Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет6/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

19

пайдаланылды. КСРО-да (Обинск қаласында) 1954 ж. 



алғашқы атом электр 

стансасы іске қосылды.

1952 ж. 


термоядролық синтез реакциясы (термоядролық жарылыс) жүзеге 

асырылды. 



Атом ядросы физикасымен қатар 30-жылдардан бастап қарапайым 

бөлшектер физикасы тез қарқынмен дамытылды. Осы саладағы алғашқы табы-

стар ғарыш сәулелерін зерттеуге байланысты ашылды. 



Мюондарπ-мезондар

К-мезондар алғашқы гиперондар ашылды. Зарядталған бөлшектер үдеткіштері 

жасалғаннан кейін қарапайым бөлшектерді және олардың қасиеттерін жоспарлы 

түрде зерттеу басталды. 

Екі текті нейтрондардың болатыны тәжірибе жүзінде 

дәлелденді және көптеген жаңа қарапайым бөлшектер, оларға қоса өте тұрақсыз 

бөлшектер-

резонанстар, қарапайым бөлшектердің өзара бірі-біріне түрленетін 

түрлері ашылды.

1939  –  45  жылдары 

радиалокациялық  құрылғылар  жасалғаннан  кейін 

радиофизика  жаңа  бағытта  дамытылды.  Елеусіз  аз  спектрлік  тығыздықты 

энергия  ағынын  ұстай  алатын  алып  радиотелескоптар  жасалған-ды.  Осылар 

арқылы қуатты радиосәуле тарататын 

радиожұлдыздар және радиогалакти-

калар, 1963 ж. Жерден барынша шалғай қашықтықтан аса күшті жарқырайтын 

квазижұлдыздық  нысандар  (объектілер)  –  квазалар  ашылды.  Аспан 

денелерінің  радиосәулелерін  зерттеу  алғашқы  реттік  ғарыштық  сәулелердің 

(протондардың, аса ауыр ядролар мен электрондардың) көздерін ашуға себепші 

болды. Әлгі көздердің аса жаңа жұлдыздардың оталуы екені анықталды. Ыссы 

Әлем моделінен табиғатта бар болуы мүмкін болатын 

реликті сәуле шығару 

ашылды. 1967 ж. тез айналатын нейтронды жұлдыздар – 



пульсарлар белгілі 

болды.  Пульсарлар  радио-,  көзге  көрінетін  сәулелер  және  рентген  сәулелері 

алқаптарында бағытталған сәулелер тудырады. Жұлдыздардың бір секундтың 

үлесіндей аз уақытта айналып шығатындығына орай сәулелердің қарқындылығы 

ауық-ауық өзгеретін болды.

Физикалық теориялардың дамытылуының заңды кезеңі – 



өрістердің квант- 

тық теориясы (ӨКТ) болды. ӨКТ кванттық принциптерді еркіндік дәрежесі шек- 

сіз  санды  жүйелерге  таратты.  ӨКТ  алғашында  электрондарға,  позитрондарға 

және фотондарға қатысты (кванттық электрдинамика, 1929 ж.) тұжырымдалды. 

Осы  теорияға  сәйкес,  зарядталған  бөлшектер  арасындағы  өзараәсерлесу  фо-

тондар  алмасу  жолымен  жүзеге  асырылатын  болды.  Осы  теорияның  барлық 

қорытындылары  тәжірибелермен  үйлесімді  болуына  қарамастан,  ол  бірқатар 

қиыншылықтарға  кездесті.  Теория  жүзінде  бөлшектердің  массалары  мен  за-

рядтары шексіз үлкен мәндерге ие болды. Қарама-қарсы қайшылықтан құтылу 




ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

20

үшін қайта нормалау, яғни теориядағы бөлшектердің массалар мен зарядтарының 



шексіз мәндері олардың байқалатын мәндерімен алмастырылады.

ӨКТ идеясының әрі қарай қолданылуы нуклондар (протондар мен нейтрондар) 

арасындағы  өзараәсерлесу  мезондардың  алмасуынан  пайда  болады  делінетін 

болжалға келіп тірелді. Ядролық күштердің қысқа мерзімді сипаты мезондардың 

тыныштық массаларының салыстырмалы үлкен болуымен түсіндірілді. Алдын ала 

болжанған қасиеттері бар (пи-мезондар) 1947 ж. табылған. Олардың нуклондармен 

өзараәсерлесуі 

күшті өзараәсерлесудің дербес жағдайы болды.

ХХ ғасырдың 60-жылдары әлсіз өзараәсерлесулердің қайта нормаланбайтын 

теориясы  тұжырымдалды.  Бұл  мәселе  калибрлеу  теориялары  аталған  теория 

негізінде шешілді.

Жартылайөткізгіштер физикасының жетістіктері техникада және радиотехни-

када үлкен төңкеріс жасады. Электрвакуумдық шамдарды жартылайөткізгіштік 

аспаптармен алмастыру радиотехникалық құрылғылар мен электрондық есеп-

теу  техникаларының  сенімділігін  арттырды,  тұтынылатын  электр  қуаттары 

айтарлықтай азайды. Интегралдық сұлбалар жасалды, бұл арқылы бір ғана шағын 

ауданды кристалда мыңдаған және одан да артық электрондық бөлшектер орна-

ластырылатын болды, чиптер жасалды.



ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

21

Физика ғылымы – табиғат, оның сан алуан құбылыстары және 



өзге  қасиеттері  мен  сипаттамалары  туралы  білімдердің  теория 

жүзінде жүйеленген туындысы әрі олардың жиынтығы екені мәлім. 

Физика ғылымы табиғат құбылыстары туралы көптеген ұғымдар 

мен түсініктерден құралған. Олар –  әр кездегі білімпаз әрі ғылымпаз 

жеке  тұлғалар-физиктердің  ұжымдық  жұмыстарының  нәтиже-

лері мен қорытындылары. Сол себепті физика ғылымын қалыптас-

тырған көрнекті және атақты физиктердің ашқан жаңалықтары, 

ғылымды дамытуға қосқан идеялары мен теориялары, принциптері, 

әр  қилы  құбылыстар  сырын  ашу  мақсатында  жүзеге  асырылған 

ғылыми тәжірибелері, болжамдарымен таныстырмақпыз. 

АББЕ Эрнест Карл (1840 – 1905) – неміс физик-оптигі. 1872 ж. микроскоптағы 

кескіндердің  пайда  болу  теориясын  тұжырымдаған.  1878  ж.  осы  заманғы 

ең  алғашқы  оптикалық  микроскопты  жасаған,  оптикалық  микроскоптың 

ажыратқыштық  қасиетінің  жарық  толқынының  ұзындығына  байланысты 

шектеулі болатынын көрсеткен.

АБЕЛЬСон Филипп Хауге (1913 – 2004) – американ физигі әрі геохимигі. 

Э.Макмиланмен бірге трансурандық элементтерді алғаш ашушы болды. 1940 ж. 

олар ең алғашқы трансурандық элемент – нептунийді ашқан.

АБРИА Жореми Жозеф Бенуа (1811 – 1892) – француз физигі. 1848 ж. страт-

тарды ашқан.

АВоГАдРо Амедео (1776 – 1856) – итальян физигі. Заттардың құрылысы- 

ның 


молекулалық болжамын ұсынған. Газдың негізгі заңдарының бірін ашқан 

(Авогадро заңы).



АдЖИУнтИ  Николо  (1600  –  1635)  –  итальян  физигі.  1635  ж.  судың 

қатаюы кезінде көлемін кішірейтпейтінін (сығылмайтынын), керісінше көлемін 

ұлғайтатынын ашқан.

АЛЛИСон  Фрэд  (  1882  –  1974)  –  американ  физигі.  1931  ж.  дейтерийдің,  

1932 ж. астатиннің болатынын дәлелдеген.



АЛЬВАРЕС  Луис  Уолтер  (1911  –  1988)  –  американ  физигі.  электрондық 

қармауды ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1968 жыл).

АЛЬФВЕн Ханнес (1905 – 1995) – швед физигі әрі астрофизик. Магниттік 

гидродинамиканың негізін салушы. Нобель сыйлығының иегері (1970).


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау