Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет66/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116

192 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Желінің қандай түрлерін білесіз? 
2.  Жергілікті желіге сипаттама беріңіз. 
3.  «Сервер», «жұмыс станциясы» ұғымдарына сипаттама беріңіз. 
4.  Желілерді құру үшін қандай байланыс сымдарының қандай типтері 
қолданылады? 
5.  Ауқымды желіге сипаттама беріңіз 
6.  Интернеттің қандай сервистерін білесіз? 
7.  WWW – ның  FTP-дан айырмашылығы қандай? 
8.  HTML дегеніміз не жəне оны не үшін қолданады? 
9.  Бағдарлама HTML –да қалай көрсетіледі? 
10.  XML дегеніміз не жəне HTML – ден оның айырмашылығы қандай? 
11.  Интернет қалай жұмыс істейді? 


193 
 
10 
Тарау 
МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЛАР 
 
 
Ең танымал жəне сұранысқа ие қолданбалы бағдарламалар -мəтіндік 
процессорлар  болып  табылады,  олар  мəтіндік  құжаттармен  жұмысқа 
арналған бағдарламалар. 
Мəтінмен  жұмысқа  арналған  бағдарламалар  бірнеше  санатқа 
бөлінеді:  мəтіндік  редакторлар,  мəтіндік  процессорлар,  баспа  жүйелері. 
Әдетте,  MS  Word  бағдарламасының  əр  түрлі  нұсқаларын  қолданады, 
алайды,  мəтіндік  процессорлардың  таңдалуы  Microsoft  фирмасының 
өнімімен шектелмейді. 
Әр  түрлі  тапсырмалар  үшін  түрлі  мəтіндік  процессорларды 
қолданған  жөн.  Нақты  тапсырмаларды  орындауда,  мəтіндерді  құруға 
арналған түрлі бағдарламалардың артықшылығын қарастырамыз. 
 
10.1. 
Қазіргі мәтіндік процессорларға шолу 
Бүгінгі 
күні 
кеңселік 
қосымшалар 
«үлкен 
төрттігінің» 
бағдарламалары  кең  танымал:  Microsoft  Word,  Corel  WordPerfect,  Lotus 
WordPro,  OpenWriter/StarWriter.  Олардың  барлығы  да  Windows ОЖ-нің 
платформасында жұмыс істейді. 
Әлсіз  компьютерлерде  WordPro  редакторы  жақсы  қызмет  атқарады, 
оның  жұмыс  істеуі  үшін  100  МГц  жиіліктегі  Pentium  процессоры, 
сиымдылығы 32 Мбайт жедел жады жəне Windows 98/NT 4 ОЖ –сі бар 
компьютер талап етіледі. Windows 95 ОЖ-мен жұмыс істеуі де мүмкін. 
WordPerfect  үшін  100  МГц  жиіліктегі  Pentium  процессоры  жəне 
Windows 98/МЕ ОЖ-сі жеткілікті, бірақ 64 Мбайт –тан кем емес жедел 
жады сиымдылығы талап етіледі. 
Жүйеге  біршама  талап  қоятын  мəтіндік  редакторлар  -  Word  2003 
жəне  Writer;  олардың  жұмысы  үшін 300  МГц –тен  кем  емес  жиіліктегі 
процессор  жəне  сиымдылығы  128  Мбайт  –тан  кем  емес  жедел  еске 
сақтау  құрылғысы  қажет  етіледі.  Word  2003  мəтіндік  редакторымен 
жұмыс істеу үшін Windows 2000/ ХР/2003 ОЖ-сі қажет. 
Орыс  тілін  қолдау  тұрғысынан,  Word  2003  лингвистикалық  қолдау 
құралдарының  сапасы  жоғары.  Бағдарлама  орфографияны  жəне 
грамматиканы  тексеруді,  тасымалдауды  теңестіруді  іске  асырады,  онда 
енгізілген  синонимдер  сөздігі  бар.  Грамматиканы  жəне  стильді  тексеру 
құралдары,  қосымша  синонимдер  сөздігі  жəне  түсіндірмелі  сөздігі 
штаттық  коплектіге  кіретін  жалғыз  бағдарлама,  ал  соңғы  нұсқасында 
машиналық  аудару  құралдары  да  бар.  Алайда,орфографияны  фондық 
тексеру  үрдісі  жұмысты  едəуір  баяулатады,  сондықтан,  оны  сөндірген 
дұрыс,  ал  орфографияны  тексеруді  бастамас  бұрын,  жұмыс  нəтижесін 
міндетті түрде сақтау керек. 


194 
 
OpenOffice  Writer  бағдарламасы  да  орыс  тілінде  сауатты  жазуды 
тексеруді жүргізеді жəне тасымалдауды теңестіру құралдары бар. Бұдан 
басқа,  бағдарламаның  орыс  тілді  нұсқасында  біраз  құжаттардың 
шаблондары  енгізілген,  оларда  іс  жүргізу  бойынша  отандық 
стандарттардың талаптары ескерілген. 
WordPerfect  жəне  WordPro  бағдарламаларында  орыс  тілін  қолдау 
нашар жүзеге асырылған, орыс тезаурусы жəне синонимдер сөздігі жоқ. 
StarOffice Writer бағдарламасы орыс тілдің лингвистикалық құралдарын 
қолдамайды. 
Жоғарыда  келтірілген  барлық  мəтіндік  процессорлардың  іскерлік 
құжаттармен  жұмыс  мүмкіндіктері  іс  жүзінде  бірдей.  Іскерлік 
құжаттарды  құрастыру  –  біршама  қарапайым  үрдіс,  себебі,  іс  жүзінде 
жазба  машинкасының  жетілдірілген  нұсқасы  туралы  сөз  қозғалады. 
Мұндай  тапсырмаларды  барлық  бағдарламалар  сəтті  орындайды, 
өйткені, мұндай құжаттардағы ең күрделісі – бұл құжатқа кестелер жəне 
фирма логотипімен  суреттер қою. 
Word,  Writer  жəне  WordPerfect  бағдарламалары  көлемді  құжаттар 
құру  үшін  шамамен  бірдей.  WordPro  бағдарламасы  құжат  ең  үлкен 
көлеміне  жеткенде,  өте  ақырын  жұмыс  істей  бастайды,  сондықтан 
мұндай мақсаттар үшін бұл бағдарламаны қолданбаған дұрыс. 
Word  жəне  WordPro  бағдарламаларының  құжаттың  бірнеше 
нұсқаларын  бір  файлда  сақтау  мүмкіндігі  бар,  сонымен  қатар,  бірнеше 
қолданушыға  құжаттың  əр  түрлі  бөліктеріне  қолжеткізуді  аша  алады. 
Word  –  да  бірнеше  көшірмелерді  сақтау,  файлдың  көлемін  тым 
үлкейтетінін есте сақтаған дұрыс. 
Қазіргі  мəтіндік  процессорлар  безендіру  мүмкіндіктері  жағынан 
баспа 
жүйелеріне 
жақындап 
келеді. 
Қарастырылып 
отырған 
бағдарламалардың 
əрқайсысында 
мəтіндік 
жəне 
графикалық 
обьектілерді қою, көпбағандылықты, беттік жəне соңғы сілтемелерді, əр 
түрлі колонтитулдарды қолдану ойластырылған, сонымен қатар арнайы 
эффектілер құратын құралдар бар. 
Барлық  бағдарламалардың  құрамдас  бөлігі  графикалық  редактор 
болып  табылады.  Бағдарламалардың  бəрінде  жуық  символ  аралық 
интервалдарын  (кернинг)  жəне  шрифтің  кеңейтуін  –  тығыздауын 
реттейтін (трекинг) басқару құралдары бар. Қатталуды жəне безендіруді 
ең  жақсы  жүзеге  асыру  WordPerfect  бағдарламасында,  ал  ең  нашары 
WordPro бағдарламасында. 
Кейбір  бағдарламалар  тек  Windows  ОЖ-нің  платформасында  ғана 
жұмыс  атқармайды.  Windows  ОЖ-нен  басқа  платформа  ретінде  болуы 
мүмкін: Word 2003 -те — Mac OS; WordPerfect- те — Linux; OpenOffice 
Writer –де — Mac OS, Linux, Solaris. 
Іс  жүзінде,  түрлі  санаттағы  қолданушылар  əр  түрлі  мəтіндік 
процессорларды  қолданады,  себебі,  біреуге  маңызды  болатын 
процессор, екінші біреуге қажетсіз болуы мүмкін. 
Windows   ортасында   құжаттарды   құруға   арналған   кең  танымал 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау