Ұжымдық жауапкершіліктің ҚҰндылығы ақш елшісі ричард хоугланд американың Қазақстандағы сауда палатасы алматы, 28 Қыркүйек, 2009 жыл



жүктеу 36,87 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.05.2018
өлшемі36,87 Kb.
#16807


1

ҰЖЫМДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

АҚШ ЕЛШІСІ РИЧАРД ХОУГЛАНД

АМЕРИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САУДА ПАЛАТАСЫ

АЛМАТЫ, 28 ҚЫРКҮЙЕК, 2009 ЖЫЛ 

Қазір сіздердің араларыңызда тұрғаным үшін өзімді бақытты санаймын, сондай-ақ 

өзім Құрметті төрағасы болып табылатын Қазақстандағы Сауда палатасының 

мүшелерінің алдында сөз сөйлеу бақыты маған бұйырғанын мақтаныш етемін. 

Сіздер әлемнің ең ірі әрі беделді компанияларының, соның ішінде «Chevron», 

«ExxonMobil», «ConocoPhillips», «AES», «General Electric», «FedEx» және «Merck»

компанияларының атынан өкілдік етіп отырсыздар. 2008 жылы Қазақстанға салынған 

шетелдік тікелей инвестицияның 11 пайызы америкалық компаниялардың үлесіне 

тиеді. Сондай-ақ, соңғы бес жыл ішінде АҚШ-тың Қазақстанға экспорты 300 пайызға 

өскеніне де айта кету керек.  

Сіздер жаңа технологияны жетілдірдіңіздер, басқа компаниялардың қарқынды бастау 

алуына көмектестіңіздер, мыңдаған жұмыс орындарын ашып, салық төледіңіздер 

және өз компанияларыңыздың қоржынын толтырдыңыздар. Сіздер, сондай-ақ 

Қазақстан экономикасын дамытуға және диверсификациялауға зор әрі ұзақмерзімді 

ықпал еттіңіздер. Және мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі ретінде өкілдік еткен

алғашқы жылымда сіздермен қоян-қолтық жұмыс істегеніме өзімді шексіз бақытты 

санаймын.   

Жақында менің досым, «ҚазМұнайГаздың» вице-президенті Мақсат Иденов шетелдік 

инвесторларға деген үкіметтің көзқарасына тереңірек бажайлауыма мүмкіндік 

беретіндей бір пікір айтты. Ол маған: «Шетелдік инвесторлардың бізді табиғи 

байлықтарымыз үшін емес, біздің құндылықтарымыз үшін сыйлағанын қалаймыз», -

деді. 


Ол маған АҚШ компаниялары ұжымдық ұстаным жөнінен әлемде үлкен беделге ие 

екенін айтты. Сөйте келе ол маған технология, капитал және шеберлікпен қоса 

америкалық мамандар қазақстандық әріптестеріне ұжымдық құндылықтарды ала 

келсе құба-құп деген тілегін айтты. Сіздердің мұны бұған дейін-ақ жүзеге асырып 

жатқандарыңызды білемін.  Сондықтан мен Американ бизнесі мен Американ 

дипломатиясы тонның ішкі бауындай жақын екеніне кәміл сенімдімін. 

Мақсат Қазақстан компаниялары әлемдік деңдейде бәсекеге түсе алатынына сенімді, 

дегенмен ең алдымен олар үлгілі ұжымдық азаматтар қатарына қосылуы керек. Үлгілі 

бизнес пен ұжымдық жауапкершілік мәселелерін шаршамастан жақтаған жанкештілігі 

үшін Иденов мырзаны Америка Сауда палатасының Елшінің атынан берілетін 

сыйлығымен 2009 жылғы номинация бойынша биыл шілдеде марапаттаған 

болатынмын.   

Сол ілтипатымды қайта білдіріп, сіздің жетістіктеріңізге қошамет көрсету үшін және 

сіздің жетістіктеріңіздің басты себебі – Қазақстанда бизнеспен айналысу барысында 

көрсеткен ұжымдық мәдениет пен жоғары стандартты тәртіптің нәтижесі екенін айту 



2

үшін осында келіп отырмын. Бұл – Америкалық компаниялар ерекше қарастыратын 

мәселе. Бұл – сіздің шынайы бәсекедегі жетістігіңіз.  

Жергілікті тасымалдаушылармен, жұмыс берушілермен және әріптестермен бірлесіп 

инвестициялық жобалар жасап, ұзақмерзімді қарым-қатынас орнатып жатқандықтан, 

сіздерден ұжымдық жауапкершілікке деген міндеттемелеріңізді одан әрі нығайта 

берулеріңізді сұраймын. Бұл – үкіметтің жаңа бір мандаты емес, бизнестің жаңа 

мүмкіншілігі. Бұл – Қазақстандық компаниялар өз ықтиярымен орындауға тырырасын 

стандарт, себебі бұл – ұзақмерзімді табысқа апаратын жол.   

Қазақстанда болсын, АҚШ-та болсын, ұзақмерзімді табыс өзара сенім, әділдік, 

жауапкершілік және жариялылық сияқты корпортивтік мәдениет принциптеріне 

негізделеді. Корпоративтік жауапкершіліктің бұл қағидаларын сіздер өз 

жобаларыңызда, өз әріптестеріңізбен жүзеге асырып жатқан сияқты, біз оларды 

бизнес мектептерінде және жұмыс орындарында оқытамыз. 

Бұл жерде бір мәселенің басын ашып алсам деймін: мұнда мен Америкадағы бизнес 

мәдениетінің өзегі болып табылатын және сіздердің Қазақстандағы инвестициялық 

жобаларыңыздың маңызды бөлігі болып отырған корпоративтік әлеуметтік

жауапкершілік туралы сөз қозғап отырған жоқпын. Және мен сіздердің жергілікті 

мектептер мен ауруханаларға және жетімтер үйіне беріп жатқан бағалы 

сыйлықтарыңыз жайында да айтпақ емеспін. 

Оның орнына мен үлгілі ұжымдық тәртіп жайында, компаниялардың өз акционерлері, 

қызметкерлері, ел үкіметі, және өздері жұмыс істеп жатқан елдің басшылығы 

алдындағы жауапкершілігі туралы әңгіме қозғап отырмын. Бұл – бизнесті әділ әрі 

жария түрде жүргізу, ашық әрі адал қарым-қатынас жасау және нәтижелерді ретті 

және тұрақты түрде жеткізіп отыру жауапкершілігі.    

АҚШ компанияларының жауапкершілік пен есеп берушілік сияқты ұжымдық мәдениет 

үлгілерін  қазақстандық әріптестеріне үйретуінің көптеген әдістері бар. Мәселен, 

акционерлер мен қадағалаушы ұйымдар үшін жасалатын жылдық есеп 

акционерлерді, соның ішінде үкімет пен жалпы халықты инвестициялық 

шешімдерден, менеджменттің жетістіктерінен, қаржының қайтарымынан және 

жобаның нәтижелерінен хабардар болып отыруға, сөйтіп, жариялылық пен есеп 

берушілік дәстүріп қалыптастыруға жәрдемдеседі. 

Сіздердің компанияларыңыз жылдық есебін жариялап отыратынына сенімдімін, бірақ 

олардың қаншасы Қазақстанда, жергілікті қызметкерлермен бірлесіп жазылып 

жатыр? Ол есептің құрылымы мен формасын анықтау мақсатында, жергілікті 

акционерлердің ұстанымдары мен көзқарастарын ескеретіндей жиналыстарды қанша 

рет өткіздіңіздер? Сіздер дайындаған есепте қазақстандық қызметкерлеріңіз бен 

әріптестеріңіздің қаншалық үлесі бар? Бұл оларға ұғынықты ма? Бұл олардың 

құндылықтарын әділ де тиянақты көрсетіп отыр ма?  

«ТеңізШеврОйл» компаниясы биыл әзірлеген «Ұжымдық жауапкершілік есебін» есеп 

берушіліктің тамаша үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл – Қазақстанда жасалған 

мұндай үлгідегі есептердің алғашқысы екенін айтты. Бұл құжатты сіздерге үлгі ретінде 




3

ұсына отырып, Қазақстандағы өзге де коропорациялар да осыны үлгі етеді деп 

сенемін.   

Сәтті ұжымдық басқару да ұжымдық жауапкершіліктің және бір үлгісі. Мәселен, тиісті 

өкілеттілігі бар және ақпаратпен қамамасыз етілген тәуелсіз директорлар кеңесінің 

болуы өте маңызды, ол операцияларды жоғарыдан қадағалап, стратегиялық бағытты 

анықтауда және менеджменттің жауапкершілігін арттыруда өте қажетті. Бұл кеңес 

ұжымның жоғары басшыларына сұрақ қоюдан, мәселе көтеруден, тіпті қажет болып 

жатса, олардың шешімін жоққа шығарудан жасқанбауы тиіс. 

«ҚазМұнайГаз» - Барлау және Өндіру» компаниясы ұжымдық басқаруда өте ірі 

қадамдар жасады, қазір оларды Батыс елдерінен тағайындалған тәуелсіз, атқарушы 

билікке қатысы жоқ үш бірдей директоры және Директорлар кеңесі мен Аудит 

комиссиясына ақыл-кеңес беріп отыратын батыстық эксперттер тобы бар.   

  

Ұжымдық жауапкершілікті, сондай-ақ, этикалық тренингтер мен стандарттар арқылы 



арттыруға болады. Бұл - АҚШ компанияларының білімі мен тәжірибесі жинақталған 

және бір сала, олар өз білімдерін қазақстандық қызметкерлері мен мердігерлерімен 

бөлісе алады.    

Мәселен, АҚШ компаниялары үшін өзінің барлық қызметкерлерін этикалық 

тұрғыдан дұрыс шешім қабылдауға үйрететін «сұр алқап» сценарийі негізіндегі этика 

сабақтарын жыл сайын оқытып отыру үрдіске айналған. Сіздердің қайсыңыз өз 

қызметкерлеріңізді жыл сайын этикадан емтихан тапсыртасыздар немесе мүдделер 

қақтығысы жағдайында мәселені шешудің жолдарын тренинг арқылы үйретесіздер 

немесе Шетелдік Жемқорлық әрекеттері туралы актінің қағидаларын түсіндіріп 

отырасыздар?  

Ұжымдық жауапкершіліктің және бір маңызды бөлігі – қоғамның сенімін арттыру. 

Жергілікті азаматтар, ықтимал әріптестеріңіз және үкімет өкілдері сіздердің 

есептеріңіздің тиянақтылығына, жобаларыңыздың нәтижесіне сеніммен қарауы керек, 

сондай-ақ сіздердің ұзақмерзімді тұрақты дамуға деген сенімдеріңіздің кәміл екенін 

сезінуі тиіс. 

Қоғамның сенімін арттырудың біраз жолдары бар. Ол үшін ең алдымен өздеріңіз 

қоғамға сеніммен қарауларыңыз керек.  Олардың сіздің компания туралы ақпар алып, 

түсінуге деген ынтасына, және сіздердің жұмысқа араласуға деген ықыласына сену 

керек және оларды осы үшін ынталандырып отырған жөн. Қазақстандағы 

әріптестеріңіз бен мердігерлеріңізбен бірлесіп үздік ұжымдық тәртіп үлгісін 

көрсетіңіздер. Нәжтиесінде ұжымдық жауапкершіліктің қаншалық табыс келтіретінін 

паш етіңіздер. 

  

Мәселен, көптеген қазақстандық компаниялар біраз салалар бойынша Халықаралық 



Стандарттар Ұйымынан (ISO) сертификат алу үшін өтініш берді, бұл олардың жаңа 

келісім-шарттар мен гранттарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді, бұл ұйымның 

көмегінсіз ол мүмкін емес болатын.  ISO сертификтаты компанияға деген сенімді 



4

күшейтіп, оның үлгілі бизнес және басқару әдістерін қолдануына және тәуекел 

менеджментін жетілдіруіне ықпал етеді. 

Осы тұста еске салар бір жайт, біз айтқан тәртіп пен үлгі сырттан немесе жоғарыдан 

күштеп енгізілмеуі керек. Бұл «белгі соғу» немесе тәртіпсіздікті жүгендеу әдісі емес. 

Үлгілі ұжымдық жауапкершілік құндылықтарын орнықтыру ішкі сенімнен бастау алады. 

Бұл – іштей түлеу процесі, оған адамның өз ынта-ықыласы болуы керек.  

АҚШ Үкіметі мен АҚШ Елшілігі үлгілі ұжымдық жауапкершілік мәдениетін насихаттауда 

түрлі әдістерді қолдана алады. Мәселен:

 Біз жария түрде немесе жеке адамға осы сияқты жолдаулар жасап тұрамыз. 

 Біз тренинг-семинарлар мен алмасу бағдарламаларына демеушілік жасай 

аламыз. 


 Біз гранттар мен техникалық көмек жобаларын қаржыландыра аламыз. 

Мәселен, өткен аптада мен Қазақстандағы теңіз саудасын халықаралық 

стандарттарға сай ететін заңдық және физикалық инфрақұрылымды жетілдіру 

жөніндегі жобаға АҚШ Сауда және даму агенттігінің атынан қол қойдым. 

 Сондай-ақ біз жалпы ақыл-кеңес бере аламыз, мәселен біз жақында үкіметке 

Қоғам мен жеке меншік арасындағы экономикалық әріптестік ұсынысы деген 

құжат ұсындық. Жариялылықты насихаттайтын және жемқорлықты қаралайтын 

ақ қағаздардың мұндағы маңызы ерекше зор.   

Бұл бастамалардың ешқайсысы өнімділікті арттып, нарықтағы үлесіңді ұлғайта 

алмайды, және шығынды да азайтуға да үлес қоспайды. Бірақ, мұның барлығы 

нәтижесінде баға жетпес құндылық сыйлайды. Жауапкершілігі зор ұжымдық тәртіп 

сіздің компанияңыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тартымды ете түседі. Сөйтіп 

басқалар сіз үшін жұмыс істеуге, сізге инвестиция салуға, сізбен әріптес болуға 

ұмтыла бастайды. 

АҚШ компаниялары Қазақстанда асқан шеберлігі мен жоғары сапасы, қауіпсіздігі және 

аса қиын жағдайдың өзінде жақсы нәтижелерге қол жеткізетіндігімен шын мәнінде 

лайықты үлкен беделге ие. 

Ұжымдық жауапкершілік мәдениетін көтеру және Қазақстанмен сауда-саттық және 

инвестициялық әріптестікті арттыруда АҚШ елшілігіндегі әріптестеріммен бірлесіп біз  

жүзеге асыра алады-ау деп тапқан кез-келген ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды 

қабылдаймыз.  

Сіздердің Қазақстанда жеткен жетістіктеріңіз үшін мақтанамын. Баршаңыздың 

жергілікті әріптестермен қарым-қатынасты барынша күшейтуге, Қазақстандағы 

белсенділіктеріңізді арттыруға деген ниеттеріңізге ақ жол тілеймін, болашақ 

жоспарларыңыз жүзеге аса берсін.  

Уақыт бөліп, ыждаһатпен тыңдағандарыңызға және мені шабыттандырған  



мысалдарыңызға көп рахмет. Баршаңызға Қазақстан жерінде баянды табыс тілеймін. 

жүктеу 36,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау