Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


ІІ РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУ



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет42/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96

126
ІІ РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қазіргі қазақ ресми ісқағаздары туралы 
Қазақ  тілі  мемлекеттік  мәртебе  алған  кезеңнен  бастап  [49] 
қазақ әдеби тілінің әсіресе лексикалық жүйесіндегі өзгерістер мен 
процестер,  тұтастай  алғанда,  қазақ  тілінің  актуалды,  синхронды 
жай-күйі ғылыми және мәдени жұртшылықтың айрықша назарын 
аударды. Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің зерттелуге 
тиіс проблемалары [50; 51], терминжасамның ғылыми теориясын 
қалыптастыру [52], [53], [54] жекелеген стильдердің ерекшеліктері 
[55], [56] лингвостилистиканың жалпы проблемалары [57] туралы 
еңбектер жарық көрді. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы 
функционалдық стильдердің сапалық үлес-салмағын да өзгертті; 
атап айтқанда, ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін жеке 
стильдік  тармақ  ретінде  формалды  түрде  аталып  келген  қазақ 
ресми-іскери  стилінің  функционалдық  стильдер  қатарындағы 
орны мен рөлі жоғарылады.
Ресми-іскери  стильдің  қарапайым  үлгілерінен  (өтініш,  арыз, 
мінездеме  және  т.б.)  бастап  күрделі  түрлеріне  (жарғы,  жарлық, 
ереже,  келісім  және  т.б.)  дейін  қазақ  тілінде  көрініс  тапты  және 
олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады. 
«Әділет  министрлігінің  Республикалық  құқықтық  ақпарат 
орталығының дерегіне сүйенсек, әр жыл сайын бір мыңға жуық 
нормативтік-құқықтық  актілер  қабылданады  екен.  Қазірдің 
өзінде  мыңға  жуық  заң,  жиырма  мыңға  жуық  нормативтік  заң 
актілері  бар.  Осының  бәрі  орыс  тілінде  жазылып,  содан  соң 
барып  мемлекеттік  тілге  аударылады…»  (Ана  тілі,  2003  жылғы 
4  желтоқсан).  Бұл  мәселенің  қазіргі  жай-күйі  және  болашағы 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы 
№550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 
2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында» 
нақтыланған:  «Құжат  мәтіндерін  мемлекеттік  тілде  даярлаудың 
орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған 
тәжірибесінің  мемлекеттік  органдар  жұмысында  одан  әрі  беки 


127
түскен процесі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша 
шара  ретінде  қарастырылуға  тиіс.  Сондықтан  мемлекеттік  тілде 
жасауға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру керек» [58, 89 б.]. 
Бұл ретте назар аударатын жайт: аударма – тілдің дамуына игілікті 
әсер етіп отыратын құбылыс. Тәржімаланған ресми құжаттардың 
барлық түрлері экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен 
тілде жүріп жатқан қарқынды процестердің барлығын да қамтыды: 
жалпы  қолданыстағы  лексиканың  термин  ретінде  актуалдануы, 
әдеби  тілден  шеткері  орналасқан  лексикалық  единицалардың 
терминдік  мағынаны  иеленуі,  синонимдік  қатарлардың 
контекстуалдық, стильдік қызметінің артуы, сөзжасам жүйесіндегі 
сапалық-сандық  өзгерістер  тәрізді  лексикалық  парадигмалардың 
жаңалықтары ресми-іскери тілде белсенді түрде байқалады. Демек, 
бастапқы мәтін мен тәржіма мәтіндегі лексикалық единицалардың 
өзара қарым-қатысын анықтау арқылы негізінен орыс тілінен қазақ 
тіліне  аударылған  ресми  құжаттардың  әдеби  тіл  лексикасының 
динамикасындағы  үлес-салмағын  көрсету  зерттеу  жұмысының 
өзектілігінің қатарынан танылады.
Қазақ  әдеби  тілінің  лексикалық-грамматикалық  құрылы-
мындағы  қарқынды  қозғалыстар  функционалдық  стильдердің 
дәстүрлі  орналасуына,  олардың  ішкі  тармақтарына,  стильдік 
айырым  белгілеріне  де  ықпал  етті.  Қазақ  тілтанымында,  әсіресе 
көркем  әдебиет  стилі  мен  публицистика  стилі  (оның  ішінде 
мерзімді басылымдар тілі), ауызекі сөйлеу тілі стилі диахронды-
синхронды тұрғыдан терең зерттеледі (Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, 
Ш.Сарыбаев, Б.Әбілқасымов, Р.Әміров, Б.Шалабай, А.Алдашева, 
Б.Момынова).  Ғылыми  стиль  қарастырылған  зерттеулер  де  бар 
(Ж.Әмірова).  Ал  ресми-іскери  стильдің  диахронды  аспектілері 
әдеби  тіл  тарихына  қатысты  еңбектерде  талданды.  Белгілі  бір 
кезеңдегі ресми ісқағаздарының тілдік ерекшеліктері анықталған 
еңбек  бар  (Н.Ерғазиева).  Алайда  отызыншы  жылдардан  бері 
қарайғы  кезеңдегі  ресми-іскери  стиль  зерттеулер  назарынан  тыс 
қалып  қойды.  Бұған  соңғы  онжылдықтарға  дейін  ресми-іскери 
стильдің  қазақ  тілінде  бәсең  көрінуі  себеп  болды.  Ал  соңғы 
кезеңдерде ресми-іскери стиль мазмұндық-жанрлық, подстильдік-
түрлік  жағынан  анағұрлым  кеңейді.  Қазақ  тілі  функционалдық 
стильдеріне  қатысты  еңбектерде  ресми-іскери  стильдің  өзіндік 


128
атауы да тұрақтала қоймады; ол «ресми стиль», «ресми ісқағаздары 
стилі»,  «ісқағаздары  стилі»  деген  бірнеше  атаулармен  ғылыми 
әдебиеттерде  орнықты.  Олардың  түрлері  ретінде  қарапайым 
құжаттар (өтініш, өмірбаян, анықтама, хаттама) талданды. Ресми-
іскери стильдің қоғамдық қызметі мен қабылдаушы адресаты артқан 
қазіргі кезеңде 100-ден астам ішкі жанрлық-түрлік тармақтары бар 
екендігі анықталып отыр. Олардың әрқайсысы – нысан түріндегі 
ресми  құжаттар  (бланкілер),  ақпараттық-анықтамалық  құжаттар 
(ұсыныс,  баяндама,  есеп,  акт),  нормативтік-жарлықшы  құжаттар 
(қаулы,  өкім,  бұйрық,  жарғы,  ереже,  үндеу)  –  дербес  зерттеулер 
жүргізуді қажет етеді.
Орыс тіл білімінің өзінде де ресми тіл (официальный-деловой 
стиль)  деп  аталатын  тармақтың  кейбір  проблемалары  әлі  де 
анықталмаған.  Ал,  қазақ  тіл  білімінде  бұл  мәселені  енді  қолға 
алынып жатқан өзекті проблемалардың қатарына қосуға болады. 
Бұл  мәселенің  өзекті  болып  отырғандығының  басты  себебі, 
экстралингвистикалық  факторлардың  стильдік  жүйеге  ықпалы 
болып,  олардың  үлес-салмағын  өзгертуіне  байланысты.  Басқа 
функционалдық  стильдердің  жанрлық  құрылымында,  тілдік-
стильдік  белгілерінде  бірқатар  өзгерістердің  бар  екенін  айта 
отырып,  қоғамдық  өзгерістердің  әсіресе  ресми-іскери  стильге 
әсері болғандығын атап өтеміз.
Сыртқы  әсерлердің  ықпалынан  қазақ  ресми-іскери  стилінің 
қолданылатын  аясы  да  өзгерді,  мазмұны  мен  көлемі  ұлғайды, 
тілдік-стильдік  сипаты  күрделенді.  Ең  басты  ерекшелік  – 
нормативтік-жарлықшы  құжаттардың  орыс  тілінен  қазақ 
тіліне  аударылатындығы.  Нормативтік-жарлықшы  құжаттар 
«аударылмауы керек», «орыс тілінен аударылғанда сүреңсіз мәтін 
қалыптасады»,  «аударма  мәтін  қазақ  тілінің  әдеби  нормасына 
зиянын  тигізеді»,  «ресми  құжаттар  қазақ  тілінде  жасалуы  тиіс» 
деген  әртүрлі  көзқарастар  да  бар.  Бұл  арадағы  айтпағымыз  – 
нормативтік  құжаттарды  қазақ  тілінде  жасау  –  келешектің  ісі. 
Мемлекеттік  тілдің  қазіргі  жағдайында  аударма  мәтінді  жасау 
нормасы  стандартты  сипатта.  Орыс  тілінде  және  қазақ  тілінде 
жасалатын  нормативтік  құжаттардың  басты  ортақ  белгісі  –  заң 
күшінің бірдей болуы. Бұл – нормативтік талап.
Нормативтік  құжаттарда  сөзбе-сөз  аударылған  клише 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау