45
5. Аудармашы түпнұсқа автор заманы
кеңістігінен тыс болғандықтан,
мәтінге
эмоциялық
сезімсіз
объективті түрде қарауы мүмкін.
5. Аудармашы сөйлеушімен тікелей
қарым-қатынаста
болатындықтан,
оның эмоциялық әсерінің ықпалында
болады.
6. Аударманы бірнеше рет өңдеуге,
түзетулер
енгізуге
болады.
Сөздіктерді,
анықтағыштарды
қолдану мүмкіндіктері шектелмеген.
6. Ауызша аударатын аудармашы бірден
барабар (адекватты) аударма беруі тиіс.
Сөздіктерді, анықтағыштарды қолдану
мүмкіндіктері шектелген.
7. Аудармашы көп жағдайда түп-
нұсқа авторымен де, оқырманмен де
кездесе алмайды.
7. Айтушы, тыңдаушы және аудармашы
тікелей
қарым-қатынаста
болады
(әңгіме, мәжіліс кезінде).
Аударманың (жанрлық-стилистикалық және т.б.) түрлеріне
байланысты классификациялар өте көп. Психолингвистикалық
классификацияға сәйкес, аударманың екі түрін бөліп көрсетуге
болады. Олар: ауызша және жазбаша аударма. Ауызша және
жазбаша аударманың да бірнеше түрі бар. Олардың барлығын
жинақтап, төмендегі сызба арқылы беруге болады.
Аударма түрлері (1-сызба)
Аударма
Ауызша аударма – ілеспе (синхронды), ізбе-із аударма сияқты
ауызша рәсімдеуді қажет ететін ауызша аударма түрлерінің
басын біріктіретін ұғым. Аударма процесінде түпнұсқа мен оның
аудармасы ауызша жасалатындықтан, аударманың бұл түрінде
аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ рет қабылдап, оны кейіннен
салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге болмайтынын
ескертеді.
Ілеспе (синхронды) аударма – бастапқы мәтінді қабылдай
отырып қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма. Кәсіби
аудармалардың бір түрі.
Ауызша аударма
Жазбаша аударма
Ілеспе аударма
Ізбе-із аударма
Көркем аударма
Аөпараттыө аударма
Параөтан аудару
Абзацты-фразалы аударма
46
Көркем аударма мәселесімен айналысушы ғалым Ә.Тарақов
ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді
атап өтеді:
а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты
туындаған психофизиологиялық дискомфорт;
ә) баяндамашы не жарыс сөзге шығушының микрофондағы
сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені
баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған
сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория
тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада
қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға
келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизио-
логиялық кедергі [14, 36-б.].
Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті
төмендегідей қасиеттер болу керек дейді:
а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу;
ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттілігі;
б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік;
в) бірнеше тапсырмаларға бір мезгілде зейін аудара білу
қабілеттілігі:
– іс-әрекет жылдамдығы;
– сөз сөйлеу шапшаңдығы;
– психикалық және ден күш-қуатының төзімділігі [14, 36-37-
бб.].
Ізбе-із аударма – мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын
ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге
бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы
аударма. Көбінесе ізбе-із аударма деп жазбалары бар аудармашылық
әрекеттің кәсіби түрін атайды.
Ізбе-із аударманың жүзеге асуын былайша сипаттап беруге
болады: шешен біраз сөз сөйлейді (25-30 минут немесе одан да
көп). Аудармашы шешен сөзінен кейін айтылған ойды аудара алу
үшін жазба түсіре отырып, мәтінді ойша аударады. Қойылған
мақсатқа сәйкес, аударма толық немесе қысқаша формада жүзеге
асырылуы мүмкін. Алайда қазіргі уақытта ауызша аударманың
47
стандарты біршама өзгерген және түпнұсқа мәтінінің үзіндісін
аудару ұзақтығы кей кездерде 15 минуттан асып кетеді.
Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси,
экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер
төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда,
семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.
Дыбыстық құрылғылардың күн санап дамуына байланысты
ауызша ізбе-із аударманың қолданылу аясы тарылып барады.
Дегенмен жеке кездесулер, келіссөздер кезінде толық түсінісу үшін,
әрі ілеспе аударманы қолдану мүмкін болмаған жағдайда ізбе-із
аударма бірден-бір тиімді аударма болып табылады. Сондықтан
аударманың бұл түрін әрбір кәсіби аудармашы білуі қажет.
Ізбе-із аударманың ілеспе аудармадан басты айырмашылығы
мынада: ілеспе аударма мәтін тыңдалып жатқанда жасалса, ізбе-із
аударма мәтін тыңдалып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Ізбе-із аудармада аудармашы аудармашылық жедел жазуды
қолданады.
Ізбе-із аудармашыға қажетті қасиеттерді ғалым Ә.Тарақов
былай бөліп көрсетеді:
1) энциклопедиялық білімнің молдығы, ой-өрісінің кеңдігі;
2) өз ұлттық тілін еркін меңгеруі және бай сөздік қоры;
3) жұмыс істейтін шет тіліндегі кез келген сөзді іштей еркін
қабылдау қабілеттілігі;
4) жұмыс істейтін шет тілін еркін меңгеру, әсіресе оның сөйлеу
тілін, идиомалық оралымдарын білу [14, 37-б.].
Ізбе-із аударманың бір түрі – парақтан аудару кезінде
жазылған мәтін алдын ала оқылмай, оны қабылдау барысында
ауызша аударылады.
Ал, абзацты-фразалы аудармада мәтін тыңдалып немесе
оқылып болғаннан кейін толығымен емес, әдетте абзацтарға
немесе фразаларға бөліп-бөліп тәржімеленеді. Аударманың бұл
түрі бірден-бір қарапайым аударма болып есептеледі, сондықтан
да аталмыш аударма мәтіннің көлемді үзінділерін есте сақтауды
қажет етпейді. Абзацты-фразалы аударма монологті, сондай-ақ
диалогті аудару кезінде қолданылады.
Біз тоқталатын аударманың келесі бір әмбебап түрі – жазбаша
аударма. Жазбаша аударма – аудару кезінде мәтін көзбен оқылып,
Достарыңызбен бөлісу: |