Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет76/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   162

215

аталған  жұмыс  пен  қазір  ұсынып  отырған  еңбектің  бір-бірінен 

айырмашылықтары  бар:  «Сөздер  сөйлейді»  –  семасиологиялық-

этимологиялық сөздік, ал мына ұсынылып отырған жұмыс – ғылыми-

танымдық  зерттеу  және  мұндағы  талдаулар  белгілі  бір  әдебиет 

үлгілеріне  қарай  (мысалы,  «Едіге»  жырын)  немесе  белгілі  бір 

кезеңді  қамтитын  қазақ  тілінің  тарихи  сөздігінің  үлгісін  ұсынуды 

көздейді. Атап айтқанда, мұнда ноғайлы-қазақ цикліндегі, негізінен 

ХV-ХVШ  ғасырлардағы  батырлар  жырларындағы  бірліктер  тал-

данады.  Бұлар  –  бүгінде  еркін  қолданылмайтын  және  мағыналары 

бейтаныстау немесе тұлғалары өзгеше болып көрінетін сөздер. Бұл 

жердегі  «ескілік»  деген  терминіміз  –  «көне»  дегеннің  дәлме-дәл 

эквиваленті емес. «Ескіліктердің» ішінде көнерген сөздер де (арха-

измдер),  ескірген  сөздер  де  (историзм  деп  аталатын)  бар.  Ескірген 

сөз дегеніміз – бір кезеңдерде қолданылған зат, бұйымдардың, орын 

алған  оқиғалардың,  құбылыстардың,  ұғымдардың,  ағымдардың 

т.б.  аттары  (атаулары).  Өздері  білдіріп  тұрған  заттар,  құбылыстар, 

ұғымдар тарих төрінен (қоғам өмірінен) кеткеннен кейін оларды атап 

тұрған сөздер ескіріп, қолданыстан ығысып кетеді. Бұлайша ығысқан 

бірліктерді тіл білімінде «көне» деп емес, «ескірген» (историзм) сөз 

деп атайды. Бұл термин (историзм) қазақ тіл білімінде әрқилы аталып 

келеді:  оны  тарихаят,  тарихи  сөз  деп  атауды  ұсынушылық  болды 

(проф. Е.Жұбанов). Терминком тарихаят дегенді ұсынады. Калька-

лау тәсілімен аталған сөздерден гөрі, семантикалық принципті жөн 

көріп,  біз  осы  еңбекте  историзмдерді  «ескірген  сөз»  деп  атағанды 

дұрыс көрдік.

Сөз дегендер де – «тірі дүниелер» іспетті, яғни тарихи құбылыс 

атаулары, демек, сөздердің де не мағынасы, не тұлғасы, не қолданыс 

орны  өзгеріп  жатады.  Бүгінгі  адамдар  санасы  өсіп,  әр  халық  өз 

тарихының  бұрынғы-соңды  құндылықтарын  мейлінше  түгендеп, 

зерттеп-зерделеп жатқан күндерде «ескірген», тіпті әбден «көнерген» 

дүниелерді де теріп-жинап алып, таным-ғылым дүниесіне, мүмкіндігі 

болса, қоғам тірлігіне (тіліне) алып келудің қажеттігі туып отыр. Осы 

себептен жалпы тілдегі ескіліктерді теріп алып, жеке зерттеу нысаны 

етуімізде бірнеше мақсат көзделді.

Алдымен,  қазақ  тілі  сияқты  өте  әріден  келе  жатқан  аса  бай, 

икемді,  көрікті  тілдің  бұрынғы-соңды  лексикалық  қазынасын  ба-

рынша  түгендеп,  қалың  жұртшылыққа  және  білім-ғылым  әлеміне 

көрсету мақсаты тұрса, екіншіден, ғажайып бай қазақ әдеби мұрасын 

бүгінгі  оқырмандардың  әрі  жақсы  түсініп,  әрі  сүйсініп  оқуларына 

көмектесу көзделеді. Әрине, бұл қазақтың ауыз әдебиеті мен ақын-

жырауларының  мұраларын  түсіну  қиын  деген  сөз  емес.  Керісінше, 



216

өте ертеден сақталып келе жатқан әдеби үлгілердің, әсіресе эпостық 

жырлар  мен  қазақтың  кең  даласының  әр  қиырында  жасап  өткен 

ақын-жыраулар  мұрасының  тілі  қазіргі  қалың  жұртшылыққа  түгел 

түсінікті, бұларда жергілікті ерекшеліктер мен көне сөздер көп емес 

екендігін  баса  айтуға  болады.  Дегенмен  азды-көпті  бейтаныс,  се-

мантикасы  күңгірт  тартқан  немесе  тұлғасы  біршама  өзгерген  жеке 

элементтердің болуы заңды. Олардың болу себептері де әртүрлі. Ал-

дымен, қазақтың эпостық жырларының көбі, әсіресе «Едіге», «Алпа-

мыс», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

сияқты жырлар бүгінгі күндерімізден әлдеқайда көп бұрын дүниеге 

келген. Демек, олардың ең алғаш пайда болған (жырланған) кезінде 

қолданылған  сөздер  мен  көрікті-бейнелі  сөз  тіркестері  азын-аулақ 

сақталып отырады. Бұған поэзия дүниесінің «тәртіптері» де себепкер 

болады: өлеңнің ұйқас өлшем сияқты шарттары кейде мәтін сөздерін 

ауыстыруға,  өзгертуге,  жаңғыртуға  жібермейді.  Мысалы,  ХV-ХVІ 

ғасырлар  аралығында  жасап  өткен  (шамамен  1465-1560)  Шалкиіз 

жыраудың бір шағын толғауының:



Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,

Кешу кешмек сайдан-дүр.

Батыр болмақ сойдан-дүр.

Жалаңаш барып жауға ти 

Тәңірі өзі біледі

Ажалымыз  қайдан-дүр?  (Алдаспан,  1971,76-бет)  –  деген  жол-

дарында майдан сөзі – «көгал, көк шалғын жер» деген ескідегі бір 

мағынасын  білдіреді.  Бұл  жерде  әңгіме  ұрыс-соғыс  алаңы  (қазіргі 

майдан сөзіндегідей) емес, демек, осы толғауды бізге жеткізушілер: 

шабар  жері  көгал-дүр  деп  алмастыра  алмаған,  өйткені  майдан  – 

сойдан деген ұйқасты бұза алмайды. Сол сияқты сой сөзі де – ескі 

қолданыс, ол «ата тегі, нәсілі» деген мәнде келіп тұр, мұны да ба-



тыр  болмақ  тегінен-дүр  деп  ауыстыруға  болмайды,  өйткені  бұл 

ескі сөздерді алмастыруға өлеңнің ұйқас суреті мен тармақ өлшемі 

жібермейді.

Екіншіден,  «Едіге»  жырынан  бастап,  «Қарасай-Қази»,  «Орақ-

Мамай», «Ер Тарғын», «Шора батыр» т.б. сияқты батырлар жырла-

ры  мен  Асанқайғы,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Шобан  сияқты 

ХV-ХVІ ғасырдағы жыраулар Алтын Орда мен одан бөлінген Ноғай 

Ордасында  жасап  өткен  сөз  зергерлерінің  өлең-жырлары  әр  алуан 

түркі  ру-тайпаларының  бірлестігі  кезінде  туғандықтан,  бұлардың 

мұраларында  кейін  қазақ  тілінде  тұрақтамаған  ноғай-қазақ  және 

басқа  түркі  тілдері  элементтерінің  орын  алуы  –  заңды,  сондықтан 

осылардағы  көптеген  бейтаныс  сөздерді  көне  түркілік  үлгілерден, 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау