130
көп) қолдаудың қажеттілігінің туындауынан.
FAT 32 файлдық
жүйесінің максималды өлшемі 2 Тбайт – ты құрайды.
Windows NT/2000/XP үшін, кластер өлшемі дискінің өлшеміне
тəуелсіз болатын NTFS файлдық жүйесі негізгі болып табылады. NTFS
файлдық жүйесі Windows NT/2000/XP – дің негізгі файлдық жүйесі
болып табылады. FAT сияқты, NTFS кластерлерді файлдарды сақтау
үшін қолданады, бірақ, кластердің өлшемі бөлімнің өлшеміне
байланысты болмайды. NTFS – файлдар атын сақтау үшін, Unicode
қолданылатын 64 – разрядты файлдық жүйе. Ол ақаулықтардан
қорғалған, сонымен қатар, сығу мен шифрлауды қолдайды.
LinuxExt2 файлдық жүйесі Linux операциялық жүйесінде
қолданылады.
Қатқыл дискіге бір уақытта бірнеше операциялық жүйелер
орнатылуы мүмкін. Бұл үшін, қатқыл диск бөлімдерге бөліну керек,
яғни, дискідегі тəуелсіз аймақтар, олардың əрбіреуінде өзіндік файлдық
жүйесі құрылуы мүмкін.
Қатқыл дискіге операциялық жүйені орнату алдында, іс əрекеттің
реті төмендегідей болу керек: дискіні бөлімдерге бөлу жəне əр бөлімді
өз операциялық жүйесі бойынша логикалық форматтау.
Ең бірінші сектордағы қатқыл дискіні бөлімдерге бөлу туралы
ақпаратты сақтау үшін, арнайы орын – бөлімдер кестесі бөлінген. Ол
төрт жазбадан жəне бөлім туралы келесі хабарламадан тұрады:
мəртебесі, типі, бастауыш сектордың нөмірі, секторлардағы өлшем.
Дискіні бөлімдерге бөлу үшін, FDISK утилитасын, ал логикалық
форматтау үшін, FORMAT утилитасын қолдануға болады. Олар
Windows операциялық жүйесінің барлық нұсқаларының құрамына
кіреді. Дегенмен, арнайы дискілік утилиталарды қолдану əлдеқайда
ыңғайлы, мысалы, Acronis OS Selector жүктеу менеджері. Acronis OS
Selector құрамына қатқыл дискілерді бөлімдерге бөлуге жəне оларды
форматтауға мүмкіндік беретін дискілердің əкімшілігі (администратор)
кіреді.
Файлдық жүйенің каталогы мен кестесі кез келген дискілік
тасымалдауышта, форматтау үрдісінде автоматты түрде құрылады.
Каталог – бұл дискіде орналасу орнын көрсететін файлдардың
анықтамасы. Каталогтарды ұйымдастырудың иерархиялық құрылымы
ең кең таралған. Автоматты құрылған каталогты түбірлік деп айту
келісілген. Онда файлдардың толық аты, сонымен қатар, олардың
сипаттамалары сақталған: құрудың күні мен уақыты, көлемі (байттарда)
жəне арнайы атрибуттары.
Операциялық жүйе каталогта файлды, оның толық атымен іздеуді
жүзеге асырады. Бұл бір каталогта немесе каталог астында бірдей толық
атымен екі түрлі файл орналаса алмайтынын білдіреді. Алайда, əр түрлі
каталогтарда немесе каталог астыларында сəйкесетін толық аттары бар
файлдар немесе еншілес каталог астылары болуы мүмкін. Бірақ, бұл
жағдайда керекті файлды біржақты көрсетуге файлдың аты жеткіліксіз.
131
Файл атынан басқа каталог астыларының барлық тізбесін көрсету керек,
солар арқылы түбірлі каталогтан каталог астына дейін өту қажет.
Каталог астыларының бұл тізбегі файл жолы немесе файлға бағыт деп
аталады.
Көптеген операциялық жүйелер жүктеу кезінде қатқыл дискілердің
барлық бөлімдері үшін əріптерді (С, D жəне т.б.) тағайындайды. Бұл
əріптер файлдардың орналасуын көрсету үшін қолданылады.
Әр диск логикалық атқа ие: А: аты жəне В: аты иілігіш дискілер
үшін; С:, D:, E: жəне т.б. – қатқыл, лазерлік дискілер жəне флеш –
брелоктар үшін. Мысалы, дискетадағы файлға файлдық жолы келесідей
болады: A:\proba.doc.
Windows – та жинақтауыш сиымдылығын бағалаудың қарапайым
тəсілі бар. «Жолсілтеуіш» бағдарламасында керекті дискіні белгілеу
жəне Файл/Қасиеттері командасын таңдау керек. Ашылған терезеден
сіз жинақтаушының жалпы сиымдылығы қандай жəне қанша бос орын
жəне қолданылған орын бар екенін көресіз. Барлық параметрлер
байттармен жəне мегабайттармен көрсетілген (7.2 - сурет)..
Иілгіш дискілердің логикалық құрылымы. Иілгіш дискілердің
логикалық құрылымының қатқыл дискілердің логикалық құрылымынан
айырмашылығы бар. Магнитті дискінің логикалық құрылымы
сиымдылығы 512 байттан тұратын секторлардың жиынтығы болып
табылады, олардың əр қайсысы жеке реттік нөмірге ие. Секторлар
бірінші сектордың нөлдік жолынан соңғы сектордың соңғы жолына
дейін нөмірленеді.
7.2. – сурет. D: логикалық дискінің
сиымдылығы
132
Иілгіш дискіде сектор минималды адрестелген элемент болады.
Дискіге файлдарды жазу кезінде, қашанда секторлардың бүтін саны
орын алады. Сəйкесінше, файлдың минималды өлшемі бір секторды
құрайды, ал файлдың максималды өлшемі дискідегі секторлердің
жалпы санына сəйкеседі.
Файл əр түрлі жолдарда орналасқан бос секторларға жазылады.
Иілгіш дискідегі каталогты жəне FAT кестесін орналастыру үшін,
2-ден 33-ке дейінгі секторлар беріледі. Бірінші сектор операциялық
жүйенің жүктеуші жазбасын орналастыруға берілген, ал файлдардың
өздері 34-ші сектордан бастап жазылады. Дискінің логикалық
құрылымы форматтау үрдісінде қалыптасады.
7.5.
Ақпаратты рұқсат етілмеген қолжетімділіктен
қорғау
1992 жылы жылы ақпараттық қауіпсіздік қауіпсіздіктің құрамы
ретінде нормативті түрде бекітілгеннен бері (РФ-ның 05.03.92 ж.
«Қауіпсіздік туралы» № 2446-1 заңы), қоғамның ақпараттық саласын
дамытуға жағдай қалыптастыру жəне əр түрлі сипаттағы қауіп
жағдайларында оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
мемлекет тарапынан, біршама белсенді істер атқарылуда. Сол
уақыттан бергі, сөзсіз, маңызды оқиғалардың қатарына біріншіден,
ауқымды ақпараттық қоғам Окинава хартиясына РФ-ның
Перзидентінің қол қоюы; екіншіден, ақпараттық қауіпсізіздік
Доктринасын РФ президентінің бекітуі.
Ауқымды ақпараттық қоғамның Окинава хартиясына қол қоюы
Ресей үкіметі мен басқа да дамыған елдердің XXI ғасырда қоғамның
қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, ақпараттық –
коммуникациялық технологиялар туралы түсінігінде, ортақ келісім
барын көрсетті.
Сонымен қатар, ол Ресейдің əлемнің басқа елдермен бірігіп,
постиндустриалды қоғам қалыптастыруға қатысу жəне əлемдік
ақпараттық кеңістікті жаһандандыру үшін, қалыпты жағдай
қалыптастыру, «сандық» теңсіздік проблемаларын жоюда өз үлесін
қосу, адамдар арасындағы ақпараттық алмасу еркіндігін жəне бұл
үрдістің қауіпсіздігін қамтамсыз етуге саяси бет бұрды. 22.07.2000
жылғы ақпараттық қоғамның жаһандануы туралы Окинава
хартиясына сегіз дамыған елдің басшылары, соның ішінде, РФ-ның
Президенті қол койды.
Ақпаратты қорғаудың мақсаттары 27.07.2006 жылғы
«Ақпарат, ақпараттық технологиялар жəне ақпаратты қорғау
туралы» № 149-ФЗ Федералдық заңы ақпаратты қорғау мақсаттарын
төмендегідей анықтайды:
• ақпараттың қолды болуы (утечка), ұрлануы, жоғалуы,
бұрмалануы, жалған ақпарат жасауын алдын алу;
• жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп –
Достарыңызбен бөлісу: |