Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет1/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265


ФИЗИКА ӘЛЕМІ 

пӘндІК энцИКЛопЕдИя 

Алматы


2015

1-тоМ

А – Л


УДК 53(031)

ББК 22.3я2

Ф 49

«Физика әлемі» пәндік  энциклопедиясы  – ана тілімізде тұңғыш рет шығарылып отырған 

2 томдық жинақ. Энциклопедияда әрбір ұғым мен түсінік кең ауқымды, егжей-тегжейлі, 

терең мазмұнды болып баяндалып, физикалық құбылыстардың құпия сырлары қалыптасқан 

теория аясында түсіндірілген. Осы тұрғыдан алғанда «Физика әлемі» пәндік энциклопедия- 

сы тек мектеп оқушыларына ғана емес, физика мамандықтары бойынша оқитын жоғары 

оқу  орындары  студенттеріне  де  ортақ  болмақ.  Сонымен  қатар  физика  пәнін  тереңдетіп 

оқытатын  мектептер  мен  лицейлердің  оқушыларына  көп  көмек  тигізбек.  Физика  пәні 

мұғалімдеріне оқулықтан тыс мағлұматтар беретін құрал ретінде де пайдалануға лайықты 

басылым екені сөзсіз.

Табиғат құбылыстарының (мысалы, найзағай, аспанның күркіреуі, кемпірқосақ, Күннің, 

Айдың  құлақтануы,  поляр  шұғыласы,  сағым,  т.б.)  пайда  болуын  білгісі  келетін  физика 

әуесқойларының және көпшілік оқырманның танымдық білімін арттырады. 

УДК 53(031)

ББК 22.3я2

© «Қазақ энциклопедиясы», 2015

ISBN 978-601-7472-89-4 (жалпы)

ISBN 978-601-7472-41-2 (т.1)

Құрастырушы-авторлар: Нұрқанат КӨБЕНҚҰЛОВ – механик.

                                       Қырғызбай БАҚТЫБАЕВ – физика-математика 

                                                             ғылымдарының докторы, профессор

                                       Әділхан ӘБІЛДАЕВ – физика-математика 



                                                             ғылымдарының кандидаты, профессор

Пікір жазған:               Медеу ӘБІШЕВ – физика-математика 



                                                             ғылымдарының докторы

Ф 49 Физика әлемі: Пәндік энциклопедия. / Бас ред. Ж.Тойбаева. – Алматы: 

«Қазақ энциклопедиясы», 2015. 1-том. – 640 бет.

ISBN 978-601-7472-89-4

1-том.-2015.-640 б.

ISBN 978-601-7472-41-2

Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігі

“Әдебиеттің  әлеуметтік  маңызды  түрлерін  басып  шығару” 

бағдарламасы бойынша шығарылды




3

РЕдАКцИядАн

Физиканың  табиғат  құбылыстары  туралы  ғылым  болуы  себепті  оның 

дүниетанымдық мазмұны әркімді қызықтыратыны белгілі. Табиғат – физикалық 

алып  зертхана  іспеттес.  Алғашқы  адамдардың  үрейін  ұшырған  табиғат  құ- 

былысы  –  найзағай  қазіргі  кезде  ешкімді  таңғалдырмайды.  Физика  ғылымы 

тек осы құбылыстың өзінде ғана бір мезгілде механиканың, гидростатиканың, 

термодинамиканың,  молекулалық  физиканың,  электрстатиканың,  электрдина- 

миканың, акустиканың және оптика салаларының заңдылықтары байқалатынын 

ашқан. Америкалық физик Бенджамин 

Франклин (1706 – 1790) заманынан бері 

найзағайдың электрлік құбылыс екені белгілі болған.

Энциклопедиялық  анықтамалық  пен  оқулықтың  ең  басты  айырмашылығы 

мынада: оқулықтарда кез келген құбылыстар мен заңдылықтар, т.б. мәселелер 

таныстыру  ретінде  үстірт  мазмұндалады,  ал  энциклопедияда  негізгі  мәселе 

төңірегінде  басынан  соңына  дейін  егжей-тегжейлі  түсініктер  беріліп  баян-

далады,  егер  қарастырылып  отырған  тақырыпқа  өзгедей  мәселелердің  тіке- 

лей  немесе  жанама  қатысы  болса,  соған  оқушының  назарын  аудартады  (бұл 

жайт – мәтіндегі курсив арқылы беріледі). Мысалы, 

найзағай деген мақалада 

электр  заряды  немесе  электр  тогы  туралы  сөз  бола  қалса,  осындағы  заряд 

және  электр  тогы  деген  ұғымдар  курсивпен  терілді.  Бұл  найзағай  туралы 

мақаланы оқып отырған оқушыға әлгі ұғымдарды есіне түсіру үшін осы кур-

сивпен  терілген  ұғымның  энциклопедияда  жеке  мақала  болып  баяндалғанын 

білдіреді. Осы әдіспен энциклопедиялық мақаладағы негізгі сөз болып отыр- 

ған ұғымға қосымша мәлімет беретін мақаланы іздеп тауып, білімін толықтыра- 

тын болады әрі бұл әдіс негізгі мақаланың көлемін шағындауға мүмкіндік туды- 

рады. 

«Физика әлемі» пәндік энциклопедиясының оқырмандарына өз бетімен, өз 

еркінше білім алудың қаншалықты пайдасы болатынын ағылшын физигі Майкл 



Фарадейдің (1781 – 1867) басынан өткен жайтты айтып таныстырғанды жөн 

санап отырмыз.

Ол лондондық темір ұстасының отбасында дүниеге келген. Бастауыш сынып- 

та  оқып  сауат  ашқан.  Әрі  қарай  оқуын  жалғастыруға  отбасының  қаржылық 

мүмкіндігі болмағандықтан, 13 жасында кітап дүкеніне қолбала, соңынан кітап 

түптеуші  болып  жұмыс  істей  жүріп  өз  бетінше  білім  алған.  Түптеуге  неше 




4

алуан  мазмұнды  кітаптар  келетіні  белгілі.  Ол  жұмыс  арасында  уақыт  тауып, 

өзін қызықтырған кітапты оқитын болған. Бір кезде оның қолына «Химия ту-

ралы  әңгіме»  деген  кітап  түскен.  Осы  кітап  оны  ерекше  қызықтырған,  онда 

айтылған  жеңіл-желпі  химиялық  тәжірибелерді  үйіне  келген  соң  қайталап 

жасауға әуестенген. Тәжірибе жасауға керек ең негізгі нәрсені ғана сатып алып, 

өзгелерін  өзі  жасайтын  болған.  Электрстатикалық  машинаны  бөтелкелерден, 

гальвани батареясын мырыш пен мыс шақалардан құрастырған. Осылайша тұздар 

мен  қышқылдардың  электролизімен  таныс  болған.  Осы  тәжірибелердің  оны 

қызықтырғаны соншалық, ең ақырында нағыз гальвани элементін жасай алған. 

Ол  Корольдік  институттың  көпшілікке  арналған  кешкілік  және  жексенбі- 

лік дәрістеріне қатысатын болған. Атақты химик әрі физик Гемфри  



дэвидің 

(1778  –  1829)  дәрісі  оны  өте  қызықтырған.  Сол  кезден  бастап  Майклдің  ғы- 

лымға деген әуестігі артқан. Ол Г. Дэвиге хат арқылы оның оқыған дәрісінің 

мазмұны  жазылған  қолжазбасын  жіберген.  Дэви  Майклдің  «ынтасын,  есте 

сақтау қабілетін және ұқыптылығын» ескеріп, оны уақытша хатшылық қызметке 

қабылдаған.  Фарадей  кейін  Дэвидің  электролиз  жөніндегі  зерттеулерін  жал- 

ғастырып, өзінің ғылыми жолын Дэвидің ұстанған бағытымен ұластырған ға- 

лым болды. Г. Дэви – электр тогының қышқылдар мен тұздарды ыдырататынын 

дәлелдеген, калий және натрийді металл күйінде бөліп алған, екі мұз кесегін бі- 

ріне-бірін үйкегенде жылу бөлінетінін анықтаған және жер астында көмір қазу- 

шы жұмысшыларға арналған қауіпсіз шамды (кейіннен ол шам «Дэви шамы» деп 

аталып кеткен) ойлап тапқан ғалым. Электрхимия Дэвидің ғылыми жұмыстарынан 

бастау алған. 

М.Фарадейдің физика ғылымына қосқан үлесінің әрқайсысы-ақ оның есімін 

ғылым тарихында қалдыратындай жаңалық болған. Г.Дэви «Мен ғылым үшін 

бірнеше  маңызды  жаңалық  аштым,  бірақ  солардың  ішінде  ең  үлкені  –  мен 

Фарадейді  аштым»  деген  екен.  12–13  жасына  дейін  бастауыш  білім  алған 

Майкл академик ғалым атануға 11 жыл-ақ еңбектеніпті. Ол ашқан жаңалықтар: 



электрмагниттік индукция құбылысы, физика ғылымына анод, катод, иондар, 

электролиз, электролит, электрод, диамагнетизм, парамагнетизм, өріс, магнит 

өрісі, т.б. ұғымдарды енгізген.

Энциклопедия  бүкіл  ғылым  саласының  теорияларын,  ең  негізгі  ұғымдары 

мен  түсініктерін  түгелдей  қамтиды.  Олар  жеке-жеке  мақалалар  бойынша  тү- 

сіндірілген. Қолдарыңыздағы 



«Физика әлемі» пәндік энциклопедиясында физи-

ка ғылымының әр саласының негізіне қаланған 1700-дей ұғымдар туралы ғылыми 

мазмұнды мақала қамтылған. Әрбір мақала анықтама тұжырымдаудан, мысалы, 

«ФИЗИКА – материяның қасиеттері мен құрылысын және олардың қозғалысының 

заңдылықтарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, сонымен қатар барынша жал-

пылама заңдылықтарын зерттейтін ғылым» делінген секілді анықтамадан басталады. 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау