"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Зертханада тиісті нормативтік техникалық құжаттамаларға сәйкес анықталған зерттеулердің 

сапасын бақылау жүйесінің талаптары орындалуы қажет.

      Зертхана жиһазы бактериологиялық зертханада ашық түсті болуы керек. Жиһаздың ішкі және

сыртқы қабаты өңдеуді қиындататын тесік және ойықтар болмауы керек және химиялық 

реагенттердің және дезинфеккциялау құралының әсеріне төзімді болады.

      52. Зертхана үй-жайында:

      1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;

      2) бұзылған желдеткішпен жұмыс жүргізуге;

      3) жұмыс үй-жайларында темекі шегуге, тамақты сақтауға және ішуге;

      затбелгісі жоқ реактивтерді сақтауға және қолдануға;

      5) жылыту құралдарында қандай да бір нәрсені кептіруге;

      6) улы, қатты әсер ететін, жарылыс қауіпті заттар мен ерітінділер қорын жұмыс 

орындарында және сөрелерде сақтауға жол берілмейді.

      53. Баллондарда қысыммен тұрған газ тәрізді заттармен жұмыс істеу кезінде:

      1) баллонның вентильдерін тез ашуға; 

      2) вентильді ашу кезінде вентиль штуцерінің белағашын бағыты бойынша редуктордың 

алдында тұруға;

      3) оттегі бар баллон үшін "Оттегі" деген жазуы жоқ редукторды қолдануға;

      4) оларды жұмыс үй-жайында сақтауға;

      5) талап етілетін реттеусіз балонның қондырғысымен қосылуын тексерусіз газды шығаруға;

      6) таңбаланбаған баллонды пайдалануға жол берілмейді.

      54. Жұмыс уақытында сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары жабық болуы тиіс, көтеріңкі 

жақтаулары құрылғылармен мықты бекітіледі.

      55. Сыртқа шығару шкафында жұмыс кезінде соратын тесіктің астына басын тосуға, тез 

буланатын сұйықтық қайнап жатқан кезде немесе құйылған ыдыстың үстінен еңкеюге жол 

берілмейді.

      56. Тез тұтанатын сұйықтықтарды 100 С дейін жылыту сулы моншаларда, 100 С жоғары - май 

о

о



моншаларда жүргізілуі тиіс. Тез тұтанатын сұйықтығы бар біртіндеп жылытусыз ыстық суға 

салуға жол берілмейді.

      57. Спирттік шаммен немесе тез тұтанатын сұйықтармен жұмыс істеуде авариялық жағдай 

болғанда отты сөндіру үшін жұмыс орнында тығыз мата болуы қажет.

      58. Шыны аспаптармен жұмыс істеген кезде:

      1) қыздырылған ыдыс салқындатылғаннан кейін берік кептелген тығынмен жабу;

      2) шыны түтікшелерді немесе термометрді тесілген сынамаға орнатқан кезде соңғысын 

алақанмен тіремеу, ал бүйір жақтарынан ұстау қажет;

      3) шыны аспаптарды жинау немесе оның жекелеген бөліктерін көксағыз көмегімен қосу 

кезінде – қолды сүлгімен қорғау, шыны түтікшелер сынған кезде түтікшені кесіндінің маңынан 

ұстау керек.

      59. Сұйықтықтарды ауыстырып құю кезінде (құрамында инфекциялық аурулардың 

қоздырғыштары бар сұйықтықтардан басқа) құйғышты қолдану қажет.

      60. Жұмыстарды жүргізуде шыны аспаптардың қызуы кетуі немесе оның сынуы мүмкін сыртқа 

шығару шкафтарында қаңылтыр табаларда көзілдірік, қолғап және резеңке алжапқыш киіп орындау 

қажет.


      61. Спирт, бензол, ацетон, бром, йод құйылған құтылар берік кептелген шыны тығындармен

, сілті құйылғандары бұрандалы тығындармен жабылады.

      62. Зертханада: жедел көмек қажеттілігі және авариялық жағдайға дәрі қобдишасы болуы 

тиіс. Ботулиндік уыттармен жұмыс жүргізу кезінде – уытқа қарсы сарысулар болады.

      63. Зертхана қызметкерлері 

 және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз 

арнайы киіммен

етіледі.


2-параграф. Микробиологиялық зертханадағы жұмыс жағдайларына

қойылатын талаптар

      64. Микробиологиялық зертхананың патогендігі IІІ-IV топты микроорганизмдерді жұқтырған

немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізу үшін «жұқпалы» және «таза» аймақтары болуы

тиіс. «Жұқпалы» және «таза» аумақтардың шекарасында, жаңадан салынып жатқын немесе құрылып 

жатқан зертханаларда санитариялық өткішгіш орнатылады.



      65. Патогендігі I-IV топтардың қоздырғыштарын жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал 

инфекциялық материалмен жұмысқа әр ведомствоның қабылданған лауазымдарды ауыстыру тәртібіне 

сәйкес қажетті даярлаудан өткен жоғары және арнайы орта білімі бар мамандар жіберіледі.

      66. Зертхананың үй-жайларын жұмыс басталғанға дейін ылғалды тәсілмен жинайды, «таза» 

аумақта жуу құралдарын, «жұқпалы» жуу құралы мен дезинфектанттарды қолдану арқылы және 

бактерицидті сәулелегіштермен қуаты 1 текше метрге (бұдан әрі – м3) 2,5 ватт жағдайында 30-

60 минут бойы сәулелейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдерді, аспаптарды, жабдықты, еденді,

БҚБ-ны дезинфекциялық ерітіндіні қолданып сүртеді. Жинау мүкәмал «таза» және «жұқпалы» 

аумақтар үшін жеке таңбалануы тиіс. Жинау мүкәмал тек қана осы аумақтарда таңбалануына 

сәйкес қолданылады.

      67. Инфекциялық материалды жеткізу және оны бір зертханадан ұйымның (зертхананың) 

аумағындағы екіншісіне тасымалдау тұмшаланған жабық металл ыдыста (биксте, бактардаң 

тоңазыткыш сөмкелерде, контейнерлерде) жүзеге асырылады. Сұйық материалдары бар жеткізілетін

ыдыстар тасымалдану кезінде төгілуін болдырмайтын тығындармен жабылуы тиіс. Материалды ашқан

кезде бикстер мен түтікшелерді дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді және металл табаққа қояды.

      68. Инфекциялық материалды бокстан боксқа немесе автоклавқа ауыстыру металл бикстерде 

немесе бактарда жүргізіледі.

      69. Инфекциялық материалды түтіктерде, шыны аяқтарда, құтыларда себу кезінде 

материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күні және тіркеу нөмірі көрсетіліп жазылады.

      70. Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйық орталар автоматты 

тамшуырдың немесе бір рет пайдаланылатын стерилді тамшуырдың көмегімен сорып алынады. Сұйық 

орталарды түтіктен екінші түтікке жиегінен асырып құюға жол берілмейді. Пайдалану алдында 

ыдыстың, тамшуырлардың, жабдықтардың, шприцтердің тұтастығы және жарамдылығы тексеріледі.

      71. Кептірілген микроорганизмдер бар ампулаларды ашу кювет үстінде үстелдік бокстарда 

дезинфекциялық ерітіндімен жүргізіледі. Кесілген ампуланың ұшы дезинфекциялық ерітіндіге 

батырылған үш қабатты дәке салфеткамен жабылады және пинцетпен сындырып алынады. Ашылған 

ампула бір-екі минут бойы сол салфеткамен жабылған күйінде қалдырылады, одан әрі салфетка 

дезинфекциялық ерітіндіге батырылады, содан кейін ампула стерилді тампонмен жабылады.

      72. Мынаған:

      1) инфекциялық материалмен зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакцинамен жұмыс істеуге

;

      2) зерттелетін микроорганизмдер сезімтал болатын дәрілік препараттар болмаған кезде 



микробиологиялық зертханада вирулентті антибиотикке төзімді микроорганизмдермен тәжірибелік 

жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

      73. Істен шыққан материалды (жұмысшы себінділерін, науқастардың биологиялық материалын

, кеміргіштердің, зертханалық жануарлардың өлекселерін, індік материалды) рұқсат етілген 

әдістердің бірімен зарарсыздандырады. Есепке алынбаған жағындыларды, Петри тостағанын, 

түтіктерді және инфекциялық материалы бар басқа да зертханалық ыдыстарды жұмыс аяқталғаннан 

кейін жұмыс үстелдерінде қалдыруға жол берілмейді.

      74. Жұқпалы материалды сақтағаннан кейін тоңазытқыштарды еріту оны дезинфекциялаумен 

бірге жүргізіледі. Конденсациялық су залалсыздандыруға жатады.

      75. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және түнгі уақытта зерттеу жүргізу ұйым басшысының 

рұқсатымен ауысымдық жұмыс орындалған және зертханада кемінде екі адам (дәрігер және 

зертханашы) қатысқан жағдайда жүргізіледі.

      Зертхана ішіндегі қызметкерлердің патогендігі I-IV топтың микроорганизмдерін 

жұқтырғаны туралы барлық ақпарат тез арада зертхана меңгерушісіне және мекеме басшысына 

беріледі.

      Пайдаланылған тамшуырлар дезинфекциялау ерітіндісіне арналарында ауа көпіршіктерін 

болдырмай, толық (тік) батырылады.

      76. Жұмысты бастау алдында БҚБ сору желдеткіші қосылу керек. Материалдарды салу теріс 

қысымда жүргізілуі керек.

      77. Зертхана үй-жайларында:

      1) жағылған оттықтарды және басқа да қыздыратын аспаптарды бақылаусыз қалдыруға, 

шүмектері жарамсыз оттықтармен жұмыс істеуге, оларды тез тұтанатын заттардың жанында ұстауға

;

      2) жанып тұрған оттықтар және қосылып тұрған электрлі қыздырғыш аспаптарының жанында 



кездейсоқ төгілген өртке қауіпті сұйықтықтарды жинауға;

      3) жұмыс уақытында бокстың есігін ашуға жол берілмейді.




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау