келген, осы кезде жиырма тоғыз жаста болған Бөгенбай
Алашаұлы сол жерде қашанда жеке бастарының қамын ғана
ойлайтын кейбір билеушiлердiң “жоңғарларға қарсы төтеп бере
алмай босқа қырылғанша, жердi тастап үдере көшiп кетейiк”
дегендерiне көнбей, қазақтың қарапайым кедейлерi оларға
iлесе алмайтынын айтып, кiндiк қаны тамған жерi Бөгеннiң
бойын жауға тастап кетпей, жоңғарларға өлтiре соққы беруді
ұйымдастырды. Бұл тарихи шындық.
Ал осы, 1710 жылы жоңғарлар тағы да кезекті
шапқыншылығын жасаған кезде Бөгенбай батыр қол бастап,
жоңғарларды апанына қарай бiр серпiтiп тастаған Қарақұм
кездесуi өткен төбешік жер ХХ ғасырдың 60-жылдары Арыс-
Түркiстан каналының бойына мақта еккенде тегiстелiп кеттi.
Бірақ бүгінгі Бөген ауданына қарайтын ол ауылдың соңғы
кездерге дейін “Қарақұм” ауылы деп келгені, қариялардың әлгі
төбені “хандар мен батырлар отырған әулие төбе” деп
қастарлеп келгені белгілі.
“Қарақұм құрылтайы – 1710 жылы үш жүз өкілдерінің
жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшін өткен
жиын. Ол Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұм алқабында
өтті” деу – жалған. Ал, Алматы қаласындағы Атамұра
баспасынан 2010 жылы жарық көрген Қазақстан тарихының 3-
томының 125-126 беттеріндегі, 2003 жылы Алматыда жарық
көрген, Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы 5-томындағы 588-
бетіндегі, Алматы қаласының Аруна баспасында 2006 жылы
жарық көрген Қазақ хандығы. т.б. [9] еңбектердегі айтылған
жайларға келіспейміз.
Осы жерде келіспейтін жай, сонда Тәуке хан бастаған
қазақ жасақтары жау келіп қалғанда төрт күндік жерде Ұлы
жүздің астанасы Ташкент, күншілік жердегі Кіші жүздің
астанасы Сауранды тастап, Арал теңізінің солтүстік-шығыс
өңіріндегі мың шақырымға жуық Қарақұмда не істеп жүр.
Расында да, керуен күніне қырық шақырым жүрсе, мықты
тұлпарларының шөл даламен өзі суыт жүргенде алпыс-жетпіс
шақырымға жетсе, одан соң тынықпай ма... Мың шақырым
дегеніңіз, болмағанда он күндіктен астам жол. Сонда,
Қарақұмға барып-қайтуы шамасы бір ай... Екіншіден, бүкіл
қазақтың негізгі бөлігі осы үш астананың төңірегіне топтасқан
болса, Аралдың маңындағы сонау жердегі шөл далаға Тәуке
хан бастаған қазақтың игі жақсылары, жасақтары не үшін
бармақ... Үшіншіден, Арал маңындағы Қарақұмға барып
келгенше Қаратауға келіп қалған жоңғарлар Қазақ хандығының
астанасы Түркістанды алмай ма, әлде, сол жолы келіп қалған
60
жауымыз кішіпейілдік жасап, қазақ жасақтарының Арал
маңынан келуін күтіп жатқан ба?! Бұл шындыққа мүлде
жанаспайды. Олай болса, алдағы кезде жаңа оқулықты жазар
кезде осы жайды қайтадан ойластыра отырып, “Қарақұм
төбені” Арал теңізі жағындағы шөлде емес, Ташкент-Түркістан
арасындағы бүгінгі Төрткүл өңіріндегі “Қарақұм төбе” деп
айтуды жөн деп санаймыз.
Алтыншы
айтпағымыз,
тарих
оқулықтарында,
монографияларда тарихи шындықтың бұрмаланғанын бұдан
да басқа мысалдарын айтуымызға болады. Соның бірі 1726
жылдың көктемінде жоңғарларға қарсы азаттық күрестің басы
болған Ордабасыдағы кездесуге қатысқан қазақ билері
жөнінде.
1681 жылы жоңғар әскерлерi Сайрамды қоршаған кезде
Қазақ хандығының астанасы Түркiстаннан қол бастап келген
Тәуке хан оларға тойтарыс бердi. Осы шайқаста жоғарыда
айтқанымыздай Әйтеке де болды. Ол батырлығымен бiрге
өзінің тамаша шешендiгiмен де көзге түскен жан болса керек.
Біздің сұрағымыз, 1726 жылы өткен Ордабасы кездесуінде сол
Әйтеке би болған ба.
Тағы бір айтарымыз, соңғы кезге дейін осы кездесудегі
билердің қызметін артықша етіп көрсетудің орын алғандығы.
Тіпті, көптеген суреттерде Ордабасы төбесінің етегінде қалың
әскердің алдында үш бидің ғана сөйлеп тұрғаны бейнеленді.
Кім білсін, бұл қаншама жылдар бойы айтылмай келген
аталарымызбен мақтанудан туған жағдай да шығар. Өтпелі
кезде оны түсінуге болады... Бірақ, біздің еліміз билер
басқарған ел емес, хандар басқарған ел болғанын ешқашан
ұмытпауымыз керек. Олай болса, ХVIIІ ғасырдың 20-жылдары
да Қазақ хандығының басында Болат хан, одан кейін үш жүздің
хандары (сұлтандар), одан кейін қазақ билері тұрғанын естен
шығармауымыз керек.
Қазіргі кезде Өзбекстан тарихшылары Қоқан ханы
Шымкентті 1810 жылы, Түркістанды 1815 жылы, Ақмешітті 1818
жылы, Ташкентті шамасы 1827 жылы алғанын айтып, 1864
жылға дейін билеген бұл өңірді Қоқан хандығының жері деп
жатады. Ал біздер Ташкенттің қаншама кездер Ұлы жүздің
астанасы болғанын, оның оңтүстігіндегі қаншама аймақтың
Қазақ хандығының жері болғанын, “Жеті жарғының” Ташкенттің
оңтүстігіндегі, шамамен одан 45 шақырым жердегі Ангрен
өзенінің
жағасында
қабылданғанын
неге
мақтанышпен
айтпасқа. Олай болса, кезінде Ташкенттен оңтүстіктегі
қаншама жерлер Қазақ хандығының елді мекендері болған.
61
Олай болса, мұның өзі де қазақ-жоңғар қатынасының
шиеленіскен
кездеріндегі
Ташкент
қаласының
қазақтар
мекендеген елді мекен болғаны жөніндегі шындықты өз
дәрежесінде
айта
алмай,
біздің
тарихшыларымыздың
тарапынан жіберіліп отырғаны айтарлықтай кемшілік.
Тағы
бір
айтпағымыз,
қазақ-жоңғар
қатынасының
шиеленіскен кезінде небір оқиғалар өткен, тіпті, Кіші орданың
(жүздің) астанасы болған Сауран қаласы мен сол өңірдің
тарихы да тереңінен зерттеліп, келешекте ол өңірдің Қазақ
тарихында өзінің орнын алғаны жөн.
Жалпы, бұл кезең жөнінде Қытайдың Үрімжі қаласындағы
“Шыңжиаң қоғамдық ғылымдар академиясы” кітапханасының
өзінде Пекинде, Үрімжіде, басқа да қалалардағы баспаларда
шыққан еңбектердің қытай тілінен төте араб жазбасына
аударылған қаншама қажетті материалдар бар [11]. Соларды
неге пайдаланбасқа. Егер, төте араб харіптерімен жазылған
осы материалдарды оқыған болса, біздің тарихшыларымыз
қазақ-жоңғар қатынасының көптеген жайларымен жан-жақты
таныс болған болар еді.
Біз
тарихымыздың
қазақ-жоңғар
қатынасының
шиеленіскен кезеңінен, тарихымыздың бір кезеңінен ғана
мысалдар келтіріп отырмыз. Ал еліміздің тарихы қаншама
кезеңдерден тұрады. Айтылған пікірлер мен ұсыныстардан
қорытынды жасайтын кездің келгені анық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Назарбаев
Н.Ә.
Қазақстанның
әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.
Егемен Қазақстан. 2012. 10-шілде.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес
томдық. 3-т. Алматы: Атамұра. 2010. 138-б.
3. Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалар. 1-том.
Алматы: Қазақстан. 1976, 7-б.
4. Ресей Федерациясы Омбы облыстық мемлекеттік
мұрағаты. 366-қ.
5. Есмағанбетов К. Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан
жайлы деректер. Егемен Қазақстан. 2007. 25-сәуір.
6.Ресей ФедерациясыОрынбор облыстық мемлекеттік
мұрағаты. 166-қ.
7. Сарай М. Қазақ түркілерінің тарихы. Стамбул (Туркия
Республикасы). 1993. 22-б.
8. Қазақ хандығы. Алматы: Аруна. 2006.
62
Достарыңызбен бөлісу: |