Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§14.  Сөз  мағынасының  құбылу  процесін  байқау  барысында



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет71/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162

200

§14.  Сөз  мағынасының  құбылу  процесін  байқау  барысында 

сөздің ауыспалы мағыналарының активтенуі көзге түседі. Мысалы, 

аға сөзінің негізгі номинатив мағынасы «жасы үлкен ер адам» деген 

туыстық  атауын  білдіру  болса,  оның  «белгілі  бір  топтың,  айталық, 

әскердің, ауылдың, қостың, үй ішінің т.б. басы, басшысы» деген ауы-

спалы мағынасы ерте кездерден бастап-ақ актив қолданылған. Оған 



қос  ағасы,  жігіт  ағасы,  от  ағасы  деген  тіркестердің  қалыптасуы 

және  аға  сөзінің  «қол  басы»  (қол  ағасы)  мағынасында  жеке  тұрып 

терминге  айналғаны  мысал  бола  алады  (Сан  шерулі  қол  болса,  ба-

тырлар болар ағасы). Тіпті аға сөзі бір кездерде әлеуметтік қосалқы 

ат – титул ретінде де жұмсалған: Ер Жақсымбет аға бар деген өлең 

жолында ер сөзі – тұрақты эпитет (Ер Тарғын, Ер Сайын дегендердегі 

сияқты),  ал  аға  –  Ер  Жақсымбеттің  атағы,  титулы,  қол  бастаушы 

деген дәреже атауы.

Екінші  мысал  етіп  ару  сөзін  көрсетуге  болады.  Ол  ертеректегі 

қазақ тілінде де негізгі «таза, адал, игі, жақсы» деген мағыналарын 

сақтап  қолданылғандықтан,  ару  ат,  ару  жігіт,  ару  ұл  деген 

тіркестерді құрай алған. Қазақ тілінде заман өткен сайын бұл сөздің 

түпкі мағынасы өзгере түседі: мұнда көне түркілердегідей ару киім, 



ару ас тіркестері жоқ. Ол енді «пәк, күнәсіз» дегенді білдіріп, одан 

«жас қыз» деген ұғымға ие болады, ал біздің күндерімізде ару сөзі 

көбінесе  «сұлу  қыз,  сұлу  жас  әйел»  деген  ұғымда  поэтикалық  сөз  

(поэтизм) ретінде жұмсалады. Демек, сөз мағынасы бір емес, бірнеше 

рет ауысып отырған. Жоғарыда (осы кітапта) кеңінен талданған ала 

сөзінің  ауыспалы  мағыналары  да  бұл  айтылған  тұжырымға  мысал 

бола алады.

Сөйтіп,  тарихи-түсіндірме  сөздік ретінде  осы  кітапта  талданған 

материалдардан  шығатын  бұл  тұжырымдарды  қазақ  тілінің  тарихи 

лексикологиясы  курсына  әр  тұстан  септігі  тиетін  тезистер  ретінде 

ұсынып отырмыз. Бұл еңбекте көзделген негізгі мақсат – диахрондық 

лексикология бойынша ғылыми ізденістер жүргізу емес, ескі өлең-

жыр текстері мен ауыз әдебиеті үлгілерін бүгінгі оқырмандар жақсы 

түсініп,  әр  сөзін  дұрыс  ұғып  оқуларына  көмектесу,  ана  тілінің 

лексикалық байлығын зер қоя танып, әрбір сөзін асыл мұра ретінде 

сақтап, кәдеге асыра білулеріне жәрдемдесу болды. Бірақ, әрине, тал-

дау нәтижелері сөз мағыналарының тарихын танытқандықтан және 

бұл талдауларымыз ғылыми негізде, ғылыми аппаратқа (еңбектерге) 

сүйеніп  жүргізілгендіктен,  жоғарыда  14  бап  етіп  ұсынған  пікір-

байламдарымыз  (тұжырымдарымыз)  қазақ  тіліндегі  сөздердің 

түптамыры мен мағыналарының қозғалысын (эволюциясын) тануға 

біршама мұрындық болар деп ойлаймыз.




201

ТАЛДАНҒАН СӨЗДЕР ТІЗБЕСІ:

6

 

Жеке сөзтізбеге (реестрге) алынбай, өзге сөздерді талдау үстінде әңгіме етілген 



сөздердің сол жақ шекесіне * таңбасы қойылды.

абжылан (абжыландай толғану) 

11-14 

абыз 14-15



*абышқа (абшыйқ) 14 

аға 15-18

адыр-бұдыр 104 

адырна (адырана) 18-19 

азамат 19-20

*азбан 31

*айбалта 31-32

айбар 22, 26-27

*айбат 22

*айбын 22

айдын 22-25

айдынды 22-23

айдындық (айдындықтай ақ 

жүзі) 22-25 

айлану 25

айласу 26

айпарадай 26-27

айтулы 27-29

айылын жимау 29 

айым 26-27

айып-шамы жоқ 29-30

ала (азбан, ат) 30-31 

ала (ала ауыз) 34-35

ала (ала балта) 31-33

ала (ала берен) 33

алабұрту 34

ала (ала көз) 34-35 

*алақу 32

аламан 33-34

алапа (алапай) 35-36 

*аласат 32

ала (ала ту) 33 

алаулау 31-32

алаш 36-40

алаша (алаша ат) 30-31

алғаным 40-41

алдияр 41-42

ал иіндік 30

*алқа 42-43

*алқа-қотан 43 

алқалау 42-43

алқалы 42-43

алп (алп басқан) 43 

амандасу 44

ант (Қодар деген ант)

арай 


аран 

ара-тұра 

*ар ма (армысыз) 

ару 


*аруана 

*арулау 


аршын (төсі аршынды) 

*аршындау

арық-тұрақ 

*арылу 


аса жұрт 

астана жұрт

асра жұрт 

*атайман 

атайы (атайын) 

*атақты 


атаулы 

ат-ұлақ


аты шулы

ауыр (ауыр жұрт)

ахта ат 

аш құлақ 

ашу (қарны ашу, арып-ашу) 



202

әйкел 


байғұс 

байсалды 

байсал табу 

байтақ 


барым 

барымта 


бедеу ат

берен 


*бикеш 

бусану (бұрсану) 

*бұғы (бөке) бүке 

*бұхаржай (бұхаржа) 

бұлан 

бұлт ала, жер шола 



бұрсану 

бұршақ 


бүлу 

быт-шыты шығу 

білік/білек 

даңға шығу 

дат/дәт 

*дән риза

дем тарту 

 дес беру (дес бермеу) 

дулыға/тулыға 

дындан 


дін аман

ел-күн 


емсеу 

еңірету


еңіреу

еп 


ереуіл 

*ерулі (еруліге қарулы)

*жа (бұхаржа) 

жағаласу 

жад ету (жат қылу, жат ету) 

*жады 


жадыгөй 

жадылау


*жазу

жайшы 


жайлату (күн жайлату)

жақ 


жалаңқат

жам 


жаушы 

жәреукелі

жебе 

жек көру 



жемсеу 

жер болу 

жер қылу 

жесір 


жетім 

жолдас 


жосын 

жылы-жұмсақ 

*жігіт 

жітім: (өлім-жітім) 



зар (зар еңіреу) 

зор (зор салу) 

*зындан

зыңырану 



илену 

илеу (зар илеу) 

ирек (ит мініп, ирек қамшылау) 

*кебе 


кебенек 

*кебін 


кедір-бұдыр

*кед/кет/кей/кез 

кез 

келелі (келелі қара бұлт)



кен 

*кеп 


кердең мойын

керен 


*кертартар 


жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау