Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет16/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96

48
жазбаша  жүргізілетін  кәсіби  аударманың  ең  көп  тараған  түрі. 
Жазбаша аударманың көркем аударма және ақпараттық аударма 
деген түрлері бар.
Көркем әдебиет – ерекше күрделі жанр. Бұл жанрдың жазушы 
шеберлігі, әр жазушының өзіндік стилі, даралығы, дарыны, мазмұн 
мен  форманы  берудегі  жазушының  қабілеті  сияқты  алуан  түрлі 
мәселелері  бар.  Көркем  әдебиет  тілінің  өзіне  тән  ерекшеліктері 
бар.  Біріншіден,  көркем  шығармаларда  қолданылмайтын  сөздер 
мен  сөз  тіркестері,  фразелогизмдер  некен-саяқ.  Екіншіден,  қай 
жанрда  жазылған  шығарма  болса  да,  онда  тіл  арқылы  қарым-
қатынас  құралдарының  барлық  түрінің  қолданылуында,  яғни 
ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылыми және ресми 
стильдердің элементтері осы стильде әртүрлі формада ұшырасып 
отырады.  Үшіншіден,  көркем  шығармалардың  басты  міндеті  – 
эстетикалық тәрбие беретіндігінде, яғни көркем шығармада сөздің 
эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі маңызды мәнге ие. 
Жоғарыда  сараланып  берілген  көркем  әдебиет  стилінің 
белгілері аударма әдебиетке де тән. 
Көркем аударма – көркем шығармашылықтың түрі. Аудармашы 
өзінің  дүниетанымына,  көркемдік-эстетикалық  талғамына  сай 
аударуға таңдап алған шығармадағы көркемдік шындықты форма 
мен мазмұн бірлігін сақтау арқылы жеткізеді. Көркем аудармада 
түпнұсқаның  эстетикалық  құндылығы  зор.  Көркем  аударма  – 
психологиялық  процеспен  жүзеге  асатын  шығармашылық  өнер. 
Мұнда психологиялық процес шығармашылық процеспен тікелей 
ұштастырыла жүргізіледі. 
Көркем  аударма  –  көркем  әдебиет  шығармаларын,  яғни 
негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып 
табылатын мәтіндерді аудару.
Көркем  әдебиет  аудармашысының  алдында  екіжақты  міндет 
тұрады:
1)  түпнұсқа  мазмұнын,  сюжетін,  түпнұсқа  авторының  негізгі 
идеясын барынша толық сақтау;
2)  аударылатын  тілдің  табиғи  заңдылықтарын,  нормаларын 
қадағалау.
Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-
белгілерін ұсынады:


49
а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, 
мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының 
алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық 
еркіндікке жібермейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет 
атқаруы керек; 
в)  көркем  аударма  да  төл  әдебиет  сияқты  тұшымды,  кедір-
бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, 
емлелік нормалары сақталуы тиіс [10, 26-б.].
Көркем  аударма  мен  басқа  да  аударма  түрлерінің  арасында 
айырмашылықтар  бар.  Мысалы,  көркем  аударма  мен  ғылыми-
техникалық  әдебиет  аудармасының  айырмашылығы  мынада: 
техникалық әдебиеттерді аударушының басты міндеті, фактілерді, 
қажетті  мәліметтерді  дәл  жеткізу  болса,  көркем  әдебиет 
аудармашысының міндеті – шығарма идеясы мен композициясын, 
көркемдік-эстетикалық элементтерін дәл, бейнелі бере білуі. 
Жазбаша аударманың келесі бір түрі – ақпараттық аударма
Ақпараттық  аударманың  негізгі  қызметі  әдеби-эстетикалық  әсер 
ету емес, қандай да болмасын, ақпаратты мәліметтерді беру болып 
табылады.  Түпнұсқаның  белгілі  бір  қызметтік  стильге,  тілдік 
ерекшеліктерге және оның жанрлық жүзеге асуына қатысты болуына 
байланысты  ақпараттық  аударма  мынадай  түрлерге  бөлінеді: 
ғылыми-техникалық,  ресми-іскерлік,  саяси-публицистикалық 
материалдарды,  газеттік-ақпараттық  материалдарды,  патенттік 
әдебиеттерді,  экономика  және  коммерциялық  қызмет  бойынша 
материалдарды,  сонымен  қатар  өндірістік-сауда  фирмалар 
қызметінің материалдарын аудару. 
Жазбаша  аударма  процесіндегі  ең  басты  құрал  –  сөздік. 
Қазіргі  «ақпараттар  легі»  ғасырында  аудармашының  жұмысын 
сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. 
Аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, 
ақпараттың  қандай  дереккөздері  бар  екенін  және  оларды  қандай 
ретпен, әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет. 
Ақпараттың  барлық  дереккөздерін  жалпы  және  арнайы  деп 
бөлуге болады.


50
Ақпараттың  жалпы  дереккөздері  –  бұл  жалпы  қолданысқа 
арналған сөздіктер мен энциклопедиялар. 
Ақпараттың  арнайы  дереккөздеріне  –  арнайы  сөздіктер, 
арнайы  энциклопедиялар,  анықтамалықтар  және  ғылым  мен 
техниканың  әртүрлі  салаларына  арналған  арнайы  әдебиеттер 
жатады. 
1.2.3 Көркем аударма шығармашылығы 
Көркем аударма – үлкен шығармашылық іс, оның нәтижесі – 
басқа  тілде  жаңа  көркемдік  құндылықты  жасаумен  бағаланады 
және  сол  арқылы  аудармашының  шығармашылық  белсенділігін 
танытады.
Аудармашы  шығармадағы  жай  ғана  тілдік  элементтерді 
жеткізуден басқа, ең бастысы, көркемдік элементтерді жеткізуімен 
шеберлік танытады. Көркем аударма – көркем шығармашылықтың 
түрі.  Мұнда  түпнұсқа  негізгі  қызметті  атқарады.  Түпнұсқалық 
шығармашылықты  шынайы  түрде  жеткізе  білу  –  аудармашының 
басты ерекшелігі. Аудармашының шығармашылық тәсілі негізінен 
оның дүниетанымына байланысты. Өзінің дүниетанымына сәйкес 
аудармашы өзі таңдап алған шығармалардағы көркем шындықты 
мазмұн мен түр бірлігінде, жекеден жалпыға дейінгі тұтастықтың 
байланысында бейнелейді.
Аудармашының дүниетанымын жеке сөздер мен тіркестерден 
және  де  көбінесе  тұтастай  әдеби  элементтен,  яғни  мәтіннің 
аяқталған үзінділерінен іздеуге болмайды. Көп жағдайда осынау 
дүниетанымның мәні де аудармашының түпнұсқаға деген жалпы 
қатынасынан  аңғарылады.  Ол  аударатын  шығарманы  таңдап 
алуынан басталып, оның стилін қабылдап, түсінумен аяқталады. 
Аудармашының  дүниетанымы  түпнұсқа  аудармасы  түрі  мен 
мазмұнының  бірлігін  қарастырып  қана  қоймай,  аудармадағы 
ұлттық түрді сәйкестіру туралы мәселені де осы бірлікте шешеді. 
Көркем  аударма  тұтастай  кешенді:  ақпараттық,  эстетикалық 
және қоғамдық-саяси міндеттерді атқарады. Аударма оқырманды 
шығармалармен,  зерттеушілермен,  автормен,  басқа  халықтар 
әдебиеті,  мәдениеті,  өмірімен  таныстырады.  Аударма  сондай-
ақ  отандық  түпнұсқалық  туынды  жасауымен,  эстетикалық 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау