Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет78/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116

228 
 
 
10.22 сурет. Құжатты сақтау 
қолдануға болады (Мысалы, Word 2003 үшін [Shift] + [F12]).) 
Құжат  файлын  бірінші  рет  сақтау  кезінде,  ашылған  Құжатты 
сақтау  сұхбат  терезесінде  оған  ат  беру  керек  (10.22-  сурет).  Бұл 
терезе  бірнеше  өрістерден  тұрады,  олардың  көмегімен  құжатты 
сақтауға  арналған  файл  атын,  жолын  жəне  дискіні,  сонымен  қатар, 
сақтау форматын беруге болады. 
Құжатты  баспаға  дайындау.  Құжатты  баспаға  шығарар 
алдында,  колонтитулдарды,  беттердің  нөмірін  жəне  құжат 
параметрлерін  орнату  қажет:  құжат  өрістерін,  өлшемін  жəне  беттің 
орналасуын
Колонтитулдар  дегеніміз  –  құжаттың  əр  бетінің  үстіңгі  жəне 
астыңғы  өрістерінің  аймағы.  Колонтитулға,  əдетте,  құжаттың  əр 
бетінің  жоғарғы  немесе  астыңғы  жағында  басылатын  мəтін  немесе 
сурет (беттің нөмірі, құжатты баспаға жіберу күні, ұйым эмблемасы, 
құжат  аты,  файл  аты,  автордың  аты  –  жөні  жəне  т.б.)  қойылады. 
Колонтитулмен  жұмысты  бастау  үшін,  Көрініс/Колонтитулдар 
командасын  таңдаңыз,  Колонтитулдар  құралдар  панелі    пайда 
болады (10.23 - сурет). 
 
 
10.23 сурет. Колонтитулдар құралдар панелі 
 
Беттің  нөмірін  қою  үшін,  Қою  мəзірінен  Беттердің  нөмірі  командасын 
 
 


229 
 
 
 
немесе Колонтитулдар құралдар панелінен Беттердің нөмірлері 
батырмасын қолданыңыз. Екі жағдайда да беттердің нөмірлері жоғарғы 
немесе төменгі колонтитулға қосылады. 
Қою/Беттердің  нөмірлері...  командаларын  қолданғанда,  баптаудың 
қосымша параметрлері қолжетімді, мысалы, беттердің нөмірлерінің орнын, 
Орналасуы тізімінен таңдау: беттің жоғарғы немесе төменгі жағы. 
Беттердің  нөмірлерін  өшіру  үшін,  Көрініс/Колонтитулдар  командасын 
таңдау  керек.  Егер  беттердің  нөмірлері  беттің  астында  орналасқан  болса, 
Колонтитулдар  құралдар  панелінен  Жоғарғы/астыңғы  колонтитул   
 
батырмасын  басыңыз,  да  беттің  нөмірін  белгілеп  алыңыз.  Егер  беттің 
нөмірін  қою  үшін,  Қою  мəзірінен  Беттердің  нөмірлері  командасы 
қолданылса,  онда  беттің  нөмірінің  айналасында  орналасқан  рамканы 
белгілеп алыңыз. 
Содан  соң,  [Del]  пернесін  басыңыз.  Құжаттың  барлық  беттерінен 
беттердің номерлері өшіріледі. 
Баспаға берудің алдында, құжат беттерінің параметрлерін орнату қажет: 
беттің  өлшемі  жəне  бағыты,  өрістердің  кеңдігі,  колонтитулдардан  беттің 
жоғарғы жəне төменгі шеттеріне дейінгі қашықтық. Беттердің параметрлері 
барлық құжат үшін бірдей, ал  түрлі тарауларында əр түрлі болуы мүмкін. 
Беттің  өлшемін  таңдауда,  баспаға  арналған  құрылғыға  сүйеніңіз.  А4 
форматындағы  бетті  кез  келген  қазіргі  принтерлерде,  ал  A3  форматын  тек 
арнайы  модификациялы  принтерлерден  шығаруға  болады.  Беттің  
орналасуы  кітаптық  (беттің  биіктігі  енінен  үлкен)    немесе    альбомдық 
(беттің биіктігі енінен кіші) болып таңдалуы мүмкін. 
Өрістердің  өлшемін  орнату  кезінде,  алдымен  бір  жақты  немесе  екі 
жақты  баспа  қолданылатынын  анықтау  керек.  Бір  жақты  баспа  кезінде 
басылатын  құжат  мазмұны  тек  басылатын  беттің  бір  жағында  ғана 
орналасады  (бұлай  басу  баяндамаларды,  рефераттарды,  диссертацияларды 
жəне  т.б.  безендіруде  жиі  қолданылады).  Бұл  жағдайда,  жоғарғы,  төменгі, 
сол  жақ  жəне  оң  жақ  өрістерді  ажыратады.  Журналдық  жəне  кітаптық 
басылымдарды  дайындауда  екі  жақты  басу  қолданылады.  Мұндайда  айна 
тəрізді деп аталатын өрістер ажыратылады, сонымен қатар, сол жəне оң жақ 
өрістердің орнына ішкі жəне сыртқы өрістер ұғымын қолданады. 
Беттің  параметрлерін  орнату  үшін,  Беттің  параметрлері  сұхбат 
терезесін  ашатын,  Файл/Беттің  параметрлері  командасын  қолданады 
(10.24.-  сурет).  Бұл  терезеде  үш  тарау  бар:  Өрістер,  Қағаз  өлшемі,  Қағаз 
көзі. 
Өрістердің  өлшемі  жəне  түрі,  сонымен  қатар,  түптеудің  (переплет) 
орналасуы  Өрістер  тарауында  орнатылады.  Өрістер  өлшемін    орнату 
кезінде  ішкі  (немесе  сол  жағындағы)  өрістің  өлшемін, түптеуді  есепке  ала 
отырып, ұлғайту керек немесе түптеу өлшемін бөлек орнату керек. 


230 
 
 
10.24. Беттің параметрлері қолдану 
Қағаз  өлшемі  жəне  қағаз  орналасуы  Қағаз    өлшемі 
тарауында  орнатылады. 
Қағаз  көзі  тарауында  колонтитулдардың 
орналасуы жəне беттердің түзетулері орнатылады. 
 
10.25 сурет. Баспа параметрлерін орнату 
 
 


231 
 
Құжатты  басып  шығару.  Құжатты  баспаға  шығару  алдында, 
əуелі  құжат  қағазда  қалай  көрінетіндігін  қарап  шығу  керек,  себебі, 
бұл құжат түрі қолданылатын принтерге тəуелді болуы мүмкін. 
Құжатты алдын ала  қарап  шығу  үшін Көрініс/Беттің  орналасуы 
(Қарапайым  режиміндегі  көрінісімен  салыстырғанда)  командасы 
көмегімен беттің орналасу режимін таңдау керек. Беттің орналасуы 
режиміндегі  құжаттың  көрінісі  ол  қандай  түрде  баспадан  шығатын 
болса,  құжатты  сол  күйде  құруға,  форматтауға  жəне  редактрлеуге 
мүмкіндік 
береді. 
Құжатты 
қарап 
шығу 
масштабын  
Көрініс/Масштаб командаларының көмегімен өзгертуге болады. 
Файл/Алдын  ала  қарап  шығу  командасымен  берілетін  Алдын  ала 
қарап  шығу  режимі,  баспадан  шыққанда,  құжаттың  бірнеше  бетінің 
қалай безендірілгенін бірден көруге мүмкіндік береді. 
Құжатты  баспаға  шығару  алдында,  баспа  параметрлерін  орнату 
қажет,  мысалы,  басып  шығарылатын  беттердің    нөмірлері, 
көшірмелер  саны  жəне  т.б.  Файл/Басып  шығару  командалары  
баспаға  шығарылатын  көшірме  саны  жəне  беттердің  нөмірлерін 
қоюға,  принтерді  таңдауға  мүмкіндік  беретін,  Басып  шығару  сұхбат 
терезесін шақырады (10.25- сурет). 
Бұдан  басқа,  Параметрлер  батырмасын  қолдана  отырып  басып 
шығаруға  қосымша  функциялар  орнатуға  болады,  мысалы, 
графикалық  обьектілерді  басу  немесе  екі  жақты  басып  шығаруды 
жүзеге  асыру:  əуелі  тақ  санды  беттерді,  содан  кейін  жұп  санды 
беттерді. 
Құжатты  баспаға  шығару  алдында  баспа  параметрлерін  орнату 
қажет жəне олардың баптауларын Алдын ала қарап шығу режимінде 
міндетті түрде тексеру керек. 
 
Microsoft  Word  жұмыс  барысында  пайда  болатын 
сұрақтар 
Қолданушылар  тарапынан  неғұрлым  көп  қойылатын  сұрақтарға 
мамандардың жауаптарын келтіреміз. 
Сұрақ  1.  Орфографияны  тексергенде  мəтіндегі  барлық  қателер 
табылмаса не істеу керек? 
Жауап.  Төмендегідей  іс  –  əрекеттерді  орындаңыз.  Орфографияны 
автоматты 
тексеруді 
қосыңыз 
(Сервис/Параметрлер/Емлесі/Орфографияны 
автоматты 
тексеру 
қосымша  терезесі)  жəне  құжатқа  мəтінді  енгізуді  бастаңыз.  Енгізілетін 
мəтін,  бұрын  енгізілген  мəтін  сияқты  орфографиялық  қателерге 
тексеріледі, ал табылған қателер қызыл ирек сызықпен сызылады. Егер, 
экранда ирек сызықтар жоқ болса, оны қосыңыз. 
Құжат фрагменті белгіленбегеніне назар аударыңыз. Егер, құжаттың 
қандай да бір фрагменті белгіленген болса, онда орфографиялық тексеру 
тек белгіленген фрагменттер ғана жүзеге асырылады. Құжаттың қалған 
бөлігін тексеруге сұраныс туындаса, Иә батырмасын басыңыз. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау