128
DVD-дискілерде қазір тек фильмдерді ғана емес, сонымен қатар,
музыканы да (DVD-Audio деп аталатын) жəне бағдарламалар жинағын
да табуға болады.
Магнитті
лентадағы
жинақтауыштар
(стриммерлер).
Ақпараттың үлкен көлемін резервтік көшіру үшін стример (tape
streamer) қолданылады. Тасымалдауыш ретінде магниттік лентасының
сиымдылығы 8 ... 12 гбайт жəне шағын кассеталар қолданылады.
Ақпаратты жазу алдында автоматты түрде тығыздауға мүмкіндік
беретін аппараттық сығу құралдары жəне оны оқыған соң қайта қалпына
келтіретіндіктен, стримерлер ақпараттың үлкен көлемін сығылған күйде
жазуға мүмкіндік береді. Стримерлердің кемшілігіне жазудың, іздеудің
жəне ақпаратты оқудың төмен жылдамдығы жатады.
Флеш – брелоктар. USB-интерфейсімен (USB-брелоктар) флеш –
жады құрылғылары жəне USB - қосқышы бар флеш – жады картасы
ыңғайлы құрал болып табылады, алайда, олардың құны өте жоғары.
Олар қолданушылар арасында кең танымалдылыққа ие, себебі олар
шағын жəне салыстырмалы түрде үлкен сиымдылыққа ие (64 Мбайт -
тан 8 Гбайт – қа дейін).
Ақпаратты сақтау сенімділігі. Сандық тасымалдауыштар
зақымдалуға бейім. Магнитті немесе оптикалық дискілердегі
берілгендердің 1 битін жоғалтудың өзі файлды оқуға мүмкіндік
бермейді, яғни, берілгендердің үлкен көлемі жоғалуына əкеліп соғады.
CD жəне DVD дискілері механикалық зақымдануға бірдей сезімтал.
Алайда, жазудың жоғары тығыздығынан DVD-дискіде жоғалулар
едəуір көп болады.
Сандық тасымалдауыштар 100 жыл бұрын пайда болды,
сондықтан,
адамзатта оларды сақтаудың мыңжылдық тəжірибесі əлі жоқ. Алайда,
ақпараттың
сақталуын
зерттеуші
мамандар
оптикалық
тасымалдауыштар дұрыс сақталған жағдайда, жүздеген жылдар бойы
ақпаратты сақтауға қабілетті, ал магнитті тасымалдауыштар он шақты
жыл сақтай алады деп есептейді.
7.4.
Дискілерде ақпаратты орналастыру
Винчестердің логикалық құрылымы. Қатқыл дискінің физикалық
форматталуы
өндірушілермен
орындалады
жəне
магнитті
пластиналардың беттерін жолдар мен секторларға бөледі.
Жолдар – бұл магниттік беттерде оқу – жазу ұштарымен жазылатын
концентрлік шеңберлер. Жолдар нөлден ортаға қарай бағытталып
нөмірленеді.
Жодар өз кезегінде, белгілі ақпарат мөлшерін құрайтын,
секторлар
деп аталатын шағын аймақтарға бөлінеді. Сектордың кəдімгі мөлшері
512 байтты құрайды.
Қатқыл дискінің минималды адрестелетін элементі құрамында
бірнеше
секторы орналасқан кластер болады.
Кластер өлшемі
129
қолданылатын FAT кестесінің типіне жəне қатқыл дискінің
сиымдылығына тəуелді.
Логикалық форматтау. Физикалық форматталған қатқыл диск
жаңа дискіні қолдану алдында логикалық форматталған болу керек.
Дискіде қызметтік ақпаратты сақтау үшін, бұл құрылғымен жұмыс істеу
үшін, операциялық жүйеге қажетті белгілі бөлігі резервтелуі керек. Бұл
аймақтардың құру жəне толтырылу үрдісі логикалық форматтау деп
аталады. Іс жүзінде кез келген қатқыл дискіде басты жүктеуші секторы,
FAT (File Allocation Table) файлдарының орналасу кестесі жəне түбірлік
каталог бар.
Логикалық форматтау дискіде файлдық жүйені орналастырумен
байланысты; бұл жағдайда, түрлі операциялық жүйелер əр түрлі
файлдық жүйелерді FAT 16, FAT 32, N
T
F
S
, LinuxExt қолдана алады.
Барлық файлдық жүйелер берілгендерді сақтау жəне басқаруға
арналған қажетті құрылымдардан тұрады. Бұл құрылымдар, əдетте,
операциялық жүйенің жүктеуші жазбасынан, бумалардан жəне
файлдардан құрылады.
Файлдық жүйе келесі негізгі функциялардан тұрады:
•
бос жəне бос емес орындарды, сонымен қатаре нашар секторларды
қадағалау;
•
бумалар мен файлдарды қолдау;
•
дискіде файлдардың физикалық орналасуын бақылау.
Windows 95/98/ME операциялық жүйелерімен FAT 16 файлдық
жүйесі кең қолданылады. Ол Windows NT/2000/XP операциялық
жүйелерімен де қолданыла алады. FAT16 файлдық жүйесі 128 секторы
көлеміндей 65 536
кластерді адрестей алады, сондықтан, көлемі 4 Гбайт-
қа жуық дискілер үшін қолданылады. FAT 16 файлдық жүйесінің басты
ерекшеліктері файлдар жəне кластерлерді бөліп орналастыратын кесте
болып табылады.
Кластер - FAT 16 – да ақпаратты сақтаудың
минималды бірлігі. Бір кластерде секторлардың белгіленген саны, екінің
қабаттылық дəрежесі бар. FAT қай кластерлер бос, қайсысы бос емес,
қайсысы нашар екендігі туралы ақпаратты сақтайды, сонымен қатар, қай
файлдар қай кластерлерде сақталатындығын анықтайды.
FAT 16 файлдық жүйесі 4 Гбайт – қа жететін максималды өлшемі,
максималды кластерлері (65525) жəне кластердің максималды өлшемі
бар.
FAT 16 файлдық жүйесінде түбірлі бумасы бар, бірақ, басқа
файлдық жүйелерден айырмашылығы - ол арнайы орында
орналастырылады жəне оның шектелген бөлімі болады.
FAT 32 файлдық жүйесі үлкен көлемді дискілер үшін қолданылады,
өйткені, 4 млрд – тан астам 4 Кбайт көлемі бар кластерлерді адрестей
алады. FAT 32 – нің FAT 16 – дан басты айырмашылығы - 28 – -
разрядты кластер нөмірлері жəне өлшеммен шектелмейтін түбірлі
буманың біршама икемді ұйымдастырылуы.
FAT 32 пайда болу себебі үлкен қатқыл дискілерді (8 Гбайт – тан