Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет53/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96

160
бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесі берілген жағдайда 
көшірмесі дұрыс деп жазылады.
Статус  сөзінің  орнына  мәртебе  сөзін  терминдік  балама 
ретінде қолдана бастадық. Мәртебе тілімізде жағымды реңк беретін 
сөз екені белгілі. Мәртебесі арту, мәртебесі көтерілу, мәртебесі 
өсу  сияқты  тіркестер  тілімізде  жиі  қолданылады.  Мәртебе  сөзі 
ұлттық  университет  мәртебесі,  мемлекеттік  тіл  мәртебесі, 
депутат мәртебесі, азаматтық мәртебе сияқты тіркестерде сәтті 
қолданыс  болғанымен,  статус  беженца,  статус  безработного, 
статус оралмана тіркестерін аударған кезде қарама-қайшылыққа 
ұрындырады.
Ісқағаздары  мазмұны  мен  қызметіне  қарай  жеке  адамға 
қатысты  және  қызметтік  деп  бөлінетіні  белгілі.  Бүгінгі  таңда 
жеке адамға қатысты құжаттардың ішінен заман талабына қарай 
ең жиі қолданылатындарының бірі – резюме. Резюме сөзі түйін, 
түйіндеме,  тұжырым,  тұжырымдама  деп  аударылып  жүр. 
Қазақ ісқағаздары терминдерінде бірізділіктің болмауы оны құжат 
мәтінінде жазу-жазбау тығырығына тірейді де, осыдан келіп құжат 
толтырушылардың  көпшілігі  орыс  тілі  арқылы  енген  нұсқасын 
пайдалануға мәжбүр болады. Резюме – француз тілінен алынған 
термин.  Айтылған  немесе  жазылған  мәселенің  қысқаша  түйіні 
деген мағына береді. Белгілі бір шығарманың, айтылатын ойдың, 
ғылыми жұмыстың т.б. резюмесі болады. Адамның жеке басына 
қатысты ісқағазының бір түрі ретінде жазылатын резюмеде белгілі 
бір  адамның  өмірбаяны,  білімі,  мамандығы,  кәсіптік  шеберлігі, 
біліктілігі,  икемділігі  т.б.  жайлы  нақты,  қысқа  мәлімет  беріледі. 
Қазақша айтқанда резюме деген тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні 
болғандықтан  түйіндеме  оның  сәтті  баламасы.  Қазір  резюменің 
бірнеше аудармасы да, орыс тілі арқылы енген нұсқасы да қатар 
қолданылып жүргенімен түйіндеме термині сәтті балама ретінде 
ісқағаздар тілінде орнығары сөзсіз.
Терминге  лексикология  тұрғысынан  да,  концептология 
тұрғысынан  да  қарай  отырып,  оның  термин-сөз,  термин-ұғым 
деп  аталатын  екі  қырына  бірдей  мән  берілуі  қажет.  Термин-
сөздің термин-ұғымды дәл беруі дегеніміз оның өзге ұғымдардан 
айрықша,  өзіне  тән  басты  белгілерін  көрсете  білуі,  ұғым  мен 
атаудың  бір-бірімен  ұштасып  жатуы.  Қазір  қолданылып  жүрген 


161
ісқағаздары  терминдерінің  ішінде  атауы  мәтінде  берілетін  мән-
мағынамен,  мазмұнмен  сәйкеспей  жататындары  да  кездеседі. 
Мұндайда ресми құжаттың мазмұнына үңіліп барып, оған сәйкес 
атауды таңдап алу қажеттігі туындайды. Мәселен, жиі жазылатын 
ісқағазының бір түрі – арыз. Арыз – ұйым басшысының, лауазымы 
жағынан  жоғары  тұрған  адамның  атына  белгілі  бір  ақпаратты, 
мәліметті,  өтінішті  жеткізу  мақсатында  немесе  жеке  адамның 
қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен 
мүдделерін іске асыру, қорғау үшін жазылатын ісқағаздарының бір 
түрі. Арыз көбінесе жеке адамның атынан жазылады. Іс жүзінде 
қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе үлкен ұжымның 
мүддесін  көздейтін  ұжымдық  арыз  түрлері  де  кездеседі.  Арыз 
белгілі бір себеппен ғана жазылады, әдетте онда бір ғана мәселе 
көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам 
атына жазылады. Қазір арыз, шағым, өтініш атауларының аражігі 
ашылмай қолданылып жүр. Себебі арыз сөзі осы уақытқа дейін жиі 
қолданылып, жұмысқа қабылдауды сұрасақ та, жұмыстан босатуды 
сұрасақ  та,  материалдық  көмек,  пәтер,  жатақхана  сұрасақ  та, 
жалақыны көтеру туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш 
жасасақ та, наразылық білдіріп, біреудің үстінен шағымдансақ та 
арыз деп ат қойып, айдар тағып келдік. Бірақ арызда өтініш, тілек, 
талап  ету  реңкінен  гөрі  көңілге  қонымсыздық,  теріс  әрекеттерге 
қарсы  реніш  білдіру,  шағымдану  реңкі  басым.  Сондықтан 
азаматтардың  заң  арқылы  қорғалатын  құқықтары  ескерілмей, 
оны қалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, құжатты 
жазушының құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мекеменің 
немесе  лауазымды  адамның  атына  сын  айтылғанда,  әлеуметтік 
әділетсіздік, жалпы келеңсіз жағдай жайлы жазылатын ісқағазының 
түрін арыз деп атап, ал жеке тұлғаның немесе ұйымның заңмен 
бекітілген  түрлі  қажеттіліктерін  өтеу  үшін,  өздеріне  берілген 
түрлі құқықтарды пайдалану үшін өтініш жасап жазған ісқағазын 
өтініш деп атаған дұрыс. Себебі термин саналы түрде жасалатын 
болғандықтан оның жасалуына негіз болған тілде бұрыннан бар 
сөздің  мағынасын  тарылтуға  да,  оған  қосымша  мағына  үстеуге 
де,  ол  сөздің  негізінде  жаңа  термин  жасауға  да,  мағынаны, 
термин-ұғымды  дәл  бермеген  жағдайда  қолданыстан  шығарып, 
басқа сәтті баламасын қолдануға да болады. Ісқағаздарында жиі 


162
қолданылатын  рапорт  термині  бар.  Рапорттың  табиғатында  хат, 
арыз, өтініш, баяндау, есеп беру сияқты бірнеше ұғым бар. Қазір 
рапорт  түрінде  де,  баянат  түрінде  де  қолданылып  жүр.  Рапорт 
ауызша да, жазбаша да беріледі. Көбінесе өзінен қызмет-лауазымы, 
шені  жоғары  адамның  алдында  бір  тапсырманың  орындалуы, 
оқиғаның,  істің  жағдайы  туралы  мәлімдейтін  болғандықтан, 
рапорттың  орнына  мәлімдеме  терминін  қолданған  ыңғайлы  әрі 
қазақша айтуға да, жазуға да тиімді, түсінікті. 
Кез келген мекемеде жиі жазылатын құжаттың бірі – іссапар 
куәлігі  (командировочное  удостоверение).  «Екі  тілде  іс  жүргізу» 
атты сөздік-анықтамалықта Іс сапарының куәлігі деп берілген [69, 
112-б.].  Іссапар  деп  екі  сөзді  қосып  жіберсек,  біріншіден  -  ның 
деген  артық  жалғаудан  құтылар  едік,  екіншіден,  іссапар  куәлігі 
дегенде құжат атауы қысқа, нұсқа болып нақтылана түсер еді. Осы 
жерде айта кететін тағы бір ұсыныс Шәкәрім шығармасында:
 Банкрот боп күйресек.
 Бұл расхотқа еріксіз
 Бізді біреу сұқты ма?
 Билет, жолхат, куәлік қағазыңды
 Сатар ма едің он мың сом ақшаны алсаң? – 
деген  өлең  жолдары  бар  [70,  438-б.].  Осы  мәтіндегі  жолхат 
сөзін іссапар куәлігінің орнына қолданысқа енгізсек, біріншіден, іс 
сапарының куәлігі деген шұбалыңқы атаудан гөрі айтуға да жазуға 
да  ыңғайлы  болар  еді,  екіншіден,  куәлік  сөзін  кез  келген  жерге 
тықпалай беруден құтылар едік, үшіншіден, жолхат сөзі қолхат, 
сенімхат, кепілхат сияқты ісқағаз атауларымен үндес, әрі бір үлгі 
бойынша жасалып тұр.
Тілімізде хат сөзінің тіркесуі арқылы жасалған құжат атаулары 
көп. Олардың қолхат, сенімхат, жеделхат т.б. түрлерін біріктіріп 
жазамыз  да,  құттықтау  хат,  қызметтік  хат,  нұсқау  хат  т.б. 
түрлерін  бөлек  жазу  қалыптасқан.  Тілдің  жазу  нормасындағы 
бірізділік  сақталу  үшін  хат  сөзімен  келетін  құжат  атауларының 
барлығын біріктіріп жазу дәстүрін қалыптастыру керек. 
Тіл тазалығы үшін күрес дегеніміз – тілді тек кірме сөздерден 
тазарту емес, тілге сіңе алмай жүрген түрлі жасанды элементтерден 
тазарту, сөзді қазақ тілінің заңдылығына сай қолдану, тіл мәдениетін 
арттыру.  Әкімшілік,  басқару  саласында  жиі  қолданылып  жүрген 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау