223
Кесте ұяшықтарын форматтауды
Формат/Шекаралар және бояу
құю командалар көмегі арқылы қолмен де орындауға болады.
Шекаралар және бояу құю сұхбат панелі талап етілетін параметрлерді
таңдауға мүмкіндік береді.
Шекара қосымша терезесінде шекара типі
(Жоқ, Тор, Рамка жəне т.б.), шекара сызықтарының типі мен ені
беріледі.
Кестеде тек керекті шекараларды тез өзгерту үшін,
Кестелер және
шекаралар құралдар панелін қолдануға болады. Бұл жағдайда, жаңа
шекараның форматтарын таңдау үшін,
Сызықтар типі, Сызықтар
қалыңдығы және Шекара түсі құралдар қолданылады, одан соң
Кесте
құру батырмасы басылғаннан кейін, бар шекараның үстінен жаңа
шекара салынады.
Сызықтарды салу құралдары əр түрлі конфигурациялы кестелерді
құруға мүмкіндік береді, ал ұяшықтардағы мəтінді тігінен орнатуға
болады.
Формат мəзірінде
Мәтіннің бағытталуы командасы бар, оның
көмегімен кестелердегі мəтін жолдарын тігінен қоюға болады (10.18 -
сурет).
Бояу құю қосымша терезесінде ұяшықтар фонының түсін немесе ою
таңдауға болады. Кестені бояу үшін, кестенің кез келген жеріне шерту
керек, ал белгілі бір ұяшықтар тобын бояу үшін, қажетті ұяшықтарды,
сонымен қатар, олардың ішіндегі берілгендерді белгілеп алу керек. Одан
соң,
Формат мəзірінен
Шекара және бояу құю командасы,
Бояу құю
қосымша терезесі таңдалады да,
Қолдану тізімінен керекті параметрлер
орнатылады.
Кесте ұяшықтарындағы мəтінді белгілеу жəне шрифті форматтау
Формат/Шрифт жəне
Формат/Абзац командаларын қолданудың
қарапайым тəсілімен орындалады.
Кесте мəзірінде сызғыштарды салу құралдары бар, ал оларды өшіру
үшін өшіргіш қарастырылған. Бұл құралдар көмегімен еркін
конфигурациядағы кестелер құруға болады.
Кестелердің ұяшықтарындағы берілгендер, оларды алдын ала
белгілеп алудан кейін [Delete] пернесімен өшіріледі.
10.9.
Иллюстрациялармен жұмыс
Word мəтіндік процессоры көмегімен мəтінге əр түрлі графикалық
файлдарды қосуға болады. Бұның ең оңай жолы, əуелі, графикалық
редакторда құрылған суретті, дайын графикалық файлдан алып қою.
Мұндай графикалық файлды компьютерге сканердің, сандық
фотокамераның көмегімен енгізуге болады немесе Интернеттен
көшірілген болуы мүмкін (графикалық файлдарды алудың көптеген
тəсілдері бар).
Microsoft
Word
бағдарламасы
қолдайтын
графикалық
файлдардың типтері. Файлдардың көптеген кең таралған графикалық
форматтарды құжатқа қою тікелей немесе арнайы графикалық
сүзгілерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Графикалық файлдардың
224
ifl
келесі форматтарына арнайы графикалық сүзгілерді орнатудың қажеті
жоқ:
Enhanced Metafile (.EMF);
•
Graphics Interchange Format (.GIF);
•
Joint Photographic Experts Group (.JPG);
•
Portable Network Graphics (.PNG);
•
Нүктелік суреттер Microsoft Windows (BMP, RLE, DIB);
•
метафайлдар Microsoft Windows (.WMF);
•
Tagged Image File Format (.TIF);
•
Encapsulated PostScript (.EPS).
Файлдан иллюстрацияларды қою. Құжатқа иллюстрацияны қою
үшін, курсорды оны қоятын орынға орнату керек, одан соң, құралдар
панелінен
Қою /Сурет/Файлдан... немесе Сурет батырмасын
пайдалану.
Экранда Суретті қою сұхбат терезесі пайда болады.
Бұл терезеде жұмыс істеу принциптері файлды ашу кезіндегідей, тек
Word құжатының орнына графикалық файлды
таңдау керек. Бұл жағдайда
Файлдар типі
өрісінде «Барлық суреттер» мəні ұсынылады.
Үнсіз келісім бойынша «Менің суреттерім»
бумасы ашылады, онда графикалық файлдарды
сақтау ұсынылады.
Сіз қажетті буманы таңдап алып, суретті
белгілеп оған тышқанмен шертуіңізге болады.
Қою батырмасын басумен сурет құжатқа
қойылады.
Сурет қою. Word редакторымен əр түрлі
суреттердің үлкен жиынтығы қойылады, оларды
ешқандай қиындықсыз құжатқа орнатуға болады.
Суретті қою үшін
Қою/Сурет/Бейнелер
командасын немесе
Сурет салу құралдар
панелінен
батырмасын қолдану керек.
Нəтижесінде, терезенің оң бөлігінде суреттерді
іздеу өрісімен тапсырмалар аймағы пайда
болады (10.19. - сурет)
Өріске қажетті суретті сипаттайтын кілтті
сөзді енгізіңіз де, іздеу үшін
Бастау батырмасын
басыңыз.
Тапсырмалар
аймағында
іздеу
нəтижелері пайда болады. Керекті суретке
тышқанмен шертіп, оны редактрленген құжатқа
қоясыз.
10.19. –сурет.
т
Егер, «Бейнелерді ретке келтіру» сілтемесіне
Суреттерді іздеу өрісі
бар тапсырмалар
аймағы
ышқанмен шертсе, онда əр түрлі бейнелермен
кеңейтілген түрде жұмыс істейтін терезе
ашылады (10.20- сурет).