өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала тәрбиесін төртке
бөледі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық жене құлықтық
тәрбиесі. Егер адам баласына осы 4 тәрбие тегіс берілсе, жан
көріністері мен дене көріністері арасында айырмашылық
қаншалықты өзге болғанымен берік байланысты болар еді.
Сонымен, қазақ халқы ғұламалары ой-пікірлерінің құндылығы –
салауатты өмір салтын эстетикамен байланыстырып, ұрпақ
тәрбиесі мәселесін дамытуында.
Ұлы педагог Мағжан Жұмабаевтың ой-пікірі әр ұлттың
болашағы баланың балалық шақтағы ақыл-ой, күш-қуаты тән
саулығына байланысты дамып жетіледі деген идеясымен
үндеседі. Жарық дүниеге келгеніңнен бастап «дене – жанның
қабы, қап берік болса, ішіндегі зат та; берік болмақ. Дене –
жанның құралы. Құрал мықты болса, денесі де, мықты
болады», - деген қағиданы басшылыққа ала отырып, сұлулық
адамның сезімдерін қалыптастырудағы ең маңызды рөл
атқаратындығын айта келе жаны да, тәні де cay адам нағыз
салауатты өмір сүре алады - дейді [9, 112 б]. Адам бойындағы
әсемдік, талғампаздық қасиеттері ғалымның «Гүлсімге», «Сен
сұлу» өлеңдері қазақ қыздары мен қазақ әйелдеріне арналады,
олардың сыртқы да ішкі де сұлулықтарын тәңірдей көтере
жырлайды. Бұл өлеңдерінде ол адамның жан-тән сұлулығын,
эстетикалық
талғамын,
таңдаулы
көркемдігін,
жарасымдылықты паш етеді. Мысалы, «Толған ай жүзің еді,
қара нәркес көзің еді, мап-майда мамық қардай мінсіз денең,
бейне бір бақшадағы жүзім еді», немесе: «Шашың-қара, денең-
ақ бұлт, жүзің – Ай тісің-меруерт, көзің, сәулем, құралай» деген
сияқты бұрынғы халық ұғымындағы сұлулықты бейнелейтін
теңеулерін кездестіруімізге болады [10, 25-27 б.]. Ғалымның
айтқан ой-пікірі бізге адам бойында салауаттылық болу үшін
жан мен тәннің үйлесімді дамуын қамтамасыз етуін және әйел
бойындағы әсемдікті, сұлулықты, жарасымдылықты оның өмір
салтының басты құндылығы деп түсіндіруге тырысады.
Жоғарыда қарастырған мәселелер бүгінгі күннің талабына
сай келіп, салауатты өмір салты қазақ халқында әр тарихи
кезеңде ерекше рөл атқарғаны айқын көрініп тұр. Салт-
дәстүрлер мен ойшыл-ғұламалардың еңбектерінде салауатты
өмір салты эстетикалық құндылықтармен байланыста болып
отыр. Әдемілік пен әсемдікке бейімделген тұлға жақсы өмір
сүргенге талпынатыны анық. Сондықтан сан ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салауаттты өмір салты
туралы ойлар бүгін де мәнін жоғалтпаған, ұлттық тәрбиеге негіз
болатындай құндылық. Сонымен қатар, бұл бағыттағы тәрбиені
310
тереңдету үшін басқа халықтарда қалыптасқан құнды идеялар
мен тәжірибелерге көңіл бөлуіміз қажет.
Жоғарыда қарастырылған ұлы ғұлама ағартушылардың
еңбектерінен, көзқарастарынан мынадай ой-түйіндеуге болады:
эстетикалық құндылықтар жеткіншектердің салауатты өмір
салтында жаман әдеттен аулақ болуына, көркем әдебиеттер
оқып, музыкалық шығармаларды тыңдап, өнер туындыларына
мән
беріп,
оның
жасалуы
шығармашылық,
шеберлік,
шыдамдылықтың нәтижелері екендігін сезінуінде, түсіне білуіне
негіз болады.
Эстетикалық
құндылықтардың
жеткіншектердің
салауаттылығын қалыптастырудағы ықпалын арттыру үшін
өнермен, әдебиетпен жете, жүйелі таныстыру өздерінің оқып,
тіптен
үзінділерін
суретке
айналдыру,
көркем
жанды
көріністерге жеткізу, өзі қатысу, өзі оқып салыстырулар жасау
олардың сезімі мен мұратын, арманы мен талғамын, қабілетін
шыңдап,
кез
келген
жұмыстарды
талғаммен,
сапалы,
шыдамдылықпен орындауға қалыптасып, өзін-өзі дамытуға
қажетті қасиеттерге ие болуы маңызды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы // Аударған Ә.Исмағанбетов.
- Алматы, 1980. – Б.168-169.
2. Қазақ фольклористикасының тарихы. - Алматы, 1988. –
159 б.
3. Құнанбаев А. Шығармалардың бір толық жинағы. -
Алматы, 196. 126 б.
4. Құдайбердиев
Ш.
Шығармалары.
-
Алматы:
Жазушы, 1988. -530 б.
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі,
1992, 16 б
6. Аймауытов Ж. Таңдамалы шығармалары. - Алматы:
Жазушы, 1989. – 372 б.
7. Досмұхамедов Х. Денсаулықты сақтай біл. – Алматы,
1993. - 16 б.
8. Дулатов М. Таңдамалы шығармалары. - Алматы:
Жазушы, 1991. 352 б.
9. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Рауан,1992. - 112
б.
311
«ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖОЛДАУЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ
МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ
Байшов Б.Б., Карсакова Г.Б.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
dil_123@mail.ru
,
Guka.83@list
1997 жылы Қазақстан-2030 стратегиясы қабылданғаннан
бергі уақытта мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер
бестігіне енді. Сарапшылардың айтуы бойынша 2012 жылдың
қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің көлемі жағынан
қазақ елі әлемнің 50 ірі экономикасы дамыған елдерінің
қатарына кірді. 2006 жылғы Елбасы жолдауында қазақ елін
әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгізу жөнінде
жалпыұлттық міндет көтерілді және оны жүзеге асыру үшін
үкіметке көптеген күрделі жұмыстарды атқару жөнінде
тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, 2012 жылдың аяғында
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісінде
51-орынды иеленді.
Әлемдік тәжірибеде дәлелденгендей көптеген елдердің
саяси-экономикалық
және
әлеуметтік
дамуда
жақсы
жетістіктерге жетуі үшін ең алдымен басқа да мемлекеттермен
сыртқы саяси байланыстарын реттеуі, экономикалық жағынан
дамыған мемлекеттердің тәжірибесін пайдалануы үлкен
маңызға ие. Аталған мақсаттарға жетуде еліміздің сыртқы
саяси ұстанымы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы
сыртқы саясатының маңыздылығы өте зор болып табылады.
Қазақ мемлекетінің халықаралық саясаттағы беделінің
артуының негізі еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан басталды
деп нық сеніммен айта аламыз. Кеңес үкіметі ыдырағаннан
кейінгі кезеңдегі ядролық қаруды таратпау режимін нығайту
жөніндегі еліміздің бастамасы – АҚШ, Ұлыбритания, Қытай,
Франция Германия, Оңтүстік-шығыс Азия елдері және т.б.
дамыған мемлекеттер мен державалар, БҰҰ, НАТО секілді
әлемдік
саяси-экономикалық
қауымдастықтар
тарапынан
Қазақстанның әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке
қосқан үлесі ретінде бағаланды. Әлемде алғашқы болып
Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас
тарта отырып, біз жетекші ядролық державалар – АҚШ-тан,
Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан
қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық.
Қазіргі
кезде
біз
өзіміздің
жас
мемлекетіміздің
312