169
комбинациясы. Хаттамалардың стандарттық моделі ретінде бірнеше
стектер жасалған, олардың ең маңыздылары мынадай:
• ISO/OSI хаттамалар жиынтығы;
• IBM System Network Architecture (SNA);
• Digital DECnet;
• Novell NetWare;
• Apple AppleTalk;
• Интернет хаттамаларының жиынтығы(TCP/IP).
Бұл стектердің хаттамалары өз деңгейіне тəн жұмысты
орындайды.
Алайда,
желіге
жүктелген
коммуникациялық
тапсырмалар хаттамаларды үш типке бөлінуге əкеліп соқтырады:
• қолданбалы;
• транспорттық;
• желілік.
OSI моделінің жоғары деңгейінде қолданбалы хаттамалар жұмыс
істейді. Олар қосымшалардың өзара əрекеттесуін жəне олардың
арасындағы берілгендермен алмасуды қамтамасыз етеді. Ең танымал
қолданбалы хаттамаларға жататындар:
• FTAM (File Transfer Access and Management) — файлдарға SI
қолжеткізу хаттамасы;
• SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) — электрондық поштамен
хат алмасу үшін Интернет хаттамасы;
• FTP (File Transfer Protocol) — файлдарды жіберу үшін
Интернет хаттамасы;
• SNMP (Simple Network Management Protocol) — желілердің
мониторингі жəне желілік компоненттер үшін Интернет хаттамасы;
• Telnet — қашықтықтағы хосттарды тіркеу жəне оларда
берілгендерді өңдеу үшін Интернет хаттамасы;
• NCP (Novell NetWare Core Protocol) жəне клиенттік қабықшалар
немесе Novell фирмасының редиректорлары;
• Apple Talk и Apple Share — Apple фирмасының желілік
хаттамалар жиынтығы;
• AFP (AppleTalk Filling Protocol) — Apple фирмасының
файлдарға қашықтықтан қолжеткізу хаттамасы;
• DAP (Data Access Protocol) — DECnet желілерінің файлдарына
қолжеткізу хаттамасы;
Транспортық хаттамалар – компьютерлер арасындағы байланыс
сеанстарын қолдайды жəне олардың арасында берілгендердің
сенімді алмасуына кепілдік береді. Танымал транспорттық
хаттамаларға жататындар:
• TCP (Transmission Control Protocol) — рет - ретімен бөлінген
фрагменттердің, берілгендерді кепілді жеткізу үшін TCP/IP-
хаттамалары;
• SPX – берілгендер үшін IPX/SPX (Internetwork Packet
Exchange/Sequential Packet Exchange) Novell фирмасының рет -
170
ретімен бөлінген фрагменттердің хаттамалар жиынтығының бөлігі.
• ATP (AppleTalk Transaction Protocol), NBP (Name Binding
Protocol) - Apple фирмасының байланыс сеанстарының жəне
берілгендерді транспорттау хаттамалары;
Желілік хаттамалар байланыс қызметтерін қамтамасыз етеді. Бұл
хаттамалар берілгендердің бірнеше типтерін басқарады: адрестеу,
маршрутизациялау, қателерді тексеру жəне қайта жіберуге сұраныс
жасау. Бұдан басқа ,желілік хаттамалар нақты желілік орталарда
байланысты жүзеге асыру ережелерін айқындайды, мысалы Ethernet
немесе Token Ring.
Желілік хаттамалардың ең танымал түрлеріне жататындар:
• IP (Internet Protocol) — TCP/IP- пакеттерді жіберуге арналған
хаттама;
• IPX (Internetwork Packet Exchange) — NetWare фирмасының
пакеттерді жіберуге жəне маршрутизациялауға арналған хаттамасы;
• DDP (Datagram Delivery Protocol) — AppleTalk - берілгендерді
транспорттау хаттамасы.
9.2.
Интернет ауқымды желісі
Бүгін Интернет ақпаратты жіберудің заманауи жəне ең
революциялық құралдарының бірі болып табылады. Адамдар неге
Интернетке «кіреді»? Олар ақпарат іздейді жəне бір - бірімен қарым -
қатынас жасайды.
Интернет бір ауқымды желіге біріккен жəне өзара ақпарат
алмасатын көптеген компьютерлік желілерден құралған.
Интернет (ағыл. тілінде network — желі) ақпарат алмасу
мақсатын бірнеше компьютерлердің бірігуін білдіреді.
Қызықты мәлімет
1957 жылы АҚШ-да əскери салада болашағы зор зерттеулермен
айналысатын ARPA (Advanced Research Projects Agency) зерттеу
мекемесі құрылды. Осы зерттеу нəтижелерінің бірі болып қазіргі
Интернеттің «арғы атасы» APRANet желісі құрылды.
Қазіргі кезде Интернет желісінің негізін жоғары жылдамдықты
магистральды желілер құрайды. Оларға NAP (Network Access Point)
желілік қолжеткізу нүктелері арқылы тəуелсіз желілер қосылады.
Әдетте, тəуелсіз желілер түрінде ірі ұлттық желілер танылады.
Мұндай желілердің мысалына Орталық еуропа елдерін қамтитын
ресейлік RUNet немесе EUNet желісі жатады. Тəуелсіз желілерді
Интернет желісіне қолжеткізу қызметін ұсынатын арнайы
компаниялар – провайдерлер құра алады. Мысалы, Ресейде мұндай
провайдер Relcom компаниясы.
Интернет технологияларының жоғары жылдамдықпен дамуының
171
арқасында, желінің ақпараттық ресурстары тығыз байланыса түсті.
Егер, бұрын компьютерлік желілер негізінен электрондық пошта
арқылы хат алмасуға қызмет етсе, бүгін біз Интернетті ресурстардың
бірыңғай жүйесі ретінде қарастырамыз. Бұл WWW, əңгімелесу
бөлмелері – чаттар, телеконференциялар, желілік жаңалықтар,
форумдар, FTP файлдарды жіберу қызметі, элеткронды пошта, IP-
телефония жəне электрондық коммерция.
Қызықты мәлімет
Статистика бойынша ресейліктердің 3% - ға жуығы нағыз
интернет қолданушылар болып табылады жəне күн сайын
Дүниежүзілік өрмекте саяхаттауға мүмкіндіктері бар, ал 92%
ресейліктер бірде – бір рет Интернетке шықпаған. Астанада бұл
көрсеткіш біршама басқаша – Мəскеу тұрғындарының 24% - ы үшін
Интернет маңызды əлеуметтік ақпараттық фактор болып табылады.
Интернет – гипермəтіндік сілтемелермен байланысқан браузер
терезесіндегі сайттың тірі беттері. Браузер (ағыл.тілінен Browser —
тауарларды қарап, кітаптарды парақтап жүрген дүкенге келуші) –
Интернеттің клиент сервисінің WWW бағдарламасы, Web-беттерді
қарап шығу бағдарламасы.
Сайт – бұл жалпы тақырыппен біріккен жəне жалпы мақсатқа
қызмет ететін құжаттар жиынтығы. Интернеттегі сайттың адресін
домендік ат деп атайды. Ол символдардың реттілігінен –
нүктелермен
бөлінген
домендерден
құралған
(мысалы:
www.netiki.ru).
Домендер иерархиялық принциппен бөлінеді: екінші деңгейлі
доменді тек бірінші деңгейлі доменнің иесінен алуға болады, яғни,
netiki доменін тек ru доменінің иесінен алуға болады. Дəл солай,
үшінші деңгейлі доменді екінші деңгейлі доменнің иесінен алуға
болады. Бірініші деңгейлі барлық домендердің өзінің иелері бар. ru
доменіне РОСНИИРОС (қоғамдық желілер дамуының Ресей ғылыми
зерттеу институты - ҚЖДРҒЗИ) ұйымы ие.
9.2.1.
Негізгі ұғымдар
IP. Желідегі компьютердің нөмірін IP-адрес (ағылш. тілінен
Index Pointer —көрсету нүктесі) деп атайды. Ол октет (лат. тілінен
octa — сегіз) деп аталатын төрт сегіз битті бөліктен тұрады.
Жергілікті компьютерде кез келген файлға қолжеткізуді жүзеге
асыру үшін, бағдарлама дискінің атын жəне оның толық атын
«білуге» тиісті. Ол файлдың жеке өз атынан жəне жолы деп талатын
толық атынан тұрады. Файлдың жолы – осы файлға алып келетін
каталогтардың жəне каталог астыларының барлық бұтақтары. Тим
Бернерс - Ли ұсынған технология бойынша файлға қолжеткізу үшін,
Достарыңызбен бөлісу: |