Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет45/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96

135
қолданыстағы  сөздердің  де  жазылуы  фонетикалық  принципке 
негізделе  бастады.  Дегенмен  емледегі  осындай  өзгерістердің 
тілдегі  күллі  сөздерге  емес,  сөздердің  белгілі  бір  тобына  ғана 
қатысты екендігін атап өтеміз.
Тіл  дамуында  емленің  өзгеріп  отыратын  тұстарымен  қатар, 
тұрақты,  өзгермейтін  қағидалары  бар  екеніне,  олардың  1950 
жылдардан  бастап  орнығып,  қазірге  дейін  сақталып  келе 
жатқандығына  назар  аудартамыз.  Бұл  бас  әріппен  жазылатын 
сөздерге, атауға, тыныс белгілерінің қойылу реттеріне байланысты.
Қазақ емлесінің бекітілген және жазу практикасында орныққан 
ережелері  ресми-іскери  тілде  қатаң,  әрі  міндетті  түрде  сақталуы 
қажет. Емле ережелерінің дұрыс, қатаң сақталуы:
- ресми-іскери  тілдің  әдеби  нормаға  сәйкес  жазылғандығын 
дәлелдейді;
- құқықтық нормаға сай дұрыс ресімделгеніне жауап береді;
- қабылдануын жеңілдетеді.
Ресми-іскери тілге қатысты емле ережелерін біз топтастырып 
көрсетеміз. Олар:
а) азатжол арқылы жазылу қағидалары;
ә) сан есімдердің жазылуы;
б) бас әріптің қолданылуына қатысты қағидалар;
в) қысқарған сөздерге қатысты қағидалар.
а)  Ресми  ісқағаздарының  үлгілерін  ресімдеуде  азатжолдың 
маңызы  үлкен.  Азатжол  арқылы  құжатта  көрсетілген  міндетті 
нысандарды  (мәселен,  ұйымның  атауы,  айы,  күні,  жылы,  мәтін 
және  т.б.)  толық,  әрі  дұрыс  орналастыруға  болады.  Құжаттың 
азатжол  арқылы  орналасуы  басқаруды  құжаттармен  қамтамасыз 
етудің мемлекеттік жүйесінде көрсетілуі тиіс.
Жинақталған  материалдың  негізінде  және  өзге  елдердегі 
басқаруды құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін-
дегі стандарттарға сүйене отырып, азатжолды белгілеудің үлгісін 
көрсетеміз (Жазу мәшіңкесінде және компьютер арқылы жасалған 
үлгілер  алынды.  Оларда  азатжолды  tab  табулятор  арқылы 
белгілеуге болады).
tab арқылы бірнеше азатжол белгіленеді:
0 екпін; 32 екпін;
4 екпін; 40 екпін;


136
16 екпін; 48 екпін;
24 екпін; 56 екпін.
Екпін аралығы төмендегідей:
0е → 4е → 16е → 24е → 32е → 40е → 48е → 56е.
1-үлгі – Азатжолды белгілеу үлгілері (өтініш құжаты бойынша)
Қағаз үлгісі – А 4 (210х297мм.).
Қағаздың жоғары жағында – 2 см;
сол жағында – 2 см;
оң жағында – 1 см;
төменгі жағында – 1 см.
қалдырылады
2-үлгі 2 см.
32е – өтініш арналған адресат
16е – құжаттың аты
4е Негізгі мәтіннің азатжолы
0е – мәтіннің жалғасы
2 см. 1 см
0е – өтініш жазушының
толық мәліметі (лауазымы, қызмет орны, қолы 40-е – аты-жөні 
мекенжайы)
0е – айы, күні, жылы 
1 см.
3-үлгі – Өтініштің жазылу үлгісі
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы
«Алматы жылужайэнерго» ААҚ
президенті Б.Молдабаев мырзаға
Өтініш
Мені  «Алматы  жылужайэнерго»  ААҚ-ына  қарасты  «Жалын» 
жекеменшік  пәтерлер  кооперативіне  есепші  қызметіне  жұмысқа 
қабылдауыңызды сұраймын.


137
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «есепші» 
мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек стажым – 3 жыл.
Қажетті құжаттар тіркелген.
Алматы қаласы әкімі
аппаратының қызметкері қолы Б.Асқарұлы
Мекенжай: «Қазақфильм» шағынауданы,
5 үй, 7-пәтер.
Тел.: 98-40-50
2000 жылғы 17 тамыз.
Демек,  tab  арқылы  белгіленетін  азатжол  ресми  құжаттың 
міндетті нысандарының бірі болып табылады.
Бланк,  дайын  нысан  түріндегі  құжаттардың  көпшілігінде 
міндетті  нысандар  (ұйымның,  мекеменің  атауы,  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, ұйымның коды, құжат 
жасалған мерзім, құжаттың тіркеу нөмірі, басқа да белгілер) алдын 
ала  көрсетіліп  беріледі,  яғни  олардың  tab  арқылы  көрсетілген 
қалыптасқан үлгілері бар («қосымшада» көрсетілген).
Азатжол  арқылы  ресімдеуге  қатысты  төмендегідей  мәселеге 
назар аударамыз:
32е  бойынша  жазылатын  адресатты  ресімдеу  кезінде  әрбір 
номенклатуралық  атау  мүмкіндігінше  бөлшектенбеуі  және 
тасымалданбауы керек. Яғни жоғарыда берілген үлгіде:

Қазақстан Республикасы – бірінші тұтас міндетті нысан;

Алматы қаласы – екінші тұтас міндетті нысан;

«Алматыжылужайэнерго»  ААҚ  –  үшінші  міндетті  нысан, 
демек олардың бір компонентін екінші жолға шығаруға, тасымал-
дауға, (Мысалы, Респуб-ликасы, Алматы – жылужайэнерго түрінде 
емес) болмайды, бұны мемлекеттік стандарт талап етеді. Күрделі 
атаулар 32е бойынша сыймаған жағдайда 24е нысанын пайдалануға 
болады, әдетте, кестелер мен схемалар үшін пайдаланылады).
ә)  Ресми-іскери  тілде  жұмсалу  жиілігі  24е  нысаны,  жоғары 
единицалардың бірі – сан есімдер, әсіресе реттік сан есімдердің 
емлелік  және  таңбалану  ерекшеліктеріне  жеке  тоқталу  қажет 
болады, өйткені дұрыс ресімделген реттік сан есімдер құқықтық, 


138
заңнамалық  нормаға  сәйкес  келетін  міндетті  нысандардың  бірі 
болып табылады.
Сан  есімдердің,  оның  ішінде  реттік  сан  есімдердің  жазылуы 
мен  таңбалануы  арнаулы  нормативтік  актіде,  анықтамалық 
құралда  (Анықтама,  11)  көрсетілген.  Біз  өз  тарапымыздан 
жинақталған  материалдардың  негізінде  және  қалыптасқан  үлгі-
стандартқа сүйене отырып, сан есімдердің жазылуын төмендегіше 
топтастырамыз,  әрі  мәселенің  маңыздылығы,  міндетті  нысан 
екендігі осы жинақтаудан көрінеді деп ойлаймыз.
Ресми құжаттарда реттік сан есімдер негізінде реттеу, топтау 
үшін және айы – жылы – күнін көрсету үшін қолданылады. Қазіргі 
кезде мерзімді, құжаттың жасалған, толтырылған уақытын көрсету 
үшін төмендегідей нұсқалар қолданылады:
17 қараша 2007 жыл
2007 жылдың 17 қарашасы
2007 жылғы қарашаның 17-сі
17.11.2007
17.ХІ.07
2007 жылғы 17-інші қараша
Пікірімізді дәлелдеу үшін «Егемен Қазақстан» газетінің 2001 
жылғы  20  шілдедегі  нөмірінде  реттік  сан  есімдердің  берілуінен 
фактілер жинастырдық:
1. Газет 1919 жылғы 17 желтоқсаннан бастап шыға бастады.
4-үлгі
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Х.Кыврыкоглуды  ІІ  дәрежелі  «Достық»  орденімен  наградтау 
туралы қаулы етемін:
1.  Достық  қарым-қатынастарды  дамытуға  қосқан  елеулі 
үлесі,  Қазақстан  мен  Түркия  Қарулы  күштері  арасындағы 
ынтымақтастықты  нығайтуға  сіңірген  еңбегі  үшін  Түркия 
Республикасы  Қарулы  Күштері  Бас  штабының  бастығы  Хусейн 
Кыврыкоглу ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын.
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, 2001 жылғы шілденің 9-ы.
№ 651


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау