247
Мектеп ұстанған екінші ерекшелік - «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы
ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген Абай ұстанымына бағытталған
мектепішілік оқушыларды, ұстаздарды
және ата-аналарды қошемет, қолдау жүйесі.
«Мәңгілік Ел» идеясының түп қазығы – Қазақстандық патриотизм. [3] Олай болса,
мектептен басталатын патриотизмнің ерекшелігі – өз мектебі аясында көшбасшы болу,
ерекше жетістіктерді мектептестерімен, ұжымдастарымен бөлісу және мемлекетке өзінің
шама-шарқынша қызмет ету үлкен жетістіктің баспалдағы болып саналады.
Мұғалімдерді марапаттау:
1.
«Ұлағатты ұстаз»
- бұл
номинация
оқушылары
республикалық
пән
олимпиадаларының, республикалық ғылыми жарыстардың, халықаралық жарыстардың,
халықаралық студенттік конференциялардың, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми
жарыстардың жеңімпаздары атанған мұғалімге беріледі. Мұғалімдерге арналған пәндік
олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, әртүрлі облыстық және
республикалық сайыстар мен конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегер педагогтарға
табыс етіледі.
2.«Жаңашыл ұстаз» - білім берудің жаңа технологияларын білетін және белсенді
қолданатын жаңашыл ұстаздарға ұсынылатын номинация. Оқушылардың сапалы білім
алуына ықпал ететін жаңа әдістер мен тәсілдерді, технологияларды өз тәжірибесіне
қабылдауға және енгізуге дайын мұғалімдер иеленеді.
3. «Тәжірибелі ұстаз»
- бұл номинацияны педагогикалық еңбек өтілі 20 жылдан
жоғары, әртүрлі олимпиадаларда, мұғалімдерге арналған сайыстарда дипломмен
марапатталған және оқушылары арасынан жеңімпаздар дайындаған (облыстық,
республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жарыстар) мұғалімдер
иеленеді.
4. «Ізденімпаз ұстаз»
- бұл номинацияға жас (еңбек өтілі 1-3 жыл) шығармашыл және
нәтижелі жұмыс істейтін мұғалімдер ие болады.
5. «Үздік сынып жетекші»- жаңашыл, қиялы бай, шығармашыл. Кез келген сәтте
көмек көрсетуге даяр. Ұйымдастырушы, психолог. Жоғары мәдениетті, рухани бай,
эстетикалық талғамды. Мәселелерді шешуге батыл, жан-жақты. Өзіне тән ерекшеліктері бар.
Кәсіби сауатты, білікті.
Оқушыларды марапаттау:
1.«Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз» номинациясына (1-7 сынып оқушылары)
республикалық және облыстық «Зерде» ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары,
республикалық «Бастау» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ие
болады.
2. «Талаптың мініп тұлпарын...» номинациясы (10-11 сынып оқушылары)
халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына, тест-рейтингтік олимпиада
жеңімпаздарына, халықаралық білім гранттарының иегерлеріне беріледі.
3. «Талап-қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар» номинациясы (8-10 сынып
оқушылары) облыстық ғылыми жарыстардың, облыстық пән олимпиадаларының,
халықаралық, республикалық конференциялардың, халықаралық Сәтпаев және басқа
оқулардың жеңімпаздарына беріледі.
4.
«Ақылмен қанат қаққандар»номинациясын (8-11 сынып оқушылары)
республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық әртүрлі пәндік
олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді.
5.«Абай ізбасары»номинациясына (11 сынып оқушылары) «Алтын белгіге»
үміткерлер, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары
мен жүлдегерлері; халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың, республикалық
пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, халықаралық ғылыми студенттік
конференциялардың жеңімпаздары, тек қана «5»-ке немесе «4-5»-ке үлгеруші оқушылар ие
болады.
248
Номинация жыл сайын бір рет «Соңғы қоңырау» салтанатында мектептің барша
ұжымы алдында табысталады.
Ата-аналарды марапаттау:
1. «Ардақты ата-ана» номинациясы – оқу жылы бойы ерекше жетістікке жеткен
дарынды балаларды тәрбиелегені үшін берілетін марапат;
2. «Мектеп жанашыры» номинациясы- мектеп өмірінде өзіндік үлесі бар қамқор
жандарға берілетін қошемет;
3.«Дәстүрлі династия» номинациясы - ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келе
жатқан үлгілі отбасыларға беріледі. Ата-аналарды марапаттау рәсімі дәстүрлі ата-аналар
форумында жүзеге асырылады ( слайд
марапаттау, ата-аналар форумы туралы)
Біздің дәстүрлер:
- «Тәрбиеге ортақ көзқарас». Ата-ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығына арналған ата-
аналар форумы;
- «Мәңгі нұрдың қызметшісі - мұғалім». Рауза Молдабекова атындағы бастауыш
сынып мұғалімдерінің сайысы;
- «Біз салауатты жанұя» -спорттық
сайыстар;
- «Қымызмұрындық» - жаз айының бастауы;
- «Кел, асық ойнайық».
- «Идеялар жәрмеңкесі» оқушылардың тың бастамалары,
ұсыныстары;
- «Эксперттік симпозиум» өзекті мәселелерге арналған ашық
пікірталас;
Мектеп ұсынған жобалар:
- «Мәңгі Ел» – тірегі бүгінгі ұрпақ» ой-толғау,
эссе президент залында;
- «Өнер академиясы»- өнерлі балаларды дамыту;
- «Мүшхүр Жүсіп» оқулары;
- «Абайды оқы, таңырқа» Абайды үш
тілде оқимыз;
- «Алтын сақа» - компьютерлік логикалық сайыс.
- «Жаңа ғасырға – жаңа есім».
- «Елім менің» - оқушылардың ғалым, атақты тұлғалармен кездесуі.
- «Дарындылар шеруі»- дарынды балаларды қолдау.
- «Қазақстан-Павлодар» телеарнасымен бірлескен ток-шоу.
- «Ата-анаға қошемет» - дарынды балалардың ата-аналарын, белсенді ата-аналарды
марапаттау
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Абай шығармалар жинағы, Алматы «Жалын», 2010 жыл.
2.
«Mangi El» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журнал. Алматы, «Pride Print» баспасы, 09.2013, 28
бет.
3.
Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» Алматы, «Жібек жолы» баспасы, 2010, 232 бет
4.
«Қазақстан жолы-2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы.
5.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы.
Методическое сопровождение
инновационной деятельности педагога
Жакашева Т.Н.
г.Павлодар, Павлодарская область