151
Бағдарламаның кемшілігіне, басқа бағдарламалық қамтамасыз
етумен шиеленісінің болу мүмкіндігін жатқызуға болады. Сүзгі –
бағдарламаның мысалы ретінде Vsafe бағдарламасын атауға болады.
Вакциналар
немесе
иммунизаторлар
–
бұл
файлдардың
зақымдануының алдын алатын резидентті бағдарламалар. Егер, бұл
вирустарды «емдейтін» доктор – бағдарламалары жоқ болғанда,
вакциналарды қолданады. Тек танымал вирустардан ғана вакцинациялау
мүмкін. Вакцина бағдарламаны немесе дискіні олардың жұмысында
сезілмейтіндей етіп түрлендіреді, ал вирус оларды зақымданған түрінде
қабылдайды, сондықтан оларға енбейді. Қазіргі кезде вакцина –
бағдарламалары шектеулі қолданыста.
Ресейлік антивирустық бағдарламалар. Ресейде көп жылдар бойы
антивирустық мəселемен кəсіби деңгейде екі фирма айналысады:
Aidstest, Doctor WEB, ADinf, Sheriff кешені бағдарламаларының
құрастырушысы «ДиалогНаука» (www.dialognauka.ru) (8.1 - сурет) жəне
Kami жəне «Касперский Антивирусы» бағдарламасы нұсқаларының
құрастырушысы «Лаборатория Касперского» (8.2 - сурет). Барлық жаңа
вирустар ең алдымен соларға түседі. Бұл фирмалар халықаралық
мəртебеге ие.
8.1. – сурет «ДиалогНаука» фирмасының Web-беті
152
8.2.-сурет «Лаборатория Касперского» Web-беті
8.3.-сурет Doctor WEB антивирустық бағдарламасының
интерфейсі
153
8.4. – сурет. «Антивирус Касперского» бағдарламасының терезесі
«ДиалогНаука» фирмасының өнімдері көптеген компьютер
иелеріне жақсы таныс. Графикалық интерфейсі бар Doctor WEB
антивирустық бағдарламасының бірінші нұсқасы 1998 жылы сəуірде
пайда болды. Одан соң, пакет үнемі дамытылып, толықтырылды.
Doctor WEB (8.3 - сурет) бағдарламасының бүгінгі нұсқасының
ыңғайлы, интуитивті, түсінікті жəне көрнекі графикалық интерфейсі
бар. Вирустарды іздеу мүмкіндігіне қатысты айтар болсақ, олардың
жоғары бағалануы Virus Bulletin беделді халықаралық журналының
сынақтарындағы жеңістермен дəлелденеді.
«Лаборатория
Касперского»
антивирустық
қауіпсіздік
жүйелерінің ресейлік ірі құрастырушысы болып табылады, себебі,
ресейлік қолданушылардың жартысына жуығы осы фирманың
антивирустық бағдарламасын сапасы мен сенімділігіне қарай
таңдады. «Лаборатории Касперского» негізгі өнімін құрастыруды –
AVP сериясының «Антивирус Касперского» антивирустық кешенін
1989 жылы бастады.
«Лаборатория Касперского» - антивирустық технологиясында
танылған көшбасшы (8.4 - сурет). Қазіргі антивирустардың көптеген
функционалдық ерекешеліктері осы фирмада құрастырылды.
Антивирустық бағдарламалардың жоғары сапасы ресей жəне
шетелдік
компьютерлік
баспаларының,
тəуелсіз
тестілеу
зертханаларының көптеген марапаттауларымен жəне
154
сертификаттарымен дəлелденеді.
Емдеудің ең жақсы тəсілі – бұл емдеудің алдын алу. Сондықтан,
компьютерге антивирустық монитор (күзетші) – резиденттік
антивирустық бағдарламасын орналастырған дұрыс. Ол тұрақты
түрде, жедел жадыда орналасады жəне файлдар мен секторларға
бағытталған операцияларды бақылайды. Обьектіге рұқсат беруден
бұрын (бағдарламаға, файлға), күзетші оны вирустың бар жоғына
тексереді. Осылайша, ол жүйені айқын зақымдау мерзіміне дейін
вирусты табуға мүмкіндік береді.
McAfee VirusShield (McAfee VirusScan антивирустық кешен)
жəне AVP Monitor (AntiViral Toolkit Pro. Касперского) мұндай
бағдарламалардың
мысалы
болып
табылады.
Монитор-
бағдарламаларының бəрі бірдей «емдеу» блогымен қамтамасыз
етілмеген, сондықтан, вирустан залалсыздандыру үшін, зақымданған
файлды жоюға немесе сəйкесінше «емдеу» блогын (антивирустық
бағдарламаны) орнатуға тура келеді.
Танымал антивирустық бағдарламалары вирустардан қорғау
режимін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай
бағдарламаларды құрастырушы фирмалар вирустарды табу үшін
қолданылатын мəліметтер қорын үнемі жаңартып отырады жəне оны
тіркелген
қолданушылар
үшін,
Web
-
түйінінде
ашық
қолжетімділікпен орналастырады. Егер сіз тіркелген қолданушы
болсаңыз, онда, ай сайын жаңа «прививка» жасау үшін түйінді ашып
қарап отырыңыз.
Компьютердің вируспен зақымдану белгілері. Компьютердің
зақымдануын куəландыратын бірнеше белгілер бар:
• экранға күтпеген хабарламалар мен бейнелердің шығуы;
• күтпеген дыбыстық сигналдарды беруі;
• CD-ROM-құрылғысы қақпағының күтпеген жерден ашылып -
жабылуы;
• қандай
да
бір
бағдарламаның
компьютерде
сіздің
қатысуыңызсыз ерікті түрде жүктелуі;
• сіз оның мұндай əрекетіне бастамашы болмасаңыз да, экранға
сіздің компьютеріңіздегі қандай да бір бағдарламаның Интернетке
шығу əрекеті туралы ескертудің шығуы (сіздің компьютеріңізде
тиісті антивирустық бағдарлама орнатылған жағдайда);
Егер, сіз осы белгілердің бірін байқасаңыз, онда сіздің
компьютеріңіз вируспен зақымданғандығын үлкен сенімділікпен
жобалай аласыз.
Бұдан басқа, пошта арқылы вируспен зақымданудың кейбір
сипатты белгілері бар: мысалы, достарыңыз немесе таныстарыңыз сіз
жібермеген хабарламалар туралы сізге айтады немесе сіздің пошта
жəшігіңізде жіберілген мекен жайы немесе тақырыбы көрсетілмеген
көптеген хабарламалар бар.
Алайда, мұндай белгілер үнемі вирустардың болуымен
Достарыңызбен бөлісу: |