Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет8/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

26

басшылық  еткен.  1944  ж. 



микротрон  идеясын  ұсынған.  1956  ж.  бөлшектерді 

когерентті үдету принципін ұсынған.



ВИВИАнИ  Винченцо  (1622  –  1703)  –  итальян  ғалымы  (математик).  Э. 

Торричеллидің тапсырмасымен 1643 ж. 



атмосфералық қысымның болатыны 

туралы  ғылыми  тәжірибені  жүзеге  асырған.  1656  ж.  Дж.  Бореллимен  бірлесіп 

ауадағы  дыбыстың  таралу  жылдамдығын  анықтаған.  Өзінен  бұрынғылардың 

анықтаған жылдамдықтарынан дәл болды.



ВИГнЕР  Юджин  Поль  (1902  –  1995)  –  американ  физигі.  1939  ж.  уранда 

тізбекті ядролық реакцияның өтуі мүмкін екендігін негіздеген. Э. Ферми то-

бымен бірге америкалық ең алғашқы атом реакторын жасауға қатысқан. 1949 ж. 

бариондық зарядтың сақталу заңын тұжырымдаған. Нобель сыйлығының ие- 

гері (1963 ж.).



ВИЛЬСон Алан Хэррис (1906 – 1995) – ағылшын физигі. 1931 ж. элекрондық 

спектрдің  зоналық  құрылымы  туралы  түсінік  негізінде  кристалдарды 



металға, 

жартылайөткізгіштерге және диэлектриктерге бөлген. Жартылайөткізгіштерді 

өзіндік  және  қоспалы  деп  бөліп, 



донорлық  және  акцепторлық  өткізгіштік  ту-

ралы  түсініктер  енгізген.  1931  ж.  жартылайөткізгіштердің  кванттық  теория-

сын  тұжырымдаған.  1932  ж.  кванттық  механикалық  туннелдеу  туралы  түсінікті 

қолдаған.



ВИЛЬСон Роберд Вудров (1936 ж.т.) – американ физигі. 1965 ж. А. Пензиа-

спен бірге тәжірибе жүзінде температурасы жуық шамамен 3К Ғаламдық реликті 

фонды радиосәулені ашқан. Осы жаңалық 

Ғаламның ыссы моделін растаған. 

1973  ж.  Ғарыштық  дейтерийдің  болатынын  анықтаған.  Нобель  сыйлығының 

иегері (1978).

ВИЛЬСон Роберт Ратбун (1914 – 2000) – американ физигі. 1946 ж. сәулелік 

терапияда ауыр зарядты бөлшекті (протонды) пайдалануды ұсынған.



 ВИЛЬСон Чарлз Томсон (1869 – 1959) – ағылшын физигі. 1912 ж. зарядты 

бөлшектердің  іздерін  (тректерін)  бақылауға  әрі  фотосуретке  түсіруге  арналған 

аспап  –  Вильсон  камерасын  ойлап  тапқан  және  1900  –  01  ж.  қалың  қабатты 

топыраққа  сіңетін  иондағыш  сәуленің  болатыны  туралы  ойға  келген.  Нобель 

сыйлығының иегері (1927 ж.).

ВИн Вильгельм (1864 – 1928) – неміс физигі. 1893 ж. жылулық сәуле ұғымына 

температура  және  энтропия  ұғымдарын  енгізген,  абсолют  қара  дененің 

спектрінде  сәуленің  максимумы  температураның  артуына  орай  қысқа  толқын 

жағына қарай ығысатынын анықтаған (Виннің ығысу заңы). 1895 ж. О. Люммер-

мен бірлесіп, Г. Кирхгофтың қара дене туралы идеясын дамытқан, әлгі денені 




ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

27

іші айналы қабырғалы қуыс және сәуле кіретін әрі шығатын тар саңылауы бо-



латын түрде іске асыруды ұсынған. 1902 ж. арналық (каналдық) сәуленің электр 

және  магнит  өрістерінде  бұрылатынын  (ауытқитынын),  арналық  сәуленің  оң 

зарядталғандығын анықтаған.

ВоЛЛАСтон  Уильям  Хайл  (1766  –  1828)  –  ағылшын  ғалымы  (медици-

на докторы). 1801 ж. И.Риттерге тәуелсіз ультракүлгін сәулені ашқан. 1802 ж. 

электр  тогының  химиялық  әсерін,  1803  ж.  химиялық  элемент  –  палладиді,  

1804  ж.  –  родийді  ашқан.  1802  ж.  Күн  спектрінен  күңгірт  сызықты  алғаш  рет 

байқаған, кейін ол «фраунгофер сызықтары» деп аталып кеткен. 1804 ж. жарық 

бір осьті кристалдан өткен кезде пайда болатын 



дихроизмді ашқан. 

ВоЛЬтА Александро (1745 – 1827) – итальян физигі, тұрақты ток көзін ойлап 

табушы. Л. Гальванидің «жануарлық» электріне қызыққан, 1792 ж. ол тәжірибені 

қайталап жасау кезінде бақаның бұлшық етіндегі қысқа мерзімді электр тогының 

шығуына «жануарлық» электрдің қатысы жок екенін, ізбектегі әртүрлі металдардың 

(әртекті екі металдың және сұйықтың) қасиеттерінен туындайтынын анықтаған. 

Эффектіні  күшейту  мақсатында  жасалған  көптеген  тәжірибелер  нәтижесінде 

1799 ж. ұзақ уақыт жұмыс істейтін алғашқы гальвани (электрлік) ток көзі – 

вольт 

бағанын  жасаған.  1795  ж.  әр  қилы  металдардың  біріне-бірі  жанасқан  кезінде 

өзара электрленетін құбылысын ашқан. Осы ток көзінің гальванилік полярлану 

құбылысын түсіндірген. 1787 ж. жалынның электр өткізгіштігін ашқан. 



ВоЛЬФКЕ  Мечислав  (1883  –  1947)  –  поляк  физигі.  1927  ж.  В.  Кеезоммен 

бірге 


сұйық гелийдің: гелий I және гелий II түрге ажырайтынын ашқан.

ГАЛИЛЕЙ Галилео (1564 – 1642) – көрнекті итальян физигі. Физика ғылым 

ретінде Галилейден бастау алған. Адамзат Галилейге тек механиканың ғана емес, 

бүкіл  физиканың  дамытылуында  үлкен  маңызы  болған  екі  принципін  ашқаны 

үшін  қарыздар.  Олар:  түзусызықты  және  бірқалыпты  қозғалысқа  арналған 



     Ю.Вигнер                 Р.Вилсон                       В.Вин                   С.Гаудсмит


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

28

салыстырмалық принцип және ауырлық күш үдеуінің тұрақтылығы принципі. 

1609 ж. 

инерция заңын, еркін түсу заңын, дененің көлбеу жазықтықпен қозғалуын 

(1604 – 09 жылдары) тұжырымдаған. 1609 ж. өзінің көру түтігін жасаған.



ГАЛЬВАнИ  Луиджи  (1737  –  1798)  –  итальян  физигі  әрі  физиологы.  1773 

жылдан  бастап  бақаның  бұлшық  етінің  қозғалысын  (жиырылуын)  зерттей 

бастаған,  1786  ж.  бақаның  бұлшық  етінен  қысқа  мерзімді  электр  тогының 

импульсін байқаған, ол бұл құбылысты «электр» деп атаған. Осы құбылыстан 

ол бақа бұлшық етінің жиырылуы онда пайда болатын электр тогының нәтижесі 

деп қорытынды жасаған. Бұл қорытындының жаңсақ екенін А. Вольта атап, бұл 

құбылыстың әрқилы металл өткізгіштердің жануар бұлшық еті арқылы жалғасуы 

салдарынан пайда болатынын дәлелдеген.



ГАМоВ Джордж (Георгий Антонович) (1904 – 1968) – американ физигі. 1928 ж. 

альфа-ыдырауды  түсіндіру  үшін  кванттық  механиканы  қолданған.  Осының 

нәтижесінде 

туннелдік эффект туралы түсінік пайда болды. 1946 – 48 жылда-

ры нейтрондық қармау нәтижесінде химиялық элементтердің пайда болуын және 

«Ыссы  Ғалам»  моделін  тұжырымдаған.  Осы  модель  бойынша  1956  ж.  реликті 

сәуленің шығуын алдын ала болжаған.



ГАРРЕт Чарлз Джеффри (1925 ж.т.) – американ физигі. 1960 ж. өзгелермен 

бірлесіп алғашқы рубиндік лазерлердің бірін жасауға қатысқан.



ГАУдСМИт Самюэл (1902 – 1979) – американ физигі. 1925 ж. Дж. Уленбек-

пен бірге 



электр спині ұғымын енгізген. ядро спинін алғаш болып анықтаған.

ГАУКСБИ Үлкен Фрэнсис (1666 – 1713) – ағылшын физигі. 1710 ж. әйнек 

түтіктегі ауада болатын электр разряды кезіндегі жарқылды ашқан. Бұл 



электр 

разряды туралы алғашқы зерттеу қатарына жатады.

ГЕЙЗЕнБЕРГ  Вернер  (5.12.1901  –  1.2.1976)  –  неміс  физигі.  Ғылыми 

жұмыстары  кванттық  механикаға,  кванттық  электрдинамикаға,  өрістердің 



    М.Гелл-Манн             дж.Генри                    Г.Герц                        В.Гесс


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау