228
бөкеуіл– «хан сарайында ас-суды басқарушы»,
оғлан/ұғлан/ұлан –
«ханның титулы жоқ ұрпақтарының баласы, ханзада» т.т. осындай
сөздер де бұл күнде лексикалық ескіліктердің қатарынан табылады.
Жалпы ұрыс-соғысқа қатысты атқыш – «мерген», бұлғақ –
«қарсылық әрекет», үркіншілік – «үркіп босу», жарлық – «әскери
бұйрық», жесір – «тұтқын», жұңғар/барұңғар – «әскердің сол қанаты,
оң қанаты», нөкер – «жасақшы, әскери қызметші», пәнда/пенде қылу
– «ұрыста қолға түсіру», тоқуш/тоқыс/тоғыс – «ұрыс, шайқас»,
лек – «жүз мың» сияқты сөздер де бұл күнде көнерген не ескірген
бірліктер деп танылады.
Тарихи-көркем шығармаларда кездесетін қарауыл, тосқауыл,
жортуыл, шабуыл, айдауыл, шығауыл, ертауыл, жасауыл, шыңдауыл,
торуыл деген сөздер – әскери лексика тобының бірліктері, бұлардың
да қаруыл, шабуыл, тосқауыл сияқты бірен-саранынан басқалары бұл
күнде ескіріп үлгірген. Бұлар әскери терминдер ретінде күні кеше
өткен Ұлы Отан соғысында қолданылған жоқ. Бірауыз, қандауыз,
жалаңқат, берен, зере, кіреуке, себіл тон, құяқ, бектер, тізерлік,
бұтырлаң сияқты ұрыс-соғыста киетін сауыт- сайман, киім-кешек
атаулары (военное обмундирование), садақ оғының аттары – бұл
күнде көне және ескірген бірліктер, өйткені жақтың ұрыс-соғыс
қаруы, тіпті аң аулау құралы ретінде XIX ғасырдың II жартысында-
ақ колданыстан шығып қалған болатын
3
. Әскери лексика қорының
қолданылғандығын тек батырлар жырларынан ғана емес, біздің за-
манымызда жазылған, жазылып жатқан көркем әдебиеттен де таба-
мыз. Бұлардағы жұңғар, барұңғар сияқты монғол сөздерімен қатар
оң жанақ, сол жанақ, маңдай сүбе сияқты таза қазақша атаулардың
өзі ескірген әскери лексика тобына өтіп кеткені белгілі. Сол сияқты
мылтық түрлерінің атауларын, әскери киім-кешек (жалаңқат, кіреуке
тон, зере) түрлерінің аттарын, даңғырашы, сайыскер, қылышкер,
садақшы деген сарбаз атауларын, бұл күнде орысша дозор, аван-
гард, арьергард деген сияқты әскери топтар шыңдауыл, ертауыл,
шығауыл, торуыл, тосқауыл т.б деп түркі-монғолша аталғанын да
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» атты тарихи романдары-
нан табамыз.
Сондай-ақ Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сыматаев-
тар сынды жазушылардың тарихи көркем шығармаларынан ондаған
(тіпті жүздеген де!) ескілік атауларды жинап алуға болады (олар біраз
жиналып, арнайы сөз де етілді) (қара: Рәбиға Сыздық. Сөз құдіреті.
- Алматы: Атамұра, 2005). Бұларда да жоғарыда аталған көне ескі
әскери құрылым, әскери қызмет иесі, қару-жарақ, киім-кешек атаула-
3
История Казахской ССР. - Т.3. - С. 218.
229
рынан басқа құяқ, қаптан, тегілей, бектер, қоллық, бұтырлық сияқты
сауыт-сайман аттары, көбебұзар, әндіген, қисалы, ысқырма, тіз оқ,
кез оқ, доғал оқ, қозыжаурын, аймаңдай оқ сияқты жақ оқтарының
түрлерін атайтын сөздерді, керней, дабыл, даңғыра, шыңдауыл т.б.
сияқты дыбыс аспаптарының көне ескі атауларын кездестіреміз. Бұл
фактілер, бір жағынан, тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығарма
стилінің үдесінен (талабынан) шығып тұрса, екінші жағынан, бүгінгі
бізге ана тіліміздің ертеректегі сөздік қазынасынан хабар беріп тұр.
Сол сияқты жазушы Қабдеш Жұмаділовтің XVIII ғасырдағы
қазақ халқының жоңғар басқыншыларынан өз елінің оңтүстік-шығыс
өлкесін қайтарып алудағы ұрыс-соғысының іс-қарекетін суреттеген
«Дарабоз» романының стильдік ерекшеліктерінің бірі – бұдан 200
жылдай бұрынғы қазақ тілінің әскери лексика қорының біршама
көрсетуі деп табамыз. Мұнда да қару-жарақ, әскери құрылым атау-
лары (зат есімдер), соғыс жағдайына қатысты іс-әрекетті білдіретін
қимыл атаулары (етістіктер), XVІІ-XVШ ғасырлардағы қазақтар мен
жоңғарлардың әкімшілік-әскери лауазымдары – қысқасы, көптеген
лексикалық ескіліктер орын алған. Олар бұл күнде көбінесе кез кел-
ген оқырманға таныс емес, күнделікті тілде қолданылмайтын сөздер
болғандықтан, мұндағы ескі, көне сөздерді талдап-таныту қажеттігі
даусыз. Бұл жазушылар лексикалық ескіліктерді көп ізденістің,
қазақтың ертедегі өлең-жырларын, бай фольклорлық мұрасын жақсы
білгендіктің нәтижесінде алдымызда тартып отыр.
Көне, ескі тұлғалардың кездесетін келесі бір тұсы – қос сөздер
құрылымы. Қос сөздер деп аталатын бірліктердің бір тобын синоним
іспеттес бір мағынадағы екі сөздің біреуі, кейде екеуі де көбіне-көп
бұл күнде жеке қолданылмайтын, тұлғасы да, мағынасы да бейтаныс
сөз болып келеді. Мысалы, айып-шам(ы жоқ), ат-ұлақ, өлім-жітім,
шым-шытырық,
быт-шыт дегендердегі айырып (курсивпен)
көрсетілген тұлғалардың жеке тұрғандағы мағынасын ешкім бірден
тап басып айта алмайды. Бұлардың көбі – ертеде түркі тілдерінде
орын алған сөздер не бөгде тілдік тұлғалар. Мысалы, өлім-жітім
дегендегі жітім сөзінің түбірі – жіт- деген етістік, ол көне түркі
жазба ескерткіштерінің тілінде «жоғалу, жоқ болу» дегенді білдірген,
бұл етістік ертеде өл-жіт деп қосарланып та қолданылған. Жіт-
(йіт-) түбірінен йітік (жітік) сияқты ссім сөз де жасалып, жоқ
сөзінің тепе-тең синонимі болып келеді. Демек, жіт – «жоқ болу»,
бұнда етістік – өл- сөзінің синонимі, ал семантикалық ұя біреу: өлу
де – «жоқ болу», жоқ болу – «өлу». Бұндай кейде тең, кейде сино-
нимдес сөздердің қосарлана қолданылуы түркі тілдерінде, оның
ішінде қазақ тілінде кеңінен орын алғанын білеміз, мұның уәждері