бұрынғы патшалық кезеңдегідей шовинистік сипаттағы саясат
іске асырылды. Отарлаушы елдің мүддесіне сай, патша
үкіметінің жергілікті әкімшілігінің қаржатына және солардың
тікелей бақылауымен қазақ халқы үшін өмірлік маңызы аса
үлкен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға бір жылдары ерекше
көңіл бөліп, қалған жылдары ұмыт қалдыруы сол үкіметтің
жергілікті жерде жүргізіліп отырған саясатымен байланысты
екені анық.
Қазақстан патшалық Ресей, одан кейін Кеңес империясы
құрамында
болды, бұл жүйе қазақ халқының ұлттық
ерекшелігінің
дамуына
өзіндік
әсер
етті.
Одақтас
15
республикалардың
жерлерінде
біртұтас
экономикалық
шаруашылық жүйе қалыптасты. Халықтар бір мемлекеттің
құрамында өзара тығыз топтаса түсті. Алайда, XX ғ. соңында
Кеңес Одағы ыдырады, оның құрамындағы бұрынғы одақтас
республикалар
егемендігін
алып,
тәуелсіз
мемлекеттер
атанды. Бұл республикалардың осы тәуелсіздігін алу кезеңі
олардың
барлығының
саяси,
экономикалық,
әлеуметтік
ұлтаралық, мәдени қарым – қатынастарында уақытша болса да
елеулі қиындықтар тудырды. Ондаған, тіпті, жүздеген жылдар
бойы қалыптасқан экономикалық бірлестік халықтардың,
ұлттардың
Ресей
империясы
мен
Кеңес
аумағында
қоныстанған халықтар тәуелсіздік кезеңінің басталуына орай,
олардың көпшілігі өздерінің тарихи отандарына қайтуға тілек
білдіруі, ұлтаралық жағдайларды шешу жолында негізгі міндет
етіп қойылды.
Қоғамда
азаматтардың
саяси
белсенділігі,
саяси
мәдениеті
мен
дүниетанымының
әрқалай
болғанына
қарамастан саясатты, билікті және мемлекетті жасаушы және
олардың қорғаушы күші жеке адам. Саяси құбылыс ретінде
жеке адамның әлеуметтік көзқарастары, психологиясы саяси
процессте маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық саяси
саланың жетілуі, оның қоғамдық жаңару талаптарына жауап
беруі мемлекеттің саяси ауқымының өркениет жолымен
дамуының кепілі болып табылады. Түрлі әлеуметтік топтар,
халықтар мен мемлекеттер жеке адамның әсіресе, саяси тарих
пен тәжірибе осыны ұдайы дәлелдеп келеді. Бұл ретте
«адамзаттың тарихын жасайтын жеке адам» деген қағида
әбден орынды. Халықтардың ғасырлар бойы қойнауынан
жалғасып келе жатқан әдет – ғұрып дағдылары мен адамзат
дамуында талай дәуірлер сынынан өткен әдет нормаларының
озық дәстүрлерін бойына жинақтайды. Біздің халқымыздың
әдепті де сыйластық қарым- қатынастарға ежелден – ақ көңіл
71
бөлетіндігі баршамызға белгілі. Халқымыз ұсынған тәлім –
тәрбие қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, бауырмалдыққа
меңзейді.
Қазақ
халқының
мәдениетінің
ел
дамуындағы
толеранттық түсінік әлеуметтік экономикалық процесінің рухани
мәдениетпен тығыз байланыстылығын, мәдени революция,
рухани мұра, мәдениеттің қоғамдық – тарихи процестегі рөлін
терең теориялық тұрғыдан негіздеуге үлкен бетбұрыс жасады
[2:101]. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың
заманға сай ұрпақтарымыз өркендетер өрнектерін халық
жоғары бағалайды. «Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар» деп
халық ең озық дәстүрлерді дәріптеп, ұрпақтан – ұрпаққа мұра
етіп қалдыруда. Әдемі әдет, әсем деп, аталық дәстүр, рабайлы
рәсім бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педогогикасы,
адамгершілікке толы үлгі – өнегелер. Қай халық болмасын өз
ұрпағын биік белестерден көргісі келетіні түсінікті. Бүгінгі
жеткіншектердің азамат болып қалыптасуы оның туған ұясына,
өскен ортасына, оқыған, көрген тәрбиесіне байланысты екенді
дәлелдеуді қажет етпеуі керек.
Жаңа тұлғаны еңбекке баулуда, оның өзіндік табиғатын
танып білу, барлық психологиялық мүмкіндіктерін дамыту,
еңбегінің ішкі заңдылығын, қажеттілігін, оның себеп – салдарын
білуде негізгі қағида болуы тиіс. Еңбек әрекеті материялдық
өндірістің, қоғамның, адам санасының қалыптасуы мен
дамуының негізі. Сондықтан адамның жеке көзқарасының
ерекшелігі мен маңыздылығы тарихи философия ғылымында
қалыптасқан ой – пікірлермен тығыз байланыстырыла отырып,
логикалық негізде қарастырылу қажет.
Қазақ қоғамында орын алған адамдардың әртүрлі
көзқарастарын, қарым-қатынасын әр дәуірдің философиялық
жүйелерін талдай отырып, оған жаңа әдіснамалық тұрғыдан көз
салу үрдісін дамытуымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ
қоғамындағы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрбие
негізінде
қалыптасқан
сыйласымдылық,
рухани байлық,
кіршіксіз мораль мен күш – қуатының толысуын өз бойына
жарасымды
етіп
жинаған
жаңа
адамның
тәрбиеленіп
шығатыны сөзсіз.
Н.Ә. Назарбаев өз еңбегінде: «Қазақстандағы ұлтаралық
тұрақтылықтың айқындаушы шарты – әртүрлі ұлыстардың
шыдамдылық танытуға, бірін – бірі тыңдауға, осынау ұлы
мақсат жолында өзара ымыраластыққа деген ниеті және соған
әзір болуы керек. Кез-келген, тіпті ең керемет деген
идеялардың өзі, егер оларды жүзеге асыру үшін адам қанын,
72