148
сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі; мекеменің
аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ сияқты
құрылымдар қолданылады.
Хабарлау, мәлімдеу мақсатында …туралы сізді хабардар етеміз;
…ұйым хабарлайды; …сізге хабарлаймын; …туралы сізге мәлімет
жеткіземін; …туралы баяндаймын; …туралы мәлімдеймін т.б.
қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер қолданылады.
Стандарт тілдік бірліктер мағыналық жақындығы бар, бір
топтың құрамында қарастырылатын ісқағаздарында ғана емес,
ісқағазының жеке түрлерінде де қалыптасады. Бұған да жоғарыда
келтірілген факторлар, яғни біртектес жағдайлардың қайталанып
келуі, уақыт үнемдеу, тәжірибе жемісі, ресми ісқағаздарын дұрыс
жазудағы басы артық сөздерді қолданбау қағидасы т.б. факторлар
себеп болады. Мәселен, арыз, өтініш, шағым мәтіндерінде:
өтінемін, сұраймын, ауысу, рұқсат ету, бөлу, қабылдау,
қабылдауыңызды сұраймын, жіберу, босату, пайдалану, тіркеу,
тіркелген, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, жұмысқа
қабылдау, жұмыстан босату, демалыс сұрау, жалақыны көтеру,
материалдық көмек, өтінішті қарау, өтінішті қанағаттандыру
және т.б. сөздер мен сөз тіркестері жиі қолданыла келіп стандарт
тілдік бірліктерге айналған.
Арыз, өтініш жазуға себеп болып отырған жайттарды атап
көрсету мақсатында қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер: үй-
жайым болмағандықтан, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты,
отбасы жағдайына байланысты, денсаулығыма байланысты,
баспаға дайындалуына байланысты, …қызметкерінің заңсыз
әрекеттеріне байланысты, …қатысты (туралы) байқау
ұйымдастырылуына байланысты және т.б. Өтініштің талап-
мақсаттарын көрсететін қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер:
жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс
беруіңізді сұраймын, академиялық демалыс беруіңізді сұраймын,
жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын, жұмыстан босатуыңызды
сұраймын, басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын, рұқсат
етуіңізді сұраймын, материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын,
тұрғын үймен қамтамасыз етуіңізді сұраймын, жер бөлуіңізді
сұраймын және т.б.
Ісқағаздарын жазуда қалыптасқан норма бойынша кез келген
149
өтініш, арыз мәтінінің соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау
сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі
жазылады. Ол көбінесе төмендегідей стандартқа айналған тілдік
бірліктер арқылы беріледі: Айтылғандарды ескере отырып
шара қолдануыңызды сұраймын, Нұсқау беруіңізді сұраймын,
Өтінішімді орындауыңызды сұраймын т.б. Мінездеме жазуда жиі
қолданылатын стандарт тілдік бірліктер: ұлт, отбасы, лауазым,
қызмет, азамат, білім, жоғары білімді, орта білімді, аяқталмаған
жоғары білімді, тәжірибелі, тәжірибелі маман, жоғары білімді
маман, өз ісін жетік білетін маман, беделді, үлгілі, әріптестері
арасында сыйлы, қызметке жоғарылату, аспирантураға түсу,
оқыды, бітірді, меңгерді, аяқтады, жұмыс істеді, берілді, өтті,
үйленген, үйленбеген, тұрмыс құрмаған, тұрмыста, атқарып
отырған қызметіне лайық, қызмет бабында жоғары қызметке
ұсынуға лайық және т.б.
Ресми қарым-қатынас барысында кез келген адам индивид
ретінде емес, қоғам мүшесі ретінде, белгілі бір қызмет иесі
ретінде, қоғамдағы белгілі бір міндеттерді атқарушы азамат
ретінде көрінеді. Сондықтан олардың бәріне ортақ сипаты бар
қызметі мен міндеттері, іс-әрекеттері болады. Әрине, құжаттардың
көпшілігі жеке адамға қатысты болғанымен, түптеп келгенде олар
барлық адамға арналған, сондықтан құжат жеке адамға да барлық
адамға да түсінікті болуы керек. Осы себептен де ортақ сипаттағы,
қоғамның кез келген мүшесі қолдана алатын, қоғамның кез келген
мүшесіне түсінікті стандарт формалар қалыптасады. Адам өз іс-
әрекетінің барлық деңгейінде мүмкіндігінше аз күш жұмсап көп
нәтиже шығаруға тырысады. Адам өмірінің кез келген процесінде
үнемділік принципі жұмыс істейді. Іс қағаздар тіліндегі стандарт
бірліктердің қалыптасуы да нәтижеге аз күш жұмсау арқылы қол
жеткізу, үнемділік принципін ұстану мақсатынан туындаған.
2.4. Ресми ісқағаздарын аудару мәселелері
Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға байланысты бүгінгі
күнге дейін қазақ тілі қоғамдық өмірдің барлық саласында
қызмет ете алмағаны мәлім. Негізінен күнделікті тұрмыстық
қатынаста, көркем әдебиет пен баспасөз бетінде қолданылған
150
қазақ тілі ғылым, мәдениет, саяси-әлеуметтік, дипломатия, басқару
саласында өзінің толыққанды қызметін атқара алған жоқ. Қоғамда
қажеттілік тумағандықтан және қолданылу өрісінің тарлығынан
қазақ ісқағаздар тілі өз деңгейінде қалыптасқан жоқ.
XX ғасырдың тоқсаныншы жылдары бұрынғы кеңестік
мемлекеттер кеңістігінде болған тарихи өзгерістер қазақ
қоғамының бүкіл болмысын өзгертті. Қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебе алуымен байланысты мемлекеттік тілдің қоғамдық
қызметін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан бірнеше маңызды ресми
құжат қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001
жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайту бағдарламаның негізгі мақсатының
бірі ретінде атап көрсетілген. Бұл мақсатты іске асыру үшін
мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын
қамтамасыз ету міндеттері белгіленді. Үкімет тарапынан
қабылданған, іске асыруды талап ететін мемлекеттік маңызы бар
ресми құжаттар ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізудің бір жүйеге
түспегендігін, оны қалыптастыру мен дамыту мәселесінің өзекті
екендігін көрсетеді.
Баршаға мәлім, біз қазір ісқағаздарын орыс тілінен аудару
үстіндеміз. Бұған бірінші себеп біздің мамандарымыз бен
ісқағаздарын жүргізушілеріміздің бірден қазақ тілінде ісқағаздарын
жүргізуге дайын еместігі, екінші себеп ісқағаздарын қазақша
жүргізуде белгілі бір тәжірибенің, қалыптасқан жүйенің болмауы.
Осыған байланысты бүгінгі таңда ісқағаз мәтіндерін түгелдей
орыс тілінен аударып, бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібермей тізіп
отыру, іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің заңдылығына орай
қалыптастыру құбылысы белең алып отыр.
Аударма – ғылым. Оның өзіне тән ғылыми, практикалық
заңдылықтары бар. Күні бүгінге дейін негізінен көркем аудармаға
ден қойылып, орыс тілінен қазақ тіліне көптеген шығармалар
аударылып келді. Оның стильдік, жанрлық, тілдік т.б. мәселелеріне
назар аударылды. Ал ресми құжаттарды, ісқағаздарын аудару, оның
теориясы мен практикасы – тың мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |