155
байланысты емес. Кейде, олар басқа себептердің əсерінен болуы
мүмкін. Мысалы, пошта арқылы сіздің мекен жайыңыз көрсетіліп
зақымданған хабарламалар таратылуы мүмкін, бірақ сіздің
компьютеріңізден емес.
Сіздің компьютеріңіздің зақымдануының жанама белгілері де
болады:
• компьютер жұмысында жиі тұрып қалулар мен ақаулықтар;
• бағдарламалардың жүктелген кездегі компьютердің баяу
жұмысы;
• операциялық жүйені жүктеу мүмкін еместігі;
• файлдар мен каталогтардың жоғалуы немесе олардың
мазмұнынының бұрмалануы;
• қатқыл дискіні жиі тексеру, жүйелік блоктағы шам жиі жанып -
сөніп тұрғанда;
• Мicrosoft Internet Explorer тұрып қалады немесе өзінің
қалпынша жұмыс істемейді, мысалы, бағдарламаның терезесін жабу
мүмкін емес.
Жанама белгілердің 90% - ы аппараттық немесе бағдарламалық
қамтамыз етудегі ақаулардың əсерінен болады. Бұған қарамастан,
олар пайда болғанда, вирустың бар – жоғына компьютерді толық
тексеруден өткізуді ұсынамыз.
8.3.
Компьютердің
зақымдану
белгілері
пайда
болғанда қолданушының іс - әрекеті
Егер, сіздің компьютеріңіз сізде күмəн туғызса, онда, төмендегі
ережелерді ұстаныңыз.
1. Шошынбаңыз! Шошынбау – ол сізді маңызды мəліметтерді
жоғалтудан жəне артық уайымнан құтқаратын алтын ереже.
2. Компьютерді Интернеттен ажыратыңыз.
3. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, одан
ажыратыңыз.
4. Егер сіз компьютердің қатқыл дискісінен жүктеле алмасаңыз,
яғни компьютер оны қосқанда қате шығаратын болса, бұл зақымдану
белгісі болып табылады, бұл жағдайда ақаулардан қорғау режимінде
немесе Windows – тың апаттық жүктеу дискісінен жүктелуге
тырысыңыз.
5. Қандай да бір əрекет етпес бұрын, жұмысыңыздың нəтижесін
сыртқы тасымалдауышқа (дискетаға, CD-дискіге, флэш-картаға)
жазып, сақтаңыз.
6. Егер, сіз əлі антивирустық бағдарлама орнатпасаңыз, оны
орнатыңыз.
7. Антивирустық қорлардың соңғы жаңартуларын алыңыз. Егер,
бұл мүмкін болса, оларды жүктеп алу үшін Интернетке өз
компьютеріңізден емес, достарыңыздың зақымданбаған
156
компьютерінен, Интернет – кафеден, жұмыстан Интернетке шығып -
жүктеп алыңыз. Басқа компьютерді қолданған дұрыс, себебі,
зақымданған компьютерден Интернетке қосылу кезінде сіздің
адрестік кітабыңыздың адрестері бойынша вирустың таралу қаупі
бар немесе вирус сіздің маңызды ақпаратыңызды зиян
келтірушілеріңізге жіберуі мүмкін. сондықтан, зақымдану туралы
күдік пайда болғанда, компьютерді Интернеттен бірден ажыратыңыз.
Антивирустық қордың жаңартылуын өндірушіден дискетамен
немесе дискімен алуға болады.
8. Антивирустық бағдарламалардың баптауларының ұсынылған
деңгейлерін орнатыңыз жəне компьютерді толық тексеруді жүктеңіз.
8.4.
Компьютер зақымдануының алдын алу
Ең сенімді жəне ақылды іс – шаралар компьютер вирустарынан жəне
троян бағдарламаларынан қорғауды 100 % қамтамасыз ете алмайды,
бірақ кейбір ережелерді орындай отырып, сіз вирустық шабуылдың
қаупін жəне келтіретін шығын деңгейін біршама төмендетесіз.
Компьютерлік алдын алу шағын ережелерден тұрады, оларды
сақтау, вируспен зақымдану жəне қандай да бір мəліметтерді жоғалту
қаупін біршама төмендетеді.
1. Өзіңіздің компьютеріңізді антивирустық бағдарламалардың жəне
Интернетте қауіпсіз жұмыс істеу бағдарламасының көмегімен қорғаңыз.
Антивирустық бағдарламаны тез арада орнатыңыз.
Антивирустық қорды күнделікті жаңартып отырыңыз. Вирустық
эпидемиялар пайда болғанда, жаңартуды күніне бірнеше рет жасауға
болады. Мұндай жағдайларда «Лаборатории Касперского» жаңарту
серверлерінде анитивирустық қорлар тез арада жаңартылады.
Эксперттер ұсынған антивирустық бағдарламалардың баптауларын
тұрақты қорғау үшін орнатыңыз. Компьютерді қосқаннан кейін, тұрақты
қорғау бірден күшіне енеді жəне вирустарға компьютерге өтуді
қиындатады.
Сонымен қатар, Интернетте жұмыс жасау барысында компьютерді
қорғау үшін арнайы бағдарламаны орнату ұсынылады.
2. Компьютерде жаңа мəліметтерді жазу кезінде сақ болыңыз.
Қолдану алдында барлық алынатын дискілерді (дискеттер, дискілер,
флеш – карталар жəне т.б.) вирустың бар - жоғына тексеріңіз.
Пошталық хабарламаларды ашқанда сақ болыңыз. Егер, өзіңіз
хабарламалар, шынында, сізге келуі тиісті екендігіне сенімді
болмасаңыз, тіпті оларды таныстарыңыз жіберген болса да, пошта
арқылы келген ешқандай файлды ашпаңыз. Әсіресе, сенімсіз
антивирустық өндірушілерден келген хаттарға сенбеңіз.
Интернеттен алынатын ақпаратқа мұқият қараңыз. Егер сізге қандай
да бір Web-сайттан жаңа бағдарлама орнату ұсынылса, онда қауіпсіздік
157
сертификатының бар – жоғына назар аударыңыз. Егер, сіз Интернеттен
немесе жергілікті желіден орындалатын файлды көшіріп алсаңыз, оны
міндетті түрде тексеріңіз.
3. Өзіңіз отыратын Интернет сайттарды таңдауда мұқият болыңыз.
Интернет сайттардың кейбіреулері қауіпті вирустармен немесе
Интернет құрттарымен зақымданған. Вирустық мистификацияға –
«қорқыныштарға», жұқтыру қаупі туралы хаттарға сенімсіздікпен
қараңыз
4. Антивирустық бағдарламаның сайтында орнатылған ақпаратқа
мұқият қараңыз.
Көп жағдайларда антивирустық бағдарлама өндірушілері жаңа
эпидемияның басталуы туралы ол əбден шарықтау шегіне жеткенге
дейін əлдеқайда ерте хабарлайды. Бұл жағдайда жұқтыру қаупі əлі де
үлкен емес, жаңартылған антивирустық қорларды жүктеп, өзіңізді жаңа
вирустан алдын ала қорғай аласыз.
5. Бағдарламалық қамтамасыз етудің дистрибутивті көшірмелерін
ресми сатушылардан сатып алыңыз.
6. Windows
Update сервисін пайдаланыңыз жəне Windows
операциялық жүйесінің жаңартуларын тұрақты түрде орнатып
отырыңыз.
7. Мүмкін болатын зақымданудың жағымсыз салдарының тəуекелін
азайтыңыз.
Мəліметтердің резервтік көшірмелерін уақытында жасап отырыңыз.
Мəліметтер жоғалған жағдайда, резервтік көшірмелер бар болса, жүйе
тез арада қалпына келтірілуі мүмкін. Бағдарламалық қамтамасыз ету
жəне бағалы ақпарат бар дистрибутивті дискілер, дискеталар, флеш –
карталар жəне басқа да тасымалдауыштар сенімді орында сақталу керек.
Қажет болғанда, жүктелуге болатын «таза» операциялық жүйені
қолдана отырып, міндетті түрде жүйелік апаттық дискета құрыңыз,
8. Сіздің
компьютеріңізбен қолданатын адамдардың санын
азайтыңыз.
Компьютерлік вирустармен күрестің негізгі əдістерінің бірі -уақытында
жүргізілген антивирустық алдын алу шаралары болатынын есте
сақтаңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2. Вирустық шабуылдан қалай қорғануға болады?
3. Сіз вирустардың қандай түрлерін білесіз?
4 Антивирустық бағдарламалардың класын айтып шығыңыз.
5. Компьютердің вирустық зақымдану белгілерін айтыңыз
6. Компьютерде вирустық зақымданудың алдын алу үшін қандай
шаралар өткізуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |