«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет119/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   146

 
 
245 
 
«AIESEC»  халықаралық  жастар  ұйымымен    бірлесіп  оқушылар  ,  екі  жыл  бойы  
ағылшын тілінде экология мәселелерін  шешу жолдары жөнінде ғылыми жобалар  қорғады.  
Осы жұмысты атқару барысында тілдік зертхана көп қызмет атқарды. 
2013  жылы  Қазақстан  мектептерінің  барлық    бірінші  сыныптарына  ағылшын  тілі 
енгізілген  кезде,  біздің  мектебімізге  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 
министрлігінен  келген  комиссия  мүшелеріне  зертхана  жұмыс  жөнінде  презентация 
жасалынып,  таныстырылды.  Комиссия  мүшелері  зертхана  жұмысына  оң  баға  беріп,  бұл 
жұмысты республика көлеміне таратуды ұсынды. 
Жоғарыда  айтылған  жұмыстарға  шолу  жасай  отырып,  біз  тілдік  зертхананың  
мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, сонымен қатар сырттан келген қонақтарға да қызмет 
жасап отырғанын айта аламыз. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1. 
«Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық» , ҚР Білім 
және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана,2015ж.; 
2. 
ҚР «Тіл туралы» Заң; 
3. 
ҚР «Білім туралы» Заң; 
4. 
«Білім  беру  объектілеріне  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық 
қағидаларын бекіту туралы; 
5. 
Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы; 
6. 
Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі» 
 
 
Абай  философиясына  негізделген  «Мәңгілік ел» идеясын  
іске асырудағы мектептің іс-тәжірибесі 
 
Айтқазина С.О. 
Павлодар қаласы, дарынды балаларға  
арналған Абай атындағы  
№10 лицей-мектебінің директоры 
Қазиева Б.Ә. 
Павлодар қаласы, дарынды балаларға 
 арналған Абай атындағы 
 №10 лицей-мектебінің директорының  
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Кереку өңіріндегі білімнің қара шаңырағы саналатын дана Абай атындағы №10 қазақ 
мектебіне  -  79  жыл.    1940  жылы  «Қазақ  онжылдық»  мектебіне  ғұлама  ақын,  данышпан 
ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі беріледі.  Содан бастап өзге ұлт өкілдері көп қоныстанған 
өлкедегі ұлт  мектебінің негізі қаланып, бүгінде тамырын кеңге жайып отыр. Білім нәрімен 
сусындаған  талай  жас  өрен  бүгінде  халық  қалаулысы,  ел  өркенденуіне  үлес  қосқан  дара 
тұлғалар.  Мектептің  ерекшелігі  неде  десек,  ол  -  мектептің  аталымында,  себебі,  мазмұнмен 
үйлескен атауға сәйкес болуды ниет еткен ұжым жұмыс жүйесін -   мектептің басқару жүйесі 
мен  құрылымы,  яғни  оқу-тәрбие  жұмысын    Абай  философиясына  негізделген.  Мектеп 
құрылымы үш сатыдан құралған:   
І  саты  –  іріктілген  бастауыш  –  «Ата-анаға  көз  қуаныш,  алдына  алған  еркесі», 
бастауыш  сыныпқа  оқушыларды  іріктеліп,  тест  арқылы  алынады  да,  қосымша  «Зерек», 
«Математикалық  логика»,  «Математикалық  әлем»,  «Көркемдеп  оқу»,  «Қисынды  ойлау» 
қосымша  сабақтарын  бере  отырып,  оқушылардың  қарым-қабілеті  шыңдалады,  тәрбие 
бағытындағы іс-шаралар бүкіл мектеп үшін бірге өткізіледі [1] 
ІІ  саты  –  талдаушы  –  «Көкірегіне  көп  жұбаныш,  гүлденіп  ой  өлкесі»,  бастауыш 
мектеп  түлегін  орта  буынға  өткізуде  өзіндік  психологиялық  қолдау  жүйесімен,  оқушы 
таным-талғамына  қарай  дамыту,  дарындылықты  айқындау  әрекетімен  жүзеге  асады. 


 
 
246 
 
Оқушыларға  пәнді ерте оқыту, жеделдете оқыту, ағылшын тіліндегі арнаулы курстар, түрлі 
зияткерлік сайыстар арқылы ой-өрісін шыңдауға атсалысу.  
ІІІ  саты  –  жасаушы  -    «Сүйер  ұлың  болса,  сен  сүй,  сүйінерге  жарар  ол»,  оқушы 
бойына  дарытқан  білімнің  бәсекеге  шығар  тұсы,  психологиялық    тұрғыдан  оны  қолдау, 
мектепішілік тұрғыдан ынталандыру, қолдау жүйесі.  
Бұдан шығатын мектеп бітіруші түлек тұлғасы: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық 
қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек»  -  бәсекеге  қабілетті  білім  және  қоғамдық-әлеуметтік 
көзқарасы  қалыптасқан  жоғары  мәдениет  иесі  –  бұл  нәтижеге  жетер  жол.  (слайд  1  мектеп 
құрылымы) 
Назар аударар болсақ, адам баласына өсе келе әсер етер жайттың бәрі ата-анасынан, 
айналасы  мен  үлгі-өнегеден,  жанындағылардың  болары  хақ.  Ендеше,  біз  негіз  етіп  алып 
отырған Абай ұлағатынан үш негізгі бағыт шығады: 
1.Бала және отбасы 
2.Бала мен мектеп 
3.Бала мен социум 
Білімділік  пен  талаптылықты  көкірегіндегі  көз  арқылы  дамыта  алған  бала  адамзат 
үшін  ең  қажетті  ұстаным  жылы  жүрек,  нұрлы  ақыл,ыстық  қайрат  иесі  болмақ,сондықтан 
өзіндік дәстүрге ұласқан жаңашылдықтың мектеп ұжымы үшін – оқушылар, мұғалімдер мен 
ата-аналар  жұртшылығы    арасында  сұранысы  мен  талабын  көтере  түседі.  Бұған  дәлел  – 
мектептің  «Евроталант  фиджи» Европалық мамандандырылған мектептер торабы мүшесіне 
қабылдануы    және    Білім  және  ғылым  Министірлігінің  «Ең  үздік  жаңашыл  мектеп» 
дипломымен марапатталуы (слайд 2  екі құжат). 
  Абай  ұлағаты  –  аксиома,  ендеше  сол  ұлағаттың    мәңгіліктілігі  бүгінде 
жалпыхалықтық    сипат  алған  «Мәңгілік  ел  »  идеясымен  үндес  келетін  түйінді  пайым. 
«Мәңгілік  Ел ұлттық  идеясы  дегеніміз  -    өткенімізден  сабақ  ала  отырып,  болашағымызды 
баянды  ету  жолындағы  хақ  мұраттарымыз!»  [2]  Бұл  бастаманың  негізі,  іргетасы  мектепте 
қалануы  керек.  Біздің  пайымдауымызша,  білім  берудің  ұлттық  моделінің  негізі 
полимәдениетті 
және 
этномәдениетті 
білім 
беру 
мен 
тәрбиелеудің 
өзара 
байланыстылығында,  егер  де  Абайдың  ұшқыр  ойларын  қазіргі  заманғы  талаптармен 
ұштастырғанда былай деуге болады: 
Мектеп тұжырымдамасы «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой. Бес асыл 
іс көнсеңіз», яғни бес адами қасиеттің шәкірт бойында сіңірілуі.   
Мектеп миссиясы: жүрегі – айна, көңілі ояу, ұлттық зиялы қауым қалыптастыру (оқу 
мен тәрбиенің ұштасуы, бірге берілуі). 
 Іріктеу:  «Білімдіден  шыққан  сөз  талаптыға  болсын  кез»,  мектепішілік  балаларды  өз 
қарым-қабілетіне байланысты  ғылыми бірлестік – «Зерде» ғылыми парламентіне қабылдау, 
жан-жақты дарындылықты дамытуға күш салу. ( слайд Зерде парламенті) 
Дамыту: «Нұрын, сырын көруге, Көкірегіңде болсын көз» айдарымен алынған,(слайд 
3  миссия)    таңдалынған  және  іріктелген  балаға  ғылыми  түрде  қолдау  көрсету,  ерекше 
дарынды  балаларға  жекелеген  дамыту  сағаттарын  беру  тұрғысынан  жасалатын  игі  істер  де 
болашақта мектепішілік  үлкен атақ «Абай ізбасарының» таңдалуына жағдай туғызады. Бұл 
–әлем таныған абай ұрпақтарының танылуына кішкентай болса да, үлес қосуды межелейді. 
Себебі ұрпағы өнегелі елдің  ғана мерейі үстем болмақ. 
«Біз  өткенімізбен  де,  бүгінімізбен  де  мақтанатындай  ұлт  болуымыз  керек,  егер 
патриот  болсаң  ғана  Қазақстан  мемлекеті  «Мәңгілік  Елге»  айналады»  деген  елбасы 
Н.Назарбаев,  ендеше  Абай  салған  сара  жолдың  әрбір  толық  адамға  айналар  тұғаның 
жолбасшысы  болғаны  ешқашан  да  адастырмайды.  Себебі,  «Ұлы  Дала»  елінің  өмірлік 
философиясы даналар салған дара жолда жатқаны анық. Абай философиясынан қанаттанған  
мектеп  түлегінің  тұлғасы  оқушылар  арасындағы  «Абай  ізбасары»  моделіне  және  атағына 
жетуі нәтиженің қорытындысын көрсетеді. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау