131
ҚҰРСАНУ. Батырлар жырында:
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды, –
деген клише (кәнігі сөз қалыбы) кездеседі. Мұндағы құрсану етістігі
бұл күнде кемде-кем қолданылады. Бұл – көне түркі тілдеріндегі
«белдік, белбеу» мағынасын беретін құр сөзінен жасалған құрсау
етістігінің өздік етіс түрі. Құрса- құр + сау «белге байлау», құрсан-
«бір нәрсемен белін байлау, белбеулену» дегенді білдіреді. Мұны ескі
жырларда кездесетін «алтын белбеу құрсанып» деген сияқты өлең
жолдары да дәлелдейді. Мұздай темір құрсану – «темірден (болат-
тан) жасалған қаруды беліне байлау, иығына асу, ілу» деген мәнде.
Осы түбірден жасалған құрсай сөзі де бар.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:
Құрсай садақ беліне ілер дейді, –
деген жол бар. Мұндағы құрсай сөзінің мәнін «садақты беліне ілді»
деген контекстің өзі ашып тұр. Қазіргі тілімізде бар құрсау сөзінің
түбірі – құр, о бастағы тұлғасы – құрсағ («белдік, оралған, белдеулен-
ген нәрсе») деген есім сөз.
Шалкиіз жырау мен Махамбет ақындарда және «Ер Тарғын» жы-
рында келетін:
Аспанды бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды, –
деген стереотип (клише, қалып сөз) жолдар бар. Бұл жердегі
құрсайды дегеннің де түбірі – құр, одан құрса- етістігі жасалған, мәні
«орау» (аспан адам баласының көзіне дөңгелек, төңкерілген дүние,
оны қаптаған бұлт, кемпірқосақ сияқтылар аспанды орап алғандай
болып көрінеді). Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігі бұл
жердегі құрсау етістігін «айналаны қоршау, торлау, қамап алу» деп
түсіндіреді. Бұл – дұрыс, бірақ осы мағынасы – құрсау сөзінің ау-
ыспалы мәндегісі, яғни әуелдегі «белбеулену, белді орау» дегеннен
туған (ауысқан) мағына.
Қазақ тіліндегі құр (бау), басқұр, ышқыр (іш + құр) деген сөздер
де «белдік» және «айнала орау» деген мағынадағы құр сөзімен
төркіндес екені айқын көрініп тұр.
Сөйтіп, құрсану сөзінің түбірі – құр («белді»)+са (етістік туды-
ратын жұрнақ) +н (етіс жұрнағы), мағынасы «белге байлау, белбеу-
лену». Бұл күнде құрсау сөзінің мағынасын «қоршау, торлау, қамап
алу» деп түсінгендіктен, оны қоршау етістігімен алмастырып жіберу
де кездеседі. Мысалы, эпостық жырлар мен Махамбет сияқты
ақындарда бірнеше реттен кездесетін жоғарғы жолдардың:
132
Күнді бұлт қоршайды,
Күн жауарға ұқсайды,
Айды бұлт қоршайды,
Түн жауарға ұқсайды, –
деп жазылған түрлерін де ұшыратамыз.
ҚҰТЫ ҚАШУ. ҚҰТ ҚОНУ. ҚҰТТЫ БОЛСЫН. ҚҰТТЫҚТАУ.
Бұл тіркестер – қазіргі тіліміз үшін жиі қолданылатын, мағыналары
айқын, кәнігі сөздер. Бізді бұл жерде қызықтыратын – құт түбір
сөзінің жеке тұрғандағы бұрынғы және қазіргі мағыналары.
Түсіндірме сөздік құт сөзіне «береке, байлық, мол қазына» деген
түсініктеме береді, құты қашты тіркесін «берекесі кетті, ұсқыны
қашты» деп түсіндіреді.
Құт(ы) сөзі қазақ тілінде құтын алу, құты түсу деген тіркестер
құрамында да келеді. Соңғы тіркестердегі құт сөзінің мағынасы
басқашарақ: құтын алу – «қатты қорқыту, шошыту», құты түсу
– «көңілі түсу, көңілі келу». Құт сөзінің көне түркі тілдеріндегі
мағынасын іздестірсек, екі түрлі болғанын көреміз: бірі – «адам
жаны, рухы, өмірлік күші (орысша «жизненная сила»), екіншісі –
«бақыт, игілік; табыс, сәттілік».
Біздің байқауымызша, қазақ тіліндегі жоғарыда көрсетілген
тіркестер осы екі мағынаның негізінде пайда болған: құты қашу,
құтын алу дегендердегі құт(ы) «адамның ішкі жан күші, рухы» де-
ген мағынаға байланысты, яғни біреудің құтын ұшыру, құтын алу
– «оның ішкі жан күшін әлсірету», яғни «қорқыту, шошыту» дегенді
білдіреді. Ал құт қону, құтты болсын айту, құттықтау дегендер-
дегі құт-тың негізі – «бақыт» мағынасы; құт қону – «бақытты болу»,
құтты мекен, құтты орын, құтты қонақ дегендер «құт-бақыт
қонған мекен, орын», «бақыт әкелген қонақ» деген мәнде екені айқын.
Құттықтау сөзінің де түп мағынасы– «бақыт, сәттілік», «табыс
тілеу». Өзге кейбір түркі тілдерінде құттықтау сөзі құтлау («құт-
бақытқа сый көрсету, яғни оның пайда болуын тілеу») тұлғасында
келеді (Ахметьянов, 34). Қазақ тілінде есімнен етістік тудырушы -ла
жұрнағы құт сөзіне тікелей жалғанбай, оның құтлығ/құтлық де-
ген сын есім қалпына жалғанып жасалған: құттықта (құт + лық
+ та) – «бақытты болуды қалау, тілеу». Ал түсіндірме создіктің құт
сөзіне берген анықтамасындағы «береке, байлық» мағыналары түп
негізіндегі «бақыт» мағынасынан ауысқан: береке мен байлық –
бақытты құрайтын, бақыттылықты білдіретін нәтижелер.
Сөйтіп, бұл күнде құт/құты сөзінің ертедегі тура мағынасы
көмескіленіп, одан туған ауыспалы мағынада қолданылатын тіркес
компоненті және туынды сөздің негізі ретінде ғана сақталған.
133
ҚЫТЫҚСЫЗ АРАЛАСУ. Ұлы Абайдың Лермонтовтан аударған
«Теректің сыйы» атты өлеңінің ең соңғы шумағы:
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты,
Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп
Қатынды алды, қытықсыз араласты, –
деп аяқталады. Ақынның 1957 жылы жарық көрген екі томдық ба-
сылымында қыйтықсыз деп жазылған. «Абай тілінің сөздігі» бұл
шумақта жазылған түрінше қитықсыз сөзін тіркемеген не қытық-
сыз сөзіне қоспаған. Соңғы тұлға осы басылымда Полонскийден
аударған «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» деп басталатын
өлеңіндегі келген түрінде сөздікке енгізіліп, «шынайы, таза» деген
мағына береді деп көрсетілген.
Көне түркі тілінде қыдығ – «1) бір нәрсенің шегі, шекарасы,
2) өзен-су жағасы» деген мағынадағы сөз, ал қыдығсыз тұлғасы
«шексіз, шетсіз» дегенді білдіреді. Қытықсыз араласу «ара-жігі
білінбей, мүлде араласып кету» дегенге саятын сияқты. Бұл сөздің
қазіргі кездегі «емін-еркін, ұялмай-қысылмай» деген ауыспа-
лы мағынасы «ара-жігі білінбей араласып жату» деген бастапқы
ұғымынан ауысуы мүмкін.
МАЙДАН. Бұл сөзді қазіргі кезде көбіне-көп «ұрыс-соғыс бола-
тын (болған) жер» деп ұғамыз. Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме
сөздігі майдан сөзін «1) сұрапыл соғыс даласы, 2) белгілі бір
бағытта әрекет жасау үшін біріккен әскери күш, 3) бір қолбасшының
басқаруымен бірнеше армия құрамаларының қимыл-әрекет жасай-
тын ауданы» деп түсіндіреді (ҚТТС, 1974, II, 121). Бұл сөздің соңғы
екі мағынасы Ұлы Отан соғысы кезінде пайда болған, орыс тіліндегі
фронт сөзінің баламасы ретінде алынған жаңа мағына екені көрініп
тұр.
Ал бұрынырақ қазақ тілінде майдан сөзі әрі осы күнгідей, «ұрыс,
шайқас орны» әрі «көгал» және «алаң» деген мағыналарда жұм-
салған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында өлейін деп жатқан Төлеген
аспандағы алты қазды шақырып:
Қонар болсаң, жануар,
Міне, майдан, міне, саз, –
дейді. Мұндағы майдан да, саз да «көгал жер, көкорай шалғынды
жер» дегенді білдіреді. Саз сөзі де екі мағынаны білдірген: бірі –
«көгал, көкорай шалғынды жер», екіншісі – «балшық», қазіргі әдеби
тілімізде саз – су араласып, балшыққа айналған топырақ» (ҚТТС,
Достарыңызбен бөлісу: |