Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет69/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116

200 
 
10.4. –сурет. Word құжатының ішінде навигация 
режимін таңдау батырмасы 
 
 
 
 
 
Жұмыс  аймағы.  Бағдарлама  терезесінің  ортасында  жұмыс 
аймағы  немесе  құжат  аймағы  орналасады.  Бұл  аймақта 
редактрленетін мəтіндік құжат жəне пернетақтадан енгізілетіндердің 
бəрі көрсетіледі.  Мəтін таңдалған форматтау есебімен көрсетіледі. 
Мәтіндік  курсор  –  сөніп  -  жанып  тұратын  тік  сызық,  ағымдық 
символдың  енгізетін  орнын  белгілейтін  маңызды  элемент  болып 
табылады.  Компьютердің  пернетақтасының  пернесін  басқанда, 
сəйкес  символ  курсор  орналасқан  жерде  пайда  болады;  курсор  оң 
жаққа келесі орынға көшеді. 
Қалып  –  күй  қатары.  Экранның  астыңғы  бөлігінде  түрлі 
пайдалы  ақпарат  көрсетілетін  қалып  күй  қатары  орналасады: 
құжаттың  өлшемі  жəне  құжатқа  қайта  енгізілетін  символдың 
ағымдық  жайы,  редактор  жұмысының  бекітілген  режимдері, 
таңдалған  тіл  жəне  т.б.  Қалып  –  күй  қатарындағы  ақпарат 
құжаттармен жұмыс кезінде көмектеседі. 
Режимді  таңдау  батырмасы.  Қалып  күй  қатарының  үстінде, 
экранның  сол  жағында  құжаттармен  жұмыс  режимін  таңдау 
батырмалары 
орналасады. 
Таңдалған 
режимге 
байланысты 
енгізілетін  мəтін  əр  түрлі  болады.  Әдетте,  құжаттармен  жұмыс 
кезінде  беттердің  орналасу  (разметки  старницы)  режимінде  жұмыс 
істейді.  Бұл  режимде  мəтін,  суреттер  жəне  басқа  элементтер  дəл  
қағаз бетіне шығарылғандай көрінеді. 
Тапсырмалар аймағы. Терезенің оң жақ бөлігінде Тапсырмалар 
панелі  орналасады,  бұл  -  Office  2003  нұсқасында  пайда  болған 
басқарудың  жаңа  элементі.  Ол  кейбір  операцияларды  жеңілдетуге 
көмектеседі жəне көп жағдайда мəзір командаларын немесе құралдар 
панелінің  батырмаларын  қайталайды.  Редакторды  жүктеу  кезінде 
Тапсырмалар  аймағында  файлды  құру  немесе  ашу  командалары 
орналасады. 
Анықтама.  Бағдарламада  анықтамалық  ақпарат  алу  үшін 
анықтамалық  жүйе  бар.  Анықтамалық  жүйе  мейлінше  кең,  бірақ 
материал  көлемі  өте  үлкен  болғандықтан,  толық  емес.  Ол  Көмекші 
утилитасын  шақыратын  [F1]  пернесін  басу  арқылы  шығарылады. 
Көмекші  –  мультипликациялық  кейіпкерлердің  бірі  (мысалы,  ит, 
мысық). Көмекші сізге күрделі жағдайларда кеңес беріп, көмектеседі 
жəне сол сияқты кішігірім көріністермен көңіліңізді көтереді. 
 
 


201 
 
Анықтаманы  сонымен  қатар,  құралдар  панеліндегі  Анықтама 
батырмасын  басу  арқылы  шығаруға  болады.  Анықтамалық  жүйе  
сізді қиын жағдайда əрдайым ақыл - кеңесімен қолдайды жəне Excel 
бағдарламасының мүмкіндіктерін оқып үйренуге көмектеседі. 
Word құжаттарымен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 
•  құжат терезесінің жұмыс аймағын дайындау; 
•  құжатпен тікелей жұмыс: құру, форматтау жəне сақтау. 
•  құжатты баспаға дайындау жəне басу. 
 
10.4. 
Құжат терезесінің жұмыс аймағын дайындау 
 
Word  редакторын  ашып,  жаңа  құжатты  құрған  кезде  тақырып 
жолында  құжаттың  бастапқы  аты  -  Құжат  1  пайда  болады,  ал  
жұмыс  аймағында  символдарды  енгізуге  арналған  мəтіндік  курсор 
бар ақ парақ ашылады. 
Қызықты мәлімет 
Word  көптерезелі  қосымша  болып  табылады,  яғни,  бір  мезгілде 
бірнеше  дайын  құжаттарды  немесе  дайындалып  жатқан  құжаттарды 
Құжат  1,  Құжат  2  жəне  т.б.  аттарымен  ашуға  болады.  Бір  мезгілде 
ашылған  құжаттардың  ең  көп  саны,  компьютердің  мүмкіндігімен  жəне 
қолданушының қажеттілігімен айқындалады. 
Құжатты  құрғанға  дейін,  құжат  терезесінің  жұмыс  аймағын 
дайындау ұсынылады. 
Word  конфигурациясы  əр  түрлі  болуы  мүмкін,  сондықтан, 
бағдарлама  терезесін  ашқан  кезде,  онда  кейбір  орнатулар  болмауы 
мүмкін  (мысалы,  жұмыс  өрісі  кішкентай  өлшемде  болуы  немесе 
жұмысқа қажетті құралдар панельдерінің бəрі ашылмауы). 
Құралдар  панелінің  шығарылуы.  Құралдар  панелі  жұмыс 
терезесінің  кез  келген  бөлігінде  шығарылуы  мүмкін.  Панельді  керек 
орынға  орналастыру  үшін,  тышқанның  көрсеткісін  панельдің 
тақырыбына   орнату    қажет    (панельдің    сол жағындағы    сызықтар) 
;    бұл    сəтте    тышқан     көрсеткісі    өзінің   
     «роза  ветров» 
диаграммасы  түріне  өзгертеді.  Егер,  бұл  сəтте  тышқанның  сол  жақ 
батырмасын  басып,  оны  жібермей  орнын  ауыстырса,  панель  жаңа 
орынға жылжиды. Құралдар панелін терезенің шетіне қарай жылжытуға 
болады,  онда  ол  осы  шетте  бекітіледі.  Мəзір  жолы  тура  солай  орнын 
ауыстыра алады, бірақ оны үйреншікті орнында қалдырған дұрыс. 
Әдетте  құралдар  панелінің  бəрі  бірдей  экранда  көрінбейді.  Нақты 
уақытта  көрінбейтін  құралдар  панелін  шығару  үшін,  Көрініс  мəзірінде 
Құралдар  панелі  командасын  таңдау  қажет.  Панельдердің  тізімі 
ашылады да, онда тышқанды шертумен керекті панельді белгілеу керек; 
осының нəтижесінде  панель  атауының  сол  жағында галочка  түріндегі 


202 
 
белгі пайда болады. Галочкаға тышқанмен шерту ашық тұрған панельді 
экраннан алып тастауға мүмкіндік береді. 
Кестелерді шығаруға орын босата отырып, құралдар панельдерін бір 
жолға  орналастыруға  болады,  бірақ  бұл  жағдайда  панельдің 
батырмаларының  бір  бөлігі  көрінбейді.  Егер,  панельде  кейбір 
батырмалар  көрінбесе,  оларды  бағыттауышқа  тышқанның  шертуімен 
экранға    шығаруға    болады    .  Бұлайша,  панель  ашылады  да,  бұрын 
жасырын тұрған батырмалардың бəрі көрінетін болады. 
Сызғыштар.  Құжатпен  ыңғайлы  жұмыс  жасау  үшін,  экранда 
Көрініс/Сызғыш  командасымен  сызғыштарды  шығару  ұсынылады. 
Сызғыштар  мəтіндік  өрістің  жəне  абзацтық  шегіністің  (қызыл  жол) 
шекараларын  тез  орнату  үшін  қызмет  етеді  жəне  құжат  өрісінің 
өлшемдерінде тез бағытталуға мүмкіндік береді. 
Құжаттарды шығару режимдері. MS Word құрастыратын құжатты 
экранда  оның  түрін  өзгерте  отырып,  əр  түрлі  тəсілмен  шығаруға 
мүмкіндік береді. Шығарудың төрт режимі бар: Қарапайым, Web-құжат 
режимі,  Бетті  орналастыру  жəне  Құрылым.  Шығару  режимі  Көрініс 
мəзірінің  командасымен  орнатылады.  Экранға  шығару  режимдерінің 
əрқайсысында құжаттардың шығарылу ерекшеліктерін қарастырайық. 
Қарапайым режим құжаттың баспаға жіберілетін беттеріне қатысты 
(колонтитулдар,  сілтемелер  жəне  т.б.)  безендіру  элементтерінсіз  тек 
мазмұндық бөлігін шығарады. 
Web-құжат  режимі  құжаттың  экрандық  шығарылымы  баспалық 
нұсқасымен сəйкес келмейді, беттердің параметрлері есепке алынбайды. 
Бұл режимде электрондық басылымдар құрастырылады. 
Бетті  орнату  режимінде  құжаттың  экрандық  шығарылымы  беттің 
параметрлеріне  дейін,  баспалық  нұсқасымен  сəйкеседі.  Бұл  режим 
баспаға  шығарудың  алдында  жəне  құжатты  соңғы  форматтауы  үшін 
қолданылады. 
Құрылым режимі құжаттың құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. 
Экранның  төменгі  бөлігіндегі  айналдырудың  көлденең  жолағының  сол 
жағында  орналасқан,  режимді  көрсететін  батырмалардың  бірінің 
көмегімен құжатты шығару режимін орнату бəрінен оңай болады (10.5 - 
сурет). 
Әр  режим  өзінше  жақсы.  Қарапайым  режим  мəтінді  теруде  жəне 
редактрлеуде  ыңғайлы,  бірақ  бұл  режимде  құжаттың  өрісі, 
колонтитулдар  жəне  беттің  нөмірлері  көрінбейді.  Бетті    орнату 
режимінде  құжат  баспадан  қалай  басып  шығарылса,  экранда  дəл  сол 
күйінде көресіз. 
 
 
 
10.5. сурет. Шығару режимдердің ауыстырып қосу 
бастырмалар 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау