Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет68/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162

194

көне  түркілік  бол-/бул-  етістігінің  бар  болғандығына  қарамастан, 

мұндағы  басқы  дыбыстың  (б-ның)  түсіп  қалуы  фонетикалық  заң- 

дылыққа  сай  келмейтіндіктен,  ол-  деген  түбір  морфема  түркілік 

емес, монғолдық деп дәлелдейді. Ал жұрнақтың қазіргідей -з, -за, -зо 

түрінде келмей, -жа түрінде жалғануы бұл сөздің монғол тілдерінде 

орта  ғасырларда  осы  тұлғада  қолданылғандығын  және  оның  түркі 

тілдеріне  сол  кезеңдерде  (XIII  ғасырларда)  енгендігін  көрсетеді 

дейді

4

.



§9. Төркін тілдегі бірнеше мағынасы бар кірме сөздер екінші тілге 

көбінесе  бір  мағынасымен  енеді,  бірақ  кейде  екі-үш  мағынасымен 

де,  олардың  ішінде  ауыспалы  мағынасын  алып  енетіндері  де  бола-

ды. Мысалы, майдан сөзі – парсы тілінде (оған араб тілінен кірген 

деп танылады) екі мағынасы бар сөз: «1) көкорай шалғын жер, көгал,  

2) алаң, ұрыс алаңы». Осы екі мағынаның екеуі де қазақ тілінде күні 

кешеге дейін қолданылған (өліп бара жатқан Төлегеннің аспандағы 

алты  қазға:  «Қонар  болсаң,  жануар,  міне  майдан,  міне  саз»  деген 

қоштасу сөздерін еске алсақ, мұндағы майдан сөзі «көгал, көкорай 

шалғын жер» дегенді білдіреді). Тілімізде ілгеріректе сұм, сұмырай 

сөздері парсы тіліндегі «жетім қалған немесе жақынынан айырылған 

бақытсыз,  сормаңдай»  деген  мағынасымен  еніп,  қолданылғанын 

көрсеттік. Кейін келе сөз мағынасы өзгеріп, «залым, қу» деген сияқты 

жағымсыз сипатты білдіретін сөзге айналған. Бұл күнде жетім бала-

ны немесе аға-інісінен, баласынан айырылған адамды сұм, сұмырай 

деп атамаймыз, ал ауыз әдебиеті үлгілері мен XIX ғасырларға дейінгі 

ақын-жыраулар  бұл  сөзді  тек  «сормаңдай,  бақытсыз»  мағынасында 

қолданған.

Қазақ  лексикасы  тарихында  кірме  сөздердің  тек  қана  ауыспа-

лы  мағынасын  не  мағыналарын  пайдаланып,  тұрақты  тіркес  жасау 

құбылысы  да  орын  алады.  Мысалы,  дес  бермеу  (беру)  етістігінің 

мәнді сыңары дес – парсының даст сөзі. Бұл сөздің парсы тіліндегі 

негізгі мағыналары: «1) қол, 2) жақ, 3) орын» дегендер болғанымен, 

қазақ тілінде оның ауыспалы көп мағынасының бірі – «күш, билік», 

«артықшылық» деген ұғымы қабылданған, сонда дес бермеу – «бой 

бермеу, күш бермеу, өзінен күшін асырмау». 

Абай:  қазақта  қара  сөзге  дес  бермедім  дегенде,  сөзге  яғни  ше- 

шендікке; ақындыққа келгенде ешкімді өзімнен асырмадым, ешкімге 

бой бермедім дегенді айтып тұр.

§10. Қазақ тіліндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен өткен ғасырлардағы 

ақын-жырауларының  тілін  талдағанда,  сөз  мағынасының  өзгеру 

4

  Рассадин  В.И.  О  роли  монгольских  языков  в  этимологизации  тюрксих  лексем  



// Проблемы этимологии тюрксих языков. - Алма-Ата, 1990.


195

процесін жақсы байқаймыз. Айталық, бұған жетім, жесір сөздерінің 

осы  күнгі  мағыналарымен  қатар  «құл»  (ұрыста  қолға  түскен  және 

сатып  алған  немесе  өзге  жолдармен  келген)  дегенді  білдіреді. 



Қарындас сөзінің күні бүгінге дейін әрі нақты «жасы кіші әйел бала» 

деген, әрі жалпы «туысқан, ағайын, рулас, бір жұрттың адамы» деген 

мағыналары бар екендігі, оның соңғы мағынасы бұл күнде әлсірей 

бастағаны мысал бола алады. Осы қатарда кен сөзінің «аруақтар мен 

әулиелердің  көзі  түскен  жер»  деген  мағынасы  ұмыт  болып,  оның 

«бір нәрсенің (көбінесе қазба дүниелердің) жиналған жері, көзі» де-

ген мағынасы активтеніп орныққанын көреміз. Сондықтан эпостан: 

«Әзіреті  Қаратау  –  әулиенің  кені  еді»  деген  жолдарды  оқығанда, 

«мұнай кені, көмір кені, түсті металл кендері» дегенді ғана білетін 

бүгінгі оқырмандар бұл жердегі кен деген қате жазылған сөз болар 

деп  ойлауы  мүмкін.  Ал  тарихи  лексикологияға  қатысты  еңбектерді 

оқыса,  не  мұғалім  соларға  қарап  түсіндірсе,  бұл  жыр  жолдарының 

әр сөзі өз орнында дұрыс тұрғанын біледі, яғни жыршы: «Қаратау – 

әулиелердің көзі түскен қасиетті, киелі мекен» дегенді айтып тұр деп 

таниды.

Қазына/қазине  деген  кірме  сөздің  де  мағынасы  «жылжыған»:  о 

баста бұл сөз көбінесе «мүлік, бұйым сақтайтын орын» (сандық, жүк, 

шұңқыр-қандақ) деген мағынада жұмсалған, сондықтан «қазынаның 

аузын ашу», «қазинелі қара нар», «қазыналы қандағы» сияқты жыр 

жолдары  кездеседі.  Келе-келе  қазына  сөзінің  осы  күнгі  «мүлік, 

байлық» және «мемлекет, қоғам» деген мағыналары орнығады. Сөз 

мағынасының  бұлайша  құбылуына  көп  уақыт  та  өтпегенін  және 

байқаймыз:  бұдан  100-200  жыл  бұрын  ғана  қазына  сөзі  алғашқы 

көрсетілген мағынада жұмсалып келген.

§11. Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттену процесі – 

үнемі орын алып отыратын құбылыс. Сөз мағынасының ұмыт бола 

бастауы – сол сөзді қолданыстан не мүлде шығарып тастайды, не тек 

белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде, 

күрделі  сөздерде  ғана  келеді.  Мысалы,  сал-  етістігінің  «қалдыру,  

тастап  кету»  мағынасы  күңгірт  тартқан,  сондықтан  бұл  ұғымдағы 



сал-  сөзін  тек  «Қайран  менің  Еділім,  сен  салмадың,  мен  салдым» 

сияқты XV ғасыр жырауының толғауында немесе дүние салу, салма-



стан кию сияқты фразеологизмдерде кездестіреміз.

Сөз мағынасының түсініксіз тартып, күңгірттенуі оның түлғасын 

бұл  күнде  қолданыста  бар  өзге  сөзбен  алмастырып  жіберуге  итер- 

мелейді. Мысалы, «ойрандалу, тозу, бүліншілікке ұшырау» мағына- 

сындағы  бүлу  етістігі  «Бүлген  елден  бүлдірге  алма»,  «Озбыр  олжа 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау