Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет49/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162

143

САЛУ. XV-XVI ғасырларда жасап өткен Шалкиіз, Қазтуғандар- 

дың мұраларынан сал- етістігінің бұл күнгіден өзгеше келетін «та-

стау, қалдырып кету» мағынасында қолданылатын тұстарын көреміз. 

Қазтуған атамекенімен қоштасқан толғауында:

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың, – 

дейді,  яғни  «мен  сені  өз  еркіммен  қалдырып  бара  жатқаным  жоқ, 

мен қалдырдым (кетуге мәжбүр болдым)» дегенді айтады. Мұны осы 

жолдардан кейінгі:

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт, – 

деген сөздері дәлелдей түседі. Шалкиіз жырау мен батырлар жырла-

рында кездесетін:

Жағы түкті жылқы айуан 

Иесін қайда жаяу салмаған? – 

немесе Махамбеттегі:

Таңдап мінген тұлпарлар 

Иесін қайда жаяу салмаған? – 

деген жолдарда да салу етістігі «тастау, қалдырып кету» мағынасында 

келіп  тұр.  Біздіңше,  «құлын  тастау»  мағынасындағы  құлын  салу

«өлу»  мағынасындағы  дүние  салу  деген  тұрақты  тіркестердегі  салу 

сөзі де – «тастау, қалдыру» мәнінде. Қырғыз тілінде бала салу, қозы 



салу («бала тастау», «қозы тастау») тіркестері бар.

Салу етістігінің бұл мағынада жұмсалғанын XVI ғасырдың соңғы 

жылдарының түркі (қазақ) жазба ескерткіші – тарақ таңбалы жалай-

ыр руынан шыққан Қадырғали би Қосымұлының «Жами´ат-тауарих» 

деген тарихи шығармасының (шежіресінің) тілінен де көреміз. Ол бір 

жерде былай деп жазады: «[Чингиз хан Отчигин нойанды] нечүк уа-

лайат тәжікке атланғанда, аны үйінде, ордаларында ләшкері білән са-



лып кетті». Бұл сөйлемнің қазіргі қазақшасы: «[Шыңғыс хан] тәжік 

уалаятына аттанғанда, оны [Отчигин ноянды] әскерімен қоса өз үйі 

ордасына қалдырып кетті».

Сөйтіп,  салу  деген  етістік  осы  күнгі  білдіретін  мағыналарымен 

қатар («кою, орнату» т.т.), ертеректе қазақ тілінде «тастау, қалдырып 

кету»  мағынасында  да  еркін  жұмсалған.  Біздіңше,  бұл  –  омоним 

сөздер болар, яғни сыртқы тұлғасы (сал-) бір, мағынасы екі бөлек екі 

сөз болар деп ойлаймыз.



Сал-  етістігінің  қазіргі  нормадан  ауытқып  қолданылған  тұсы 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында да бар екенін эпос тілін зерт- 

теуші Е.Жұбанов көрсетеді. Ондағы:



144

Сол Баянды Қодар құл көзден салмас... 

Садағыңды беліңнен салма деген... 

Шырағым, мені есіңнен салма дейді, – 

деген  өлең  жолдарында  қолданылған  салма-  етістігі  «тастама, 

қалдырма, есіңнен шығарма» деген мағыналарды береді. Киімді сал-



мастан  киді  дегендегі  салмастан  етістігі  де  «тастамастан»  деген 

мағынада екенін осы зерттеуші қоса көрсетеді.

Сөз  төркінін  қуаласақ,  бұл  –  көне  түркі-монғол  сөзі  болуы  ке-

рек.  Сала(х)  сөзі  –  монғол  тілінде  «1)  бір  нәрседен  құтылу,  тастау, 

қалдырып  кету,  арылу,  2)  бөліну,  айырылу,  3)  жоғалту,  айырылып 

қалу» мағыналарын беретін етістік. Қазақ тілінде бұл сөзді тіркестер 

құрамында  (дүние  салу,  салмастан  кию)  немесе  ертедегі  үлгілер 

тілінде қолданылған көненің көзі ретінде сақталған әлемент деп та-

бамыз.

САН. Батырлар жырларында:

Он екі жасқа келгенде,

Он сан қолға бас болдым, – 

деген жолдардағы сан сөзі немесе Махамбеттегі:

Алты сан алаш ат бөліп,

Тізгінін берсе қолыма, 

Заулар едім бір көшке...

Сол онымыз жүргенде,

Мың сан әскер қол едік...

Сан шерулі қол болса,

Батырлар болар ағасы – 

дегендеріндегі  сан  сөзін  бұл  күндегі  «есеп»  мағынасындағы 

қолданысынан  бөлек  тану  қажет.  Өткен  ғасырда  қазақша-орысша 

сөздік  түзген  Н.И.Ильминский  сан  сөзінің  бір  мағынасын  «есепсіз 

көп сан» («большое, неопределенное, впрочем, число») деп көрсетеді. 

Бұл мәнде осы күні сансызсансыз көп сөздері жұмсалады. Ал о ба-

ста сан деген сөз «өте көп, мөлшерсіз көп» деген ұғымды білдірген. 

Жалпы өлең жолдарындағы сан сөзі осы мағынада жұмсалып тұр. Ол 

он сан, алты сан, мың сан деген тұрақты тіркестердегі он, алты, мың 

деген сан есімдер де өздерінің номинатив (тура) мағынасын таныт-

пайды, олар да – «көп, белгісіз мөлшердегі көп» деген ұғымда келген 

сөздер.


Сөйтіп,  сан  сөзі  бір  кездерде  тілімізде  «көп,  сансыз  көп»  деген 

мағынаны сан есімдермен тіркесте келгенде, тұтас тіркес болып біл- 

дірген.  Алты  сан  алаш  –  «қаумалаған  қарындас»,  яғни  қалың  елі, 

ағайыны,  артынан  ерген  қалың  жұртшылық,  мың  сан  әскер  де  – 

«есепсіз көп әскер».



145

САНА. «Алпамыс» жырында:

Маған да әсер қылып тұр 

Зарланып айтқан санаңыз... 

Қайда барып төгемін 

Ішімдегі сананы, – 

деген жолдар бар. Сана сөзі қатысқан өлең жолдарын өзге жырлардан 

да жиі кездестіреміз. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:

Ол бір сана көңіліме салды дейді.

«Айман-Шолпанда»:

Айманның көңілі кең, ақылы дана, 

Ішінде Арыстанның болар сана.

Бұлардағы сана – «сана-сезім» мағынасындағы сана сөзінен де, 

«есептеу» мағынасындағы сана- етістігінен де өзгеше мәнде қолда- 

нылған сөз. Келтірілген өлең жолдарындағы сана – «ой» және жай 

ой емес, «толғантатын ой» мағынасында келген. Әсіресе, Сарғайып 

санаменен жүзі сары немесе Қайда барып төгемін ішімдегі сананы 

деген  жолдарда  сана  сөзінің  «қинаған,  толғантқан,  уайым  жегізген 

ой» деген мағыналық реңкі айқын көрінеді.

Сана сөзінің «ой, ойлау» мағынасы монғол тілінде де бар. Сана 

сөзінің ой сөзіне синоним болып келетіндігін «Алпамыстағы»:

Қой дегенде қоймасаң,

Түсіремін ой-сана, – 

деп  плеонастық  қатар  (яғни  бір  мағынадағы  екі  сөздің  қосарлана 

қолданылуын) түзіп тұрғанынан да көрінеді. Ойды айтатын, төгетін, 

салатыны сияқты сананы да салады, төгеді, айтады,

Әрине, қазақ тілінде бұл – кірме сөз емес, біздіңше, сірә, түркі-

монғол  тілдеріне  ортақ  сөздердің  бірі.  Оның  қазақтың  ескі  өлең-

жырларындағы  мағынасы  қазіргі  философиялық,  психологиялық 

термин  ретіндегі  (орысша  «сознание»)  мағынасынан  едәуір  өзгеше 

болғаны көрінеді.



САНДЫҚ. ХVІ ғасырдағы қазақ тарихшысы жалайыр Қадырғали 

би  Қосымұлының  атақты  «Жамит`  ат-тауарих»  атты  шежіресінде 

Шыңғыс  ханның  өлерінде  балаларына  айтқан  өсиетінде:  «Мәнің 

сүңгәгімні  (ң)  турған  сандуқты  алыб,  өз  уалайатларыңызға  йүз 

уруңуз» (Қадырғали би… 171) дейді. Мұндағы сандуқ сөзі – әрине, 

бұл күнде біз білетін сандық (ішіне зат, бұйым, киім-кешек салатын) 

емес.  Орта  Азияның  отырықшы  халықтарының  (өзбек,  тәжік  т.б.) 

өлікті жер қойнына беру салт-дәстүрінде орын алған сағана деген-

дерге өлікті салып қоятын жәшікті (саркофагты) сандық деп атаған 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау