Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Шапағатты Папа Қазақстанға келеді



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет46/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96

139
5-үлгі
Шапағатты Папа Қазақстанға келеді
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
ресми  шақыруы  бойынша  Шапағатты  Папа  Ионн  Павел  ІІ  2001 
жылғы  22-25  қыркүйекте  мемлекеттік  сапармен  Қазақстанға 
келеді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 
келісілген 
2001 жылдың 2 шілдесі. 
15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен 
 толықтырылсын.
6.  Жоғарыда  аталғандардың  негізінде  АІЖК-нің  385  және 
386-баптарын басшылыққа ала отырып…
7. “Нотариат туралы” 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан 
Республикасындағы Заңына (Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 206-құжат; 307-құжат).
8. Астана, 2001 жылғы шілденің 11-і.
Мекенжайымыз: Астана, Ломоносов көшесі, 45 үй.
(«Егемен Қазақстандағы» емле дәл қалпында сақталынды).
Осындай  фактілерді  көрсете  отырып,  ресми  құжаттардағы 
реттік  сан  есімдердің  жазылуына  қатысты  мынадай  жайттарды 
атап айтамыз.
Ресми  құжаттарда  берілген  таңбаланулардың  барлығы  да 
қолданылады,  бірақ  олардың  әрқайсысының  әр  құжатқа  тән 
ерекшеліктері, стандарттылығы, мәні бар. Мысалы, қазіргі кезде 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  қол  қоятын,  сондай-ақ 
Үкімет, Парламент тарапынан бекітілетін Заңнамалық құжаттарда 
(қаулы,  жарлық,  өкім,  жарғы,  ереже)  сөзбен,  санмен  күрделі 
таңбалау қалыптасқан. Мысалы,

2001 жылғы шілденің 9-ы;

2001 жылғы қыркүйектің 20-ы.
Кейбір  заңнамалық  құжаттарда  сөзбен-санмен  таңбаланудың 
екінші түрі де пайдаланылады. Мысалы,

2001 жылдың 2 шілдесі;


140

2001 жылдың 16 мамыры;

2001 жылғы 17-інші қараша
Тұтастай  санмен  (цифрмен)  таңбалау  (мысалы,  2.07.2001.; 
02.VІІІ.99ж.)  бухгалтерлік  есеп-қисап  құжаттарында  көбірек 
қолданылады.
17 қараша, 1999 ж. түрінде жазу, сондай цифрдан кейін таңба 
(дефис)  қою  арқылы  реттік  сан  есімді  көрсету  (мысалы,  45-үй; 
307-құжат)  –  қазақ  емлесіне  орыс  емлесінен  енген  дәстүр.  Бұл 
фактінің  тиімділіктері:  а)  қазақ  емлесінде  50-інші  жылдардан 
бастап орныққан, тұрақталған емле; ә) тілдің үнемдеу заңдылығына 
сәйкес келеді; ресми құжаттар үшін тілдік құралдарды үнемдеп, 
ықшамдап  қолдану  маңызды;  б)  реттік  сан  есім  мен  есептік  сан 
есімдерді тез ажыратуға ықпал етеді (мысалы, 305 құжат) (үш жүз 
бес құжат); 305-құжат (үш жүз бесінші құжат).
б)  Қазақ  ресми-іскери  тілінде  ұйым,  мекеме,  кәсіпорын, 
мемлекет,  ел  және  номенклатуралық  атаулар  жоғары  жиілікпен 
жұмсалады,  сондықтан  бас  әріптің  емлесі  де  маңызды  болып 
саналады.
Тіл  құрамындағы  лексикалық  единицалардың  белгілі  бір 
тобының  бас  әріппен  жазылуы  –  әлем  тілдерінің  барлығына 
ортақ  құбылыс.  Сөздердің  (сөз  тіркестерінің)  алғашқы  дыбысын 
бас  әріппен  таңбалауға  жүктелетін  функциялар  –  орфограммасы 
бірдей  сөздердің  семантикасын  ажырату,  жалпы  есімдердің 
семантикалық,  ассоциациялық-фондық  ерекшеліктерін  белгілеу; 
ақпараттың қабылдануын жеңілдету; ақпарат беретін лексикалық 
единицалардың,  номенклатуралық  атаулардың  ресмилік  мәнін 
нығайту.  Сонымен  қатар  белгілі  бір  тілде  ресмилік,  ақпараттық, 
мәдени-фондық мәні жоғары лексема (сөз тіркесі, номенклатуралық 
атау)  бас  әріппен  таңбаланса,  ақпарат  аударылатын  тілде  осы 
процес декодталатын дәстүр қалыптасқан. Мысалы. Шапағатты 
Папа  Иоанн-Павел  ІІ;  Түркия  Республикасының  Президенті 
Жоғары Мәртебелі Тұрғыт Өзал:
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
шақыруы  бойынша  Шапағатты  Папа  Иоанн  Павел  ІІ  … 
мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді … (ЕҚ, 2001, 20 шілде).
Түркия  Республикасының  бұрынғы  Президенті  Жоғары 
Мәртебелі  Тұрғыт  Өзал  мырза  екі  елдің  мәдени-экономикалық 


141
байланыстарының дамуына елеулі еңбек сіңірді (ЕҚ, 2001, 5 сәуір).
Қазақ әдеби тілінде бас әріп жазылатын орындар нақтыланған, 
бұл жайт бірнеше еңбектерде сараланып, көрсетілген (Орф. сөздік, 
Анықтағыш,  Ресми  ісқағаздары,  Екі  тілде  іс  жүргізу).  Оларды 
топтастырып атағанда, төмендегідей ерекшеліктер анықталады:
-  кісі есімдері мен тегі (мыс., Абай, М.Әуезов);
-  географиялық және астрономиялық атаулар (Атырау, Балқаш 
көлі, Балтық теңізі, Ай, Күн, Жетіқарақшы);
-  мемлекет аттары (Қазақстан, Түркия);
-  ұйымдардың, 
мекемелердің, 
министрліктер 
мен 
ведомстволардың, газет-журналдардың, баспалардың, наградалар 
мен  құрметті  атақтардың  атаулары  (мыс.,  Халықаралық  валюта 
қоры,  Қазақ  мемлекеттік  басқару  академиясы,  «Қазақстан 
әйелдері»  журналы,  «Айбын»  ордені,  Абай  атындағы  сыйлық, 
«Рауан» баспасы және т.б.);
-  қысқарған сөздер (БҰҰ, ЖШС, БАҚ);
бас әріппен жазылады.
(Бас  әріптің  жазылуына  қатысты  емле  «Қазақ  тілінің 
анықтағышында» толық көрсетілген [59, 55-62-бб].
Бұл аталғандар ресми-іскери тілде мейлінше нақты және қатаң 
сақталуы тиіс. 
Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметі кеңейген 
қазіргі  тұста  бас  әріппен  таңбаланатын  лексемалардың  (күрделі 
сөз  тіркестерінің)  қатары  күрделене  түскені  де  байқалады.  Бұл 
фактор  жоғарыда  аталғанындай  қазақ  тілінің  қоғамдық-саяси 
рөлінің  артуына,  қоғамдық  функциясының  ұлғаюына,  сондай-
ақ  өзге  тілдердегі  мемлекеттік  тілге  декодталатын  ақпараттар 
мен мәліметтердің молаюына байланысты және осындай жағдай 
мерзімді баспасөз тілінде және ресми-іскери тілде көбірек көрініс 
тауып  отыр.  Ресми-іскери  тілде  жалпы  емлелік  ережелерде 
көрсетілгеннен  басқа  тұстарда  да  бас  әріп  қолданылады.  Бұл 
фактор мыналардан туындайды:
-  бірнеше  сөздердің  тізбегінен  тұратын  атауларды  және  бір 
ұғымды  беретін  күрделі  тіркесті  ықшамдап  атау  үшін  нақты, 
терминдік мәндегі лексема алынады; оның ақпараттық, ресмилік 
мәнін  нығайту  мақсатында  ықшамдалған  сөз  бас  әріппен 
таңбаланады. Мысалы,


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау