломатия  саласы  жаңа  қадамдар  жасай  бастайды.  Жоңғар 

жанжалының  бас  кезінде  айтылғандай,  қытайлар  Жоңғарияға 

Әмірсананың  ұсынысымен  келсе,  қазақтар  жаугершілік  кезінде 

Жоңғар  хандығы  тартып  алған  жерлерді  қайтару  мақсатында 

күрес жүргізді. Сөйтіп, қытайлардың Жоңғар жерін толық басып 

алуына  қазақтар  қарсы  тұрды.  Пекин  өз  саясатында 

қазақтардың  аймақтағы  әскери    қимылын  тежегісі  келді. 

Қазақтардың  белсенді  әскери  қимылдары  Пекинді  қатты 

мазалады.  Бұл  Цин  әскери  қимылының  күшеюін  талап  етті 

және  қазақтардың  Жоңғар  жанжалына  байланысты  Пекинге 

мықты  қарсылас  бола  алатынын  аңғартты.  Пекин  Орталық 

Азиядағы  барлық  саясатын  қазақтардың  қимылына  есептеп 

құрды  [5:  66-69].  Қытай  армиясы  қазақтарға  жақын орналасқан 

жоңғарлардың  бекінісін  басып  алғаннан  кейін,  Цин  империясы 

қазақтармен  қатынасын  бастауды  ұйғарады.  Сондықтан,  1755 

жылы  император  Цян-Лунь  қазақтарға  елші  аттандыру  туралы 

бұйрық берді. Цин империясына елші аттандырудан басқа жол 

да қалмаған еді. Қазақтардың Жоңғарияға жорықтарын әскери, 

қатаң  жолмен  тию  мүмкін  болмады. Осы кезде Әмірсана өзіне 

Жоңғар 

хандығының 



тағы 

емес, 


Цин 

боғдыханының 

65



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау