197
Microsoft Word
графикалық безендірулермен пошталық хабарламаларды құруға
мүмкіндік беретінін хабарлайды. Содан соң, біз кейінірек қарастыратын,
бағдарлама терезесі ашылады.
Бағдарламаның терезесін терезенің оң жақ жоғарғы бұрышында
Жабу
батырмасын басу арқылы жабыңыз жəне төменде ұсынылған
тəсіл арқылы тағы бір рет ашыңыз.
2 тәсіл. Тапсырмалар панелінде
Бастау батырмасын тышқанмен
басып жəне
Барлық бағдарламалар бөлімінде тышқанмен
Office
құжатын құруды таңдаңыз.
Осылайша, шығарылатын ақпарат мұндай
тəсілмен тек мəтіндік құжат қана емес,
сонымен қатар,
электрондық
кесте, презентация жəне басқа да құжаттар құруға болатынын ескертеді.
Ашылған Office құжатын құру терезесінің ішкі терезесінде
Жаңа
құжат
Word мəтіндік құжатының пиктограммасына тышқанмен екі рет
шертіңіз.
Word бағдарламасы қайтадан ашылады, сіз оны үшінші тəсілмен ашу
үшін, тағы да жабыңыз. Енді терезені жабу үшін басқа тəсілді
қолданыңыз - [Alt] + [F4] батырмаларын бір мезгілде басу арқылы, [Alt]
пернесін бірінші басыңыз да, оны жібермей тұрып [F4] пернесін
басыңыз.
3 тәсіл. Тапсырмалар панелінде қайтадан
Бастау батырмасын
басыңыз, ашылған басты мəзірдің жиі қолданылатын бағдарламалардың
жарлықтары орналасқан сол жақ бөлігінде тышқанның бір рет
шертуімен
белгісін таңдаңыз. Бұл ретте де сізге қажетті
бағдарлама ашылады.
Бағдарламаны тағы жаңа тəсілмен жабыңыз. Бағдарламаның
тақырып жолындағы бағдарлама атының сол жағында орналасқан
Word
белгісіне басыңыз. Бағдарлама терезесінің мəзірі ашылады, одан
Жабу командасын таңдап алу керек. бұл əрекеттерден кейін
бағдарламаның терезесі жабылады.
10.3.
Microsoft Word бағдарламасының экрандық
интерфейсі
Бағдарламаны өзіңізге ұнаған кез келген тəсілмен ашыңыз. Word
жүктелгеннен кейін, экранда оның жұмыс терезесі пайда болады.
Windows-бағдарламасының кез келген стандартты терезесі тəрізді мəзір
жолы, құралдар панелі, қалып-күй қатары жəне терезенің басқа
элементтері бар (10.1 - сурет). Бағдарлама терезесін толығырақ
қарастырайық.
198
10.1.- сурет MS Word бағдарламасының жалпы көрінісі
Терезе тақырыбы. Терезе тақырыбында нақты уақытта ашылып тұрған
құжат бағдарламасының аты, бағдарламаның мəзірін ашу батырмасы (сол
жағында) жəне
Жинақтау/Терезеге жинақтау/Шығару/Жабу (оң жағында)
үш батырмасы
болады.
Басты мәзір. Бұл мəзір тақырып астында орналасқан; ол
бағдарламаның əр түрлі командаларын таңдауға мүмкіндік береді:
Файл,
Түзету, Көрініс, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе жəне
Анықтама.
Тышқанды шертумен мəзір командалары ашылады. Мəзірде тек ең жиі
қолданылатын командалардың шығарылатынына назар аударыңыз, ал сирек
қолданылатын командалар уақытша көрінбейтін болады. Барлық
командаларды көру үшін, тышқанмен мəзірдің төменгі бөлігінде орналасқан
бағдарға басу керек. Мəзірді толық шығару үшін, оның атауына
тышқанмен екі рет шертуге болады.
Төменге ашылатын мəзірдің кейбір опциялардың тұсында «ыстық»
пернелердің белгіленуі ғана емес, құралдар панельдеріндегі тəрізді белгілер
де көрсетілген.
Мəзір достық жəне логикалық интерфейске ие,
бірақ кейбір