Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет48/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116

139 
 
стеганография. Барлық тəсілдердің кешенді қолданғанда ғана үлкен 
тиімділікке  жетуге  болады,  алайда,  бұл  жағдайда  да  криптография 
жетекші рөл атқарады. 
Желіге  қосылған  компьютерлерді  қорғау.  Желіге  қосылған 
компьютерлерді  қорғаудың  ерекше  бағдарламалар  класы  бар. 
Мұндай  бағдарламалар  брандмауэрлер  (немісше  brandmauer  –  өртке 
қарсы  қабырға)  деп  аталады.  Бұл  бағдарламалардың  басқа  да  аз 
танымал  ағылшынша  атауы  firewall  бар.  Firewall  «автомобиль 
қозғалтқышы  жанған  кезде  жолаушылар  салонын  оттан  қорғайтын 
автомобильдегі арнайы қоршауы» дегенді білдіреді. 
Internet  Connection  Firewall,  Kaspersky  Anti-Hacker,  Outpost  Fire- 
wall  Pro,  Internet  Connection  Firewall  ең  танымал  жүйелер.  Internet 
Connection  Firewall  брандмауэры  Windows  XP  –дің  стандартты 
қойылымына  кіреді.  Ол  қолданушыларды  хакерлік  шабуылдардан 
біршама  сəтті  қорғайды,  бірақ,  компьютерлерге  орнатылған 
бағдарламаның  іс  –  əрекетін  бақыламайды,  «троян    аттарына», 
тыңшы  модульдеріне  жəне  вирустарға  еркіндік  береді.  Сонымен 
қатар,  ол  қолданушыға  шабуыл  ұйымдастырылған  адрес  туралы 
мəліметтер  сияқты  қосымша  ақпарат  ұсынбайды.  Сондықтан, 
Kaspersky Anti-Hacker типті брандмауэр қолданған дұрыс. 
Ақпаратты  толық  мəнді  қорғау  үшін,  қолданушыдан  тек 
компьютердегі «қорғаныс» пакеті ғана емес, сонымен  қатар, желілік 
қосымшалармен,  қызметтермен  жəне  сервистермен  қарым  – 
қатынаста  сақтықты  ұмытпау  талап  етіледі.  Бұл  үшін  жақсы 
антивирустық тон ережелерін сақтау керек (8 тарауды қараңыз). 
Берілгендерді қорғаудың он ережесі. Компьютерлік жүйелерде, 
бірнеше ай ішінде алынған нəтижелерді жоғалтуға əкеп соқтыратын, 
əр түрлі ақаулықтар болуы мүмкін. Оларды болдырмаудың ең жақсы 
əдісі  –  салдарына  акелетін  себептерін  уақытында  жою.  Сізге, 
профилактикалық  шараларды  жасауға  жəне  көптеген  келеңсіз 
жағдайлардың алдын алуға он қарапайым ережені ұсынамыз. 
Көптеген ережелер қатқыл дискіні тиісті жағдайда қалай сақтауға 
арналған. Берілгендердің сақтау құралдарына назар аудару кездейсоқ 
емес  –  компьютерде  орындалған  жұмыстың  нəтижелері  қатқыл 
дискіде  сақталады,  сондықтан  да,  жүйе  компонентінің  ең  қымбат 
құрылғысы  болмаса  да,  бірақ  өте  маңызды  болып табылады.  Алдын 
алу  шаралардың  негізгі  мақсаты  –  берілгендердің  жоғалуын 
мүмкіндігінше  болдырмау.  Жүйенің  аппараттық  компоненттерін 
жəне  бағдарламалық  қосымшаларын  ауыстыруға  болады,  ал 
берілгендер мəңгіге жоғалуы мүмкін. 
1.  Өзіңіздің  компьютерлік  жүйе  құрамының  тізімін  жасаңыз. 
Егер,  кейін,  сізге  техникаллық  көмекке  жүгінуге  тура  келген 
жағдайда,  жиналған  ақпарат  өте  қажетті  болуы  мүмкін.  Егер,  ДК 
танымал  өндірушіден  сатып  алынған  болса,  түгендеуді  ДК-дің  типі 
мен    сериялық   нөмірінен    бастаңыз.   Бұл   берілгендер    бойынша 


140 
 
өндіруші жүйе компоненттерінің тізімін орната алады. Егер, қолдану 
үрдісінде  ДК  жаңартылған  болса,  онда  қосымша  құрылғылардың  
типі  мен  нөмірін  жазып  алыңыз.  Бұл  ақпаратты,  қоса  жіберілетін 
құжаттан таба аласыз. 
Арнайы бағдарламалық утилиттер үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар 
жүйе конфигурациясын көрсетіп қана коймай, көптеген шиеленіскен 
жағдайларды автоматты түрде жояды. 
2.  Апаттық  жүктеуге  арналған  дискетаны  дайындаңыз.  Егер 
ақаулықтар  нəтижесінде  қатқыл  дискіге  қолжету  мүмкін  болмаса, 
онда жүйені басқа əдіспен жүктеуге болады. Тек  осы жағдайда ғана 
жүктеуші жүйелік дискета қажет болады. 
Таза  диск  дайын  болған  соң,  Windows  ХР  –де  төмендегі 
əрекеттерді   орындаңыз:   дискжетекке   дискетаны   орнатыңыз   да, 
«Жолсілтеуіш»  бағдарламасын  ашыңыз  жəне  Файл/Диск  3,5 
(А:)/Форматттау  командасын  орындаңыз.  Ашылған  терезеде  MS- 
DOS  жүктеуіш  дискін  құру  командасын  белгілеңіз  жəне  Бастау 
(Начать)  батырмасын  басыңыз  (7.3  -  сурет).  Процедура  аяқталған 
соң, дисжетектен дискетаны алыңыз да, «апатты жүктеуші  дискета» 
жазуы бар жапсырманы желімдеп, қауіпсіз жерге қойыңыз. 
Егер,  жүйе  қатқыл  дискіден  жүктелінбей  жатса,  оны  басқа 
тəсілмен  жүктей  аласыз  жəне  пайда  болған  мəселелерді  шеше 
аласыз. 
3.  Қатқыл  дискінің  жағдайын  бақылап  отырыңыз.  Қатқыл 
дискіде  үнемі  қосымшалар  жəне  одан  да  маңыздысы,  олардың 
көмегімен  құрылатын  берілгендердің  файлдары    сақталғандықтан, 
бұл  құрылғыны  тиімді  қолдану  үшін,  оған  ерекше  назар  аудару 
қажет.  Жоғалған  файлдарды    жəне 
жаман  секторларды  табу  мақсатында, 
дискіні  сканерлеу  көптеген  дискілік 
мəселелерін  алдын  алады,  ал  арнайы 
утилита  көмегімен  мерзім  өткен  сайын 
диск 
дефрагментациясын 
жасау, 
жүйенің өнімділігін арттырады. 
Дефрагментация 
бағдарламасы 
компьютердің 
қатқыл 
дискісінде 
фрагменттелген 
файлдар 
мен 
бумаларды  біріктіреді,  содан  кейін, 
томның  əр  файлы  немесе  бумасы 
бірыңғай үзіліссіз кеңістікті алады. 
Нəтижесінде 
файлдар 
мен 
бумаларға  қолжеткізу  тиімдірек  жүзеге 
асырылады.  Файлдар  мен  бумалардың 
жеке  бөліктерін  біріктіре  отырып, 
дефрагментация 
бағдарламасы 
7.3 - сурет Жүктеуіш дискін 
құру 
дискідегі  бос  орынды  толық  бір бүтін 
 
 


141 
 
орынға біріктіреді, бұл жаңа файлдардың фрагментациялануының 
мүмкін еместігін көрсетеді. 
Дискінің  дефрагментациялау  бағдарламасын  жүктеу  үшін, 
Бастау 
батырмасын 
басыңыз 
да, 
Барлық 
бағдарламалар/Стандартты/Қызметтік/Диск  дефрагментациясы 
командасын таңдаңыз. 
Қатқыл  дискіні  дефрагментациялауды  1,5  айда  бір  реттен  кем 
жүргізбеу  керек.  Егер,  сізге  қысқа  уақыт  ішінде,  көптеген  файлдар 
құру жəне өшіру қажет болса, бұл процедураны пайдалану дұрыс. 
Уақыт  өткен  сайын  қатқыл  дискінің  секторлар  деп  аталатын 
кейбір бөліктері жарамсыз болып қалады. 
Дискінің  бетін  сканерлеу  утилитасы  қалпына  келтіруге 
жарамайтын секторды табады да, операциялық жүйе оларды сақтауға 
үшін  қолнбауы  үшін,  оларды  кестеде  белгілейді.  Бұдан  басқа,  бір 
немесе  бірнеше  файлдардың  кейбір  бөліктерін  операциялық  жүйе 
жоғалтуына  байланысты,  утилита  кейбір  түзетілетін  қателерді  іздеп 
табады.  Windows  ХР  –  да  файлдық  жүйенің  қателерін  жəне  қатқыл 
дискідегі  бұзылған  секторларды  табу  үшін,  дискіні  тексеретін 
қызметтік бағдарламаны қолдануға болады. 
«Жолсілтеуіш»  бағдарламасын  ашыңыз,  тексеруді  қажет  ететін 
жергілікті  дискі  белгісін  таңдаңыз  да,  бұл  дискінің  жанама  мəзірін 
ашып, Қасиеттер командасын таңдаңыз. Сервис терезесінде Дискіні 
тексеру  тобында  дискіні  тексеру  операциясын  Тексеруді  орындау 
батырмасын басу арқылы орнатыңыз. Дискіні тексеру параметрлері 
тобында  Бұзылған  секторларды  тексеру  және  қалпына  келтіру 
жалаушасын орнатыңыз (7.4 – сурет). 
Қатқыл  дискіні  тексеруді  жүктеудің  алдында,  онда  орнатылған 
файлдардың  барлығын  жабу  керек.  Егер,  том  қолданылып  жатқан 
болса,  онда  экранған  жүйені  қайта  жүктелгеннен  кейін,  дискіні 
тексеруді  орындауды  ұсынатын  хабарлама  шығады.  Оң  жауабы 
кезінде,  дискіні  тексеру  компьютер  қайта  жүктелгеннен  кейін 
қосылады.  Тексеру  кезінде,  диск  басқа  міндеттерді  орындау  үшін, 
қолжетімді болмайды. 
4.  Қатқыл  дискіде  тазалық  сақтаңыз.  Дискідегі  файлдарды 
белгілі бір тəртіппен сақтау үшін, көптеген себептер бар. Біріншіден, 
бұл  жағдайда  дискіні  тазалай  жеңілдейді  –  ескі  керексіз  файлдарды 
жою.  Екіншіден,  файлдарды  атау  берілген,  бөлек  бумаларда  сақтау, 
маңызды  бағдарламалар  немесе  берілгендерді  байқамай  жойып 
жіберу  мүмкіндігін  азайтады.  Үшіншіден,  қатқыл  дискіні  жақсы 
ұйымдастырған  кезде,  резервтік  көшіру  үрдісін  оңай  жəне  тезірек 
орындауға болады. 
Әр  бағдарламаға  өзіне  жеке  бума  бастаңыз  жəне  онда  осы 
бағдарламаға  қатысты  берілгендерді  ғана  сақтаңыз.  Файлдар  мен 
бумаларға,  оның  тағайындалуына  қарай  мағыналы  атаулар  беріңіз. 
Ең кемі 2 айда бір рет керексіз файлдарды жойып отыру керек.  Өте 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау