дүниені түрліше түсіндірумен ғана болып келеді, ал мәселе
оны өзгертуде жатыр” [3],- деген. Олай болса, “тарихты жазу
керек, жазу керек...”- дей бергеннен гөрі алдымен оны қалай
өзгертіп, дұрыстап жазуымыз керек екендігін ойласақ дейміз.
Әрине, қазақ-жоңғар тарихын жазу жөнінде соңғы
жылдары
көптеген
мақалаларда,
конференция
материалдарында тарихымыздағы кей мәселелерді қайта
қарау, кейбірін қазіргі заман талабына сай беру туралы көп
айтылып, жарық көріп жатыр. Кейбіріміз: тарихымызды қайта,
жаңаша жазу керек,- дегенді қайта-қайта сөз етіп қоямыз.
Жалпы алғанда бұл дұрыс та шығар, өйткені кейбір оқиғалар
мен жеке қайраткерлер тарихының бұрмаланып жатқанын
теріске шығара алмаймыз.
Елбасымыздың Отан тарихын оқыту кезінде “әттеген-ай”
деген жайттардың орын алып отырғанын басқа-басқа, біздер,
тарихшылар қауымы өте жауапкершілікпен түсінеміз. Өйткені,
бұл “әттеген-айдың” арғы жағында қаншама жастарымыздың
білімі, керек десеңіз жоғары оқу орнына түсудегі тағдыры,
өкініші жатыр. Бірақ осы, біреулер үшін орны толмайтын
өкініштің себебі не?! Біздің көбіміз осыны ойлап жатырмыз ба.
Шүкір, Қазақстан тарихын жазушылар көп. Соның ішінде
тарихымызда
өзіндік
ауыр
із
қалдырған
қазақ-жоңғар
қатынасының шиеленіскен кездеріндегі жайларды жазғандар
да баршылық. Бірақ...
Осы “бірақ” деген бір ауыз сөздің астында жаңа ғана
мысал келтіргеніміздей көп өкінішті жайлар жатыр. Соңғы
жылдары, көптеген жазбагерлер Қазақстан тарихының келелі
мәселелерін жазғанда ешқандай жаңа ізденістер жасамастан
жазуды әдетке айналдырды. Тарихымыз нақты деректер
негізінде жазылуы тиіс. Дерек болмағанда, аңыздың өзін
бұрмаламай, дұрыс пайдалану керек. Екіншісі, осы еңбектердің
жазбагерлері сол деректерді қай мұрағаттан алды. Бізді
ойландыратыны
осы.
Біздің
айтпағымыз,
қазақ-жоңғар
қатынасы кезіндегі оқиғаларды жазу үшін Мәскеудегі, Орынбор
мен Омбы қалаларындағы мұрағаттарға барып, сондағы
материалдарды ақтарғаны жөн. Бұл тақырып бойынша
Қытайда да материалдар көп. Тарихты үйде отырып, ойына
келгенін жазуға болмайды. Әлгі мұрағаттардағы бұрын
баспасөз беттерінде ғылыми айналымға түспеген, мәні мен
құны бар соны материалдарды пайдалану керек.
Бірінші: Бұл жөнінде сөз болғанда, талайлардың шатасып
жүргені, Тәуке ханның қай жылдары Қазақ хандығында билік
құрғаны, қай жылы қайтыс болғаны жөнінде айтсақ, расында
53
да, ол кісінің билікке келген жылы мен өмірден өткен кезі
жөнінде жазылып жүргендерге біздің таласымыз бар. Кейде
студенттерімізге қате түсіндіріп жүрміз. Олай дейтініміз, біздің
оқулықтарда, тіпті Қазақстан ұлттық энциклопедиясында да әлі
күнге дейін қазақтың белгілі билеушісі болған Тәуке ханды 1680
жылы таққа отырған дейді. Тәуке ханның қашан таққа отырып,
қашан өмірден өткені жөнінде әртүрлі беріледі. Көптеген
кітапта оны 1715 жылы өмірден өткен деп жазады.
Сонда, Тәукенің әкесі Жәңгір хан 1652 жылы өмірден өтіп,
ол 1680 жылы таққа отырса, арадағы 28 жыл Қазақ
хандығының
тағында
кім
отырды
екен,-
деген
сұрақ
қойылмайды да екен. Осы арадағы жылдарды оқулықтар
жазушы тарихшылардың ойланбай келе жатқанына кейде
ренжитініміз де рас. Ал Ресей Федерациясы Омбы облыстық
мемлекеттік мұрағаттағы бір материалда көрсетілгенге сенер
болсақ, 1652 жылы Тәуке таққа отырған, ол болса жоңғарларға
қарсы әкесінің саясатын одан әрі жалғастырған [4]. Олай болса,
біздер айтып, оқулықтарымызда жазып жүргеніміздей, 1652-
1680 жылдары Қазақ хандығында билеуші болмай, хандық
билік бос тұрған емес, билік басында Тәуке хан отырған.
Екінші дәлеліміз, бұдан шамасы алты жыл бұрын Тегеран
университетінің орталық кітапханасында Иран шахы Аббастың
1661 жылдың желтоқсанында біздің ханымыз Тәукеге жазған
хатының табылғаны. Ол жөнінде 2007 жылы “Егемен
Қазақстан” газетіндегі “Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан
жайлы деректер” атты мақалада мәлім етті [5]. Егер Тәуке ол
кезде тақта отырмаса, Иран шахы оған неге хат жазып отыр,-
деген ойдың туатыны заңды емес пе. Олай болса, Тәуке
ханымыз таққа 1680 жылы емес, біздің айтып жүргенімізден 28
жыл бұрын отырған. Келешекте Қазақстан тарихынан оқулық,
жинақтар жазатындар өздері бармаса да қазіргі ғылым
өркендеп отырған кезде Омбы облыстық мұрағаттан сол, біз
айтып отырған материалдың электронды көшірмесін алдырып,
растығына сенер болса, келешекте оқулықтарды жазуға
пайдаланғандары жөн деп ойлаймыз.
Екінші, біздіңше, Тәукенің қашан тақта отырғаны жөнінде
бұдан әрі сөз етпесек те болар. Алайда, оның қашан қайтыс
болғаны жөніне келетін болсақ, ол туралы да жаңа дәлелдер
келтіруімізге болады. Ол кей тарихтарда жазылып жүргендей,
1715 жылдар емес, шамасы 1718 жылға тура келетін сияқты.
Олай дейтініміз, біздің қолымызда Россия Федерациясы
Орынбор облыстық мемлекеттiк мұрағатындағы 166-қордағы
бір
материалда
Сiбiр
генерал-губернаторы М.П.Гагарин
54