Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет3/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

8

    э.Мариотт        В.Снеллиус           Р.декарт           У.Гильберт



      И.ньютон          И.Кеплер            Х.Гюйгенс        Ф.Гримальди

даған. Голландиялық ғалым Вилброрд



 Снеллиус (1580 – 1626) 1620/1621 ж. және 

 1637 ж. француз физигі әрі математигі Рене 



декарт (1596 – 1650) жарық сәуленің 

сыну заңын ашқан. 1600 ж. ағылшын физигі Уильям 



Гильберт (1544 – 1603) 

электрлік және магниттік құбылыстардың жіктерін ажыратқан және Жердің – өте 

үлкен магнит екенін дәлелдеген. Гильберт электр туралы ғылымның негізін қалау- 

шы болды. 1600 жылға дейін электрлік құбылыстар туралы ілім ежелгі грек ойшы- 

лы Милеттік 

Фаллестің (б.з.б. 625 – 547) янтарьға үйкеленген заттың электрлік 

қасиеті болатынын ашқан тәжірибесі деңгейінде қалып қойған болатын. Гильберт- 

тен кейін бір ғасырдай мерзім бойы электрге айтарлықтай жаңалық қосылмаған. 

ХVІІ ғасырдағы физиканың негізгі табысы – 



классикалық механиканың 

тұжырымдалуы болды; ағылшын физигі әрі математигі Исаак 



ньютон (1643 – 1727) 

«Натурал философияның математикалық бастамасы» (1687) деген ғылыми еңбе- 

гінде осы ғылымның барлық негізгі заңдарын тұжырымдаған. Ньютонның ғы- 

лымға ендірген 



күй ұғымының іргелі мәні болды. Механикадағы денелер жүйе- 

лерінің  күйі – жүйе денесінің координаттарымен және импульстерімен толықтай  

анықталады. Неміс ғалымы Иоганн 

Кеплер (1571 – 1630) ашқан ғаламшарлардың 

қозғалыс заңдары негізінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырым- 

даған. Осы жылдары голланд ғалымы Христиан 



Гюйгенс (1629 – 1695) пен неміс 


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

9

       Ш.дюфе                Б.Франклин            Г.Кавендиш               Ш.Кулон



          п.Бугер                И.Ламберт                В.Гершель              У.Волластон

ғалымы Готфрид 



Лейбниц (1646 – 1716қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын 

тұжырымдаған: Гюйгенс 



физикалық маятниктің теориясын тұжырымдады, 

маятникті сағат жасады. Физикалық акустика ғылымы дамытыла бастады.

ХVІІ ғасырдың 2-жартысынан бастап телескоп т.б. оптикалық аспаптардың 

жасалуына байланысты, 

геометриялық оптика тез дамытыла бастады. Физика- 

лық оптиканың негізі қаланған: жарық сәуленің 



дифракциясын итальян физигі 

Франческо 



Гримальди (1618 – 1663) ашса, жарық сәуленің дисперсиясын іргелі 

зерттеу И.Ньютонның үлесіне тиді. 1676 ж. дат астрономы Оле 



Ремер (1644 – 1710) 

алғаш болып 



жарық сәуленің таралу жылдамдығын өлшеген. Бір мезгілде дерлік 

жарық сәуленің 



корпускулалық және толқындық теориялары пайда болып, әрі 

дамытыла бастады.

Швейцар ғалымы (математик, механик әрі физик) Леонард 

эйлер (1707  –  

1783)  және  басқа  ғалымдар  абсолюттік 



қатты  денелердің  динамикасын 

тұжырымдаған. Бөлшектер мен қатты денелер механикасымен қатар 



сұйықтар 

мен газдардың механикалары да дамытыла бастаған. Швейцар ғалымдары 

Даниил 


Бернулли (1700 – 1782), Л.Эйлер, француз ғалымы (математик, механик) 

Жозеф 


Лагранж (1736 – 1813), т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерімен ХVІІІ 

ғасырдың  1-жартысында 



идеал сұйықтың гидродинамикасының негізі са-


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

10

            т.Юнг                  о.Френель              Л.Гальвани              А.Вольта



         Г.дэви                   М.Фарадей                 Х.эрстед                    А.Ампер

лынды. Лагранждың «Аналитикалық механикасында» (1788 ж.) механиканың 

теңдеулері жалпыланған түрде өрнектелген, бұларды кейіннен механикалық емес 

дербес жағдайда электрлік-магниттік үрдістерге қолдану мүмкін болды. Әлемнің 

бірыңғай механикалық бет-бейнесі айғақталған осы жайтқа сәйкес әлемнің бүкіл 

байлығы мен көпбейнелілігі – Ньютон заңына бағынышты бүкіл денелер құра- 

латын бөлшектердің (атомдардың) қозғалыстарына тәуелді болды. 

Физиканың  өзге  салаларында  тәжірибелік  мәліметтер  жинақталып  әрі 

қарапайым ғылыми-тәжірибелік заңдар тұжырымдала бастаған. Француз физигі 

Шарль 


дюфе (1698 – 1739) электрдің (электр зарядының) екі тегі болатынын 

ашты және олардың қасиеттерінің сипаттамаларын айғақтады. Американ физигі 

Бенджамин (Вениамин) 

Франклин (1706 – 1790) электр зарядының сақталу 

заңын тұжырымдады. Ағылшын физигі әрі химигі Генри Кавендиш (1731 – 

1810) және француз физигі Шарль 



Кулон (1736 – 1806) біріне-бірі қатыссыз 

түрде электрстатиканың 



қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерлесу 

күштерін анықтайтын негізгі заңын (Кулон заңы) ашты. Француз ғалымы 

Пьер 


Бугер  (1698 – 1758) мен неміс ғалымы Иоганн Ламберттің (1728 – 1777) 

ғылыми еңбектерінің нәтижесінде 



фотометрия қалыптаса бастады. Инфрақызыл 

[ағылшын оптигі әрі астрономы Вильям 



Гершель (1738 – 1822) мен оның отандасы 


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

11

       Ю.Майер               Г.Гельмгольц           дж.джоуль               Р.Клаузиус



        н.Карно                    У.томсон             Ж.Гей-Люссак         Б.Клапейрон

Уильям 


Волластон (1766 – 1828)] және ультракүлгін [неміс физигі әрі химигі 

Иоганн 


Риттер (1776 – 1810), У.Волластон] сәулелерді ашты.

ХІХ  ғасырдың  басында  жарық  сәуленің  корпускулалық  және  толқындық 

теорияларының арасындағы «күрес» толқындық теорияның жеңісімен аяқтал- 

ды. Бұған ағылшын ғалымы Томас 



Юнгтің (1773 – 1829) және француз физигі 

Огюстен 


Френельдің (1788 – 1827) ашқан жарық сәуленің интерференция- 

сы мен диффракциясының толқындық теориясының түсініктемесі себепші 

болды.


Физиканың дамытылуы үшін итальян ғалымдары Луидж 

Гальвани (1737 – 

1798) мен Алессандро 



Вольтаның (1745 – 1827) электр тогын ашуы және галь- 

вани батареяларын жасаудың маңызы зор болды. Токтың химиялық әсерлерін 

зерттеген –  ағылшын химигі әрі физиі Гемфри 

дэви (1778-1829) мен Майкл 

Фарадей (1791 – 1867)]. Орыс физигі әрі электртехнигі Василий петров (1761 – 

1834)] 


электр доғасын ашқан. Дат физигі Ханс эрстед (1777 – 1851) электр 

тогының магниттік тілге әсерін (1820 ж.) анықтаған. Дәл сол кезде (1820 ж.) 

француз физигі Андре 

Ампер (1775 – 1836) бүкіл магниттік құбылыстардың 

зарядталған қозғалмалы бөлшектерге, яғни электр тогына байланысты пайда бо-

латынын анықтады және электр токтарының өзара әсерлесу күшін анықтайтын 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау