Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет50/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116

145 
 
ешқандай əсер етпейді. 
Сұрақ  3.Жаңа  қатқыл  дискіні  орнатудан  кейін,  түсініксіз  дыбыс 
пайда болды, бірақ бір қарағанда жүйе тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Бұл 
қалыпты ма, əлде алаңдаушылық туғыза ма? 
Жауап.  Әрбір  өндірушінің  винчестрелерінің  өзіне  тəн  дыбысы  бар. 
Бұл  қатқыл  диск  механизмі  конструкциясының  ерекшелігімен 
түсіндіріледі.  Бұған  ештеңе  істей  алмайсың,  өйткені,  жұмыс  кезіндегі 
жинақтауыштардың 
шығаратын 
дыбыстары 
құрылғының  
функциясының  ажырамас  болып  табылады.  Компьютерлердің  қазіргі 
корпустары  шулы  жабдықтарға  –  вентиляторларға,  қатқыл  дискілерге 
есептеліп  құрастырылған.  Алайды,  егер  сіздің  қатқыл  дискіңіз  мүлде 
жаңаша  дыбыстала  бастаса,  онда  үйреншікті  шумен  қосымша  шу 
араласуы  қатқыл  дискінің  бұзылу  мүмкіндігін  білдіреді.  Сіз  неғұрлым 
сервис  қызметіне  жылдамырақ  хабарлассаңыз,  соғұрлым  сіздің 
мəліметтеріңіздің сақталу  мүмкіндігі жоғары. 
Сұрақ 4. OpenPGP деген не? 
Жауап.  OpenPGP  –  бұл  PGP  бағдарламасынан  туған  стандарт  жəне 
1990  жылдардың  ортасына  қарай  Интернетте  электрондық  поштаны 
шифрлаудың  сенімді  құралы  ретінде  жер  жерге  тарала  бастады.  Де  – 
факто  стандарты  болып,  PGP  көптеген  қосымшалар  мен  жүйелерге 
енгізіле бастады. 
Сұрақ  5.  Мен  PGP  бағдарламасының  соңғы  нұсқаларындағы 
бастапқы  мəтіндерге  еркін  қол  жеткізу  мүмкін  емес  дегенді  естіп, 
уайымдай бастадым. 
Жауап. Жоқ,  ол олай емес.  6.5.8 нұсқасына  дейін  толығымен жəне 
8.0 нұсқасынан жəне одан жоғары PGP барлық нұсқаларының бастапқы 
мəтіндері  əр  түрлі  желілік  ресурстарда  ашық    қолжетімді    орналасқан. 
Тек  7.x  нұсқалары  ғана  жабық  болып  қалып  отыр,  бұл  PGP  сауда 
маркасына  құқығы  болған  Network  Associates  компаниясының  
саясатына байланысты. 2001 жылы ол PGP Corporation компаниясына өз 
құқығын берді. 
Бақылау сұрақтары 
1.  Орталық процессор қандай құрылғылардан тұрады? 
2.  Компьютерде ақпарат қалай өңделеді? 
3.  Қандай ақпаратты сақтау құралдарын білесіз? 
4. Неліктен резервтік көшірмеге флоппи – дискісі емес, SD-RW-дискісін 
қолдану керек? 
5. Дискінің логикалық форматтау дегеніміз не? 
6. FAT  32  файлдық  жүйесінің  FAT  16  файлдық  жүйесінен 
айырмашылығы неде? 
7.  Криптография  дегеніміз  не  жəне  қандай  криптоқорғау  жүйелерін 
білесіз? 
8.  Ақпаратты қорғау шараларын айтып шығыңыз. 


146 
 

т а р а у 
АНТИВИРУСТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
 
Интернетке  шыға  алатын  компьютерді  жəне  ұялы  телефонды 
қолданатын  адамдар  саны  үнемі  өсіп  отыр.  Ендеше,  олардың 
арасында  электрондық  пошта  жəне  дүниежүзілік  желі  арқылы 
берілгендерді  алмасу  мүмкіндігі  өсіп  отыр.  Бұл  компьютердің 
вируспен  зақымдану  қаупінің  өсуіне,  сонымен  қатар,  бөтен  зиянды 
бағдарламалармен  ақпартты  бүлдіру  жəне  ұрлауға  əкеп  соғады, 
өйткені,  зиянды  бағдарламалардың  таралауының  негізгі  қайнар  көзі 
электронды  пошта  мен  Интернет  болып  табылады.  Алайда, 
зақымдану дискета немесе CD-диск арқылы болуы да мүмкін. 
Компьютерлік  вирус  –  бұл  өзін  автоматты  түрде,  басқа 
бағдарламалық  өнімдерге  жазатын,  оларды  өзгертетін  жəне  жойып 
жіберетін  арнайы  мақсатпен  құрылған  бағдарлама.  Мұндай 
бағдарлама  өзі  орындалатын,  таралатын,  басқа  бағдарламаларға 
енгізілетін 
қабілеттеріне 
ие. 
Компьютерлік 
вирустармен 
компьютерлік 
бағдарламаларды 
зақымдауы, 
берілгендердің 
жоғалуына əкеліп соғуы, тіпті компьютерді істен шығаруы мүмкін 
Компьютерлік  вирустар  ДК-дің  операциялық  жəне  файлдық 
жүйесіне,  тек  сыртқы  магниттік  тасымалдауыштар  (қатқыл  жəне 
иілгіш  дискілер,  компакт  -  дискілер)  жəне  компьютер  аралық 
коммуникация құралдары арқылы таралуы жəне енгізілуі мүмкін. 
Қолданушыға  өз  компьютерін  жəне  берілгендерді  вирустық 
шабуылдан  сақтау  керек.  Қазіргі  антивирустық  қорғау  құралдарына 
антивирустық бағдарламалар жатады. 
Бүгінгі  күні,  компьютерді  вирустардың  бар  жоғына  қарапайым 
тұрақты  тексерулерден,  компьютерді  зақымдану  мүмкіндігін  
тұрақты  қорғаудың  едəуір  күрделі  міндетіне  антиврустық  қорғау 
акценттерінің жылжуы жүріп жатыр. 
 
8.1. 
Вирустардың  түрлері  және  олардан  қорғану 
тәсілдері 
 
Сіздің  мəліметтеріңізге  қандай  қауіптер  барын  білу  үшін,  қандай 
зиянды  бағдарламалар  болатынын  жəне  олардың  қалай    жұмыс 
істейтінін  қарастырайық.  Зиянды  бағдарламаларды  үш  түрге  жүктеуге 
болады: құрттар, вирустар жəне трояндық бағдарламалар. 
Құрттар  –  бұл  -  желілік  ресурстар  арқылы  тарату  үшін 
қолданылатын   зиянды   бағдарламалар   класы.   Бұл   кластың   атауы 


147 
 
«құрттардың»  желіні,  электрондық  поштаны  жəне  басқа  да  ақпараттық 
каналдарды  қолданып  бір  компьютерден  екінші компьютерге  жорғалап 
өту  қабілетіне  байланысты  берілген.  Құрттардың  бұл  ерекшелігінің 
арқасында, құрттар тек ең жоғары жылдамдықпен таралады. 
«Құрттар»  компьютерге  еніп,  басқа  компьютерлердің  желілік 
адрестерін  біліп,  ол  адрестер  бойынша  өзінің  көшірмелерін  жібереді. 
Желілік адрестерден басқа, пошталық клиенттердің адрестік кітабының 
берілгендері  қолданылады.  Зиянды  бағдарламалар  класының  бұл 
өкілдері, кейде, жүйе дискісінде жұмыс файлдарын құрады, бірақ, жедел 
жадыны  қоспағанда  компьютер  ресурстарына  мүлдем  қатысы  болмауы 
да мүмкін. 
Вирустар 
– 
бұл 
басқа 
бағдарламаларды 
зақымдайтын  
бағдарламалар.  Оларға  зақымдалған  файлдарды  жүктеу  кезінде, 
басқаруды  өзіне  алу  үшін,  өзінің  кодын  қосады.  Вирустың  негізгі 
орындайтын  əрекеті  –  жұқтыру.  «Құрттарға»  қарағанда  вирустардың 
таралу жылдамдығы төмен. 
Троян  бағдарламалары  –  зақымданған  компьютерлерде  рұқсат 
етілмеген қолданушы іс - əрекеттерімен орындалады, яғни, дискілердегі 
ақпаратты  қандай  да  бір  шартқа  байланысты  жояды,  жүйенің  тұрып 
қалуына əкеліп соқтырады, құпия ақпаратты жəне т.б. ұрлайды. Зиянды 
бағдарламалардың  бұл  түрі  осы  терминнің  дəстүрлі  түсінігінде  вирус 
болып  саналмайды  (яғни,  басқа  бағдарламаларды  немесе  берілгендерді 
зақымдамайды); трояндық бағдарламалар компьютерге өз еркімен енуге 
қабілетсіз  жəне  зиян  келтірушілермен  пайдалы  бағдарламалық 
қамтамасыз  ету  түрінде  таратылады.  Бірақ,  олардың  келтіретін  зияны 
дəстүрлі вирустық шабуылдан келтіретін шығындардан бірнеше есе көп 
болуы мүмкін. 
Қызықты мәлімет 
1972  жылы  АҚШ-ның  ұлттық  қауіпсіздік  агенттігі  компьютерлер 
құрастырушыларын  компьютерге  зиян  келтіруі  мүмкін  «жасырын  ішкі 
толтыруы  бар»  бағдарламаның  пайда  болу  мүмкіндігі  туралы  ескертті. 
Соңынан олар «Трояндық аттар» деген атқа ие болды. 
Соңғы  кездері  компьютердегі  мəліметтерді  бүлдіретін  зиянды 
бағдарламалардың  ең  көп  таралған  түрі  «құрттар»  болды.  Одан  кейін 
таралуы  жағынан  вирустар  мен  троян  аттары  орналасады.  Кейбір 
зиянды  бағдарламалар  жоғарыда  аталған  кластардың  екі  немесе  үш 
сипаттарын өз бойына жинаған. 
Тіршілік  ету  ортасына  қарай  вирустар  желілік,  файлдық  жəне 
жүктеуші жəне файлдық - жүктеуші болып бөлінеді. 
Желілік вирустар əр түрлі компьютерлік желілер арқылы таралады. 
Файлдық  вирустар  негізінен  орындалатын  модульдерге,  яғни,  СОМ 
жəне  EXE.  кеңейткіштері  бар  файлдарға  енгізіледі.  Файлдық  вирустар 
файлдардың басқа  типтеріне де  ене алады,  əдетте,   мұндай  файлдарда 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау