ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР
12
д.Менделеев дж.Максвелл Л.Больцман дж.Гиббс
Г.Герц п.Лебедев А.попов Г.Кирхгоф
заңды (Ампер заңын) тұжырымдады. 1831 ж. М.
Фарадей электрмагниттік индук-
ция құбылысын ашты. Фарадей бұрынырақ электрмагниттік өзараәсерлесу ара-
лық агент-электрмагниттік өріс арқылы жүзеге асырылады делінген болжам айт-
қан болатын. Осы жайт материяның ерекше түрінің қасиеттері мен тәртібінің заң-
дары туралы жаңа ғылым –
электрмагниттік өрістің қалыптасуының басы болды.
XIX ғасырдың 1-жартысында қатты денелердің макроскопиялық қасиеттері
туралы фактілік мәліметтер жинақталды әрі қатты денелер тәртібінің заңдары
тұжырымдалды. Серпімділік қасиеттерді зерттеу
– Гук заңының (1660 ж.),
металдардың электр өткізгіштігін зерттеу –
ом заңының (1826 ж.), жылулық
қасиеттерді зерттеу – жылу сыйымдылық заңдарының (Дюлонг және Пти заңдары)
ашылуына әкелді. Қатты денелердің магниттік қасиеттері ашылып, олардың
серпімділік қасиеттерінің жалпы теориясы айғақталды.
Физика әрі бүкіл жаратылыстану ғылымы үшін неміс ғалымдары Юлиус
Майер
(1814 – 1878)
мен Герман Гельмгольцтің (1821 – 1894), ағылшын физигі Джеймс
джоульдің (1818 – 1889) табиғаттың бүкіл құбылыстарын байланыстырған
энергияның сақталу заңын ашуының маңызы зор болды. XIX ғасырдың орта
шенінде жылу мөлшері мен жұмыстың парапарлығы тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Осылайша жылудың энергияның ерекше түрі екені айғақталды. Энергияның
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР
13
Р.Бунзен Г.Камерлинг-оннес дж.томсон Х.Лоренц
А.эйнштейн М.планк н.Бор э.Резерфорд
сақталу заңы жылулық құбылыстар (
термодинамиканың) теориясының негізгі
заңы болды және
термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталды. Жылу
теориясының іргелі заңы
термодинамиканың екінші бастамасын – 1850 ж.
неміс физигі Рудольф
Клаузиус (1822 – 1888), француз ғалымы Сади Карноның
(1796 – 1832) 1824 ж. ашқан нәтижесі бойынша және 1851 ж. ағылшын физигі
Уильям
томсон (К е л ь в и н) тұжырымдаған. Термодинамиканы қалыптастыруда
француз ғалымы Жозеф
Гей-Люссак (1778 – 1850) зерттеулерінің маңызы зор
болды, осы зерттеулер негізінде франңуз физигі Бенуа
Клапейрон (1799 – 1864)
идеал газдар күйінің теңдеуін айғақтады, мұны кейіннен орыс ғалымы Дмитрий
Менделеев (1834 – 1907) жалпылады.
Термодинамиканың дамытылуымен қатар жылулық үрдістердің молекулалық-
кинетикалық теориясы да дамытылды, жаңа типті физикалық шамалардың арасындағы
байланыстар ықтималдық сипатта болады. 1859 ж. ағылшын физигі Джеймс
Максвелл (1831 – 1879) физикаға алғаш болып ықтималдылық түсінігін енгізе
отырып, молекулалардың жылдамдықтары бойынша таратылу заңын айғақтады.
Австриялық физик Людвик
Больцман (1844 – 1906) газдардың кинетикалық тео-
риясын тұжырымдады. Американ физигі Джозайя Гиббстің (1839 – 1903) ғылыми
жұмыстарымен
классикалық статистикалық механика аяқталған (1902).
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР
14
ХІХ ғасырдың 2-жартысында Максвеллдің
классикалық электрдинамика-
ны тұжырымдауымен электрмагниттік құбылыстарды зерттеу жұмыстары тамам-
далды. Электрмагниттік өзараәсерлесу жылдамдығының таралуы жарық сәуленің
таралу жылдамдығымен тең шектеулі болуы Максвелл теориясының маңызды
нәтижесі болды. Неміс физигі Генрих
Герцтің (1857 – 1894) электрмагниттік
толқындарды тәжірибе жүзінде ашуы (1886 – 1889) Максвелл теориясы
қорытындысының дұрыстығын растау болды. Максвелл теориясы жарық
сәуленің электрмагниттік табиғаты болатынын айғақтады. Осылайша оп-
тика электрдинамиканың бір саласына айналды. 1899 ж. орыс физигі Петр
Ле-
бедев (1866 – 1912) тәжірибе жүзінде жарық сәуленің қысымын айғақтап, оны
өлшеген. Жарық сәуленің қысымы болатынын Максвелл теориясы алдын ала
болжаған болатын. 1895 ж. орыс физигі Александр
попов (1859 – 1906) алғаш
болып электрмагниттік толқындарды
сымсыз байланыс мақсатында пайдаланды.
1859 ж. неміс ғалымдары Густов
Кирхгоф (1824 – 1887) пен Роберт Бунзен
(1811–1899)
спектрлік талдаудың (анализдің) негізін салды. 1908 ж. голланд
физигі Гейке
Камерлинг-оннес (1853 – 1926) гелий газын сұйылтқан. Бұған
дейін бүкіл газдар сұйытылған болатын.
Л.де Бройль п.дирак М.Лауэ К.Андерсон
я.Френкель В.Гейзенберг Л.неель Л.Ландау
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР
15
1897 ж. ағылшын физигі Джозеф
томсонның (1856–1940) электронды
ашуы физиканың дамытылуының жаңа кезеңі болды. Атомның қарапайым
емес, күрделі жүйе екені, оның құрамында электрондар бар екені айғақталды.
XIX ғасырдың соңында – XX ғасырдың басында голландтық теорияшыл фи-
зик Хендрих
Лоренц (1853 – 1928) электрондық теорияның негізін қалады.
Ол қарапайым электрмагниттік үрдістерді (Лоренц-Максвелл теңдеулері) си-
паттайтын теңдеулерді қорытып шығарды, бұл теңдеулер жекелеген зарядты
бөлшектердің қозғалыстарын осы зарядтардың өздері тудырған электрмагниттік
өріспен байланыстырды.
XX ғасырдың басында электрдинамиканың
ньютонның классикалық
механикасының негізіндегі кеңістік пен уақыт ұғымын түбегейлі қайта
қарастыру қажет болды. 1905 ж. теорияшыл физик Альберт
эйнштейн (1879 –
1955) кеңістік пен уақыттың жаңа ілімі – жеке
арнайы салыстырмалық теорияны
тұжырымдады. 1916 ж. Эйнштейн кеңістіктің, уақыттың және тартылыс күштерінің
физикалық теориясы –
жалпы салыстырмалық теорияны тұжырымдады. Бұл
теория тартылыс теориясының жаңа кезеңінің басталуы болды.
ХІХ – ХХ ғасырлар шекарасында физика ғылымында
кванттық теорияның
пайда болуымен әрі оның дамытылуына байланысты, бұл ұлы өзгерістің
басы болды. 1900 ж. немістің теорияшыл физигі Макс
планк (1858 – 1947)
п.Капица н.Басов А.прохоров Ч.таунс
п.Кюри М.Склодовская-Кюри Ф.Содди дж.Чэдвик
Достарыңызбен бөлісу: |