144
тазалау керек. Пернетақта мен тышқанды тазалау үшін,
сатылымда бар
құралдар мен тампондарды қолданыңыз.
10. Компьютерді тоқтан ажырату процедурасын сақтаңыз. Windows
жүйелерінде елемеуге болмайтын, мəзірде жұмысты аяқтау опциялары
бар. Жұмыс кезінде компьютерді қуат көзінен ажырату əр түрлі
күтпеген келеңсіздіктерге əкеліп соқтыруы мүмкін. Компьютерді
желіден ажыратпас бұрын, жүйеге кэш-жадыны босатуға, файлдарды
жабуға жəне конфигурация туралы ақпаратты сақтауға мүмкіндік
беріңіз.
Енді0
компьютерде
жұмыс
барысында,
келеңсіздіктерді
болдырмауға арналған шараларды білген жағдайда, сізге ештеңе кедергі
бола алмайды.
Компьютердің винчестерімен жұмыс барысында
кезедсетін сұрақтар
Қолданушылар тарапынан неғұрлым көп қойылатын сұрақтарға
мамандардың жауаптарын келтіреміз.
Сұрақ 1. Үй компьютерінде қолдану үшін қандай винчестер қажет?
Жауап. Қарапайым қолданушыға сиымдылығы 120 Гбайт болатын
винчестер əбден жеткілікті. Ол бос орын болмаған жағдайда, ешбір
ыңғайсыздық тудырмай - ақ, барлық соңғы жетістіктерді қолдануға
мүмкіндік береді. Бірақ, егер, сіз өзіңіздің дискіңізді көптеген MP3
форматындағы музыкалық файлдарын немесе видеофайлдарды сақтау
қоймасы ретінде қолданғыңыз келсе, он 120 Гбайт өте тез
толтырылады. Бұл жағдайды көлемі 160 немесе 250 Гбайт болатын
қатқыл дискілерге назар аударған жөн. Егер сіз мульмедиа
компоненттерінің жинаушысы болсаңыз, мұндай жинақтауыштар
соғұрлым пайдалы болады.
Сұрақ 2. Мен сиымдылығы 160 Гбайт жаңа қатты диск сатып алдым.
Оны қалайша екі – үш логикалық дискіге бөлуге болады əлде мүлде
бөлмеу керек па?
Жауап. Логикалық дискінің саны сіз қалай жұмыс істеп үйрендіңіз,
соған байланысты. Егер, бұрын сізде қатқыл диск үш логикалық дискіге
бөлінген жағдайда жəне ол сізге ыңғайлы болса, онда дəстүрді
өзгертудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, біріншісінде жүйелік
файлдарды, екіншісінде, мысалы, жұмысқа арналған құжаттарды,
үшіншісінде мультимедиа компоненттерді, ойындарды жəне басқа да
көңіл көтеретін қосымшаларды сақтау үшін, дискіні бөліктерге бөлу
ұсынылады.
Үлкен қатқыл дискінің барлық кеңістігін бір ғана бөлік ретінде
қолданып, бөліктерге бөлмеуге де болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл
тікелей өзіңізге байланысты, винчестерді бөлу жүйесінің немесе
керісінше, бір логикалық бөлікпен жұмыс
істеу жалпы өнімділікке