жоспарларына сәйкес және осы мақсатқа кӛзделген сомалар шегінде жүзеге асырады.
74. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілер ұсынған жұмыс уақыты
табелінің негізінде ай сайын еңбек шартында белгіленген мӛлшерге қарай іс жүзінде істелген
жұмысы үшін қызметкердің дербес (карточкалық) шотына субсидиялау сомасын аударуды
жүргізеді.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен еңбек шартын мерзімінен бұрын (6
айға дейін) бұзған кезде, жұмыс берушілер осы қызметкерді уақытша субсидиялауға
жұмсалған мемлекеттің барлық шығындарын бюджетке қайтарады.
75. Халықты жұмыспен қамту орталығы үш жақты әлеуметтік шартты сақтау
мониторингін жүргізеді.
76. Халықты жұмыспен қамту орталығы есепті айдан кейінгі айдың 5-іне қарай ай сайын
жұмыс берушілер ұсынған есептердің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті органына
мынадай мәліметтер:
1) уақытша субсидияланатын қызметкерлердің саны туралы;
2) субсидиялаудың орташа айлық мӛлшері туралы;
3) шарттың (әлеуметтік келісімшарттың) талаптарын бұзу фактілері туралы кӛрсетілген
есепті ұсынады.
7-параграф. Кәсіптік оқытуды аяқтаған адамдарға жұмысқа
орналасуға жәрдемдесу
77. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік білімі болған не кәсіптік оқуды
аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін деректер қорында бос жұмыс орындарына
жұмысқа орналасуға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жолдама беру арқылы
жәрдемдеседі.
Бағдарламаға қатысуға үміткерлер іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға
жұмысқа орналасу үшін тұрақты тұратын ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту
орталықтарына қажетті құжаттардың кӛшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша ӛтініш береді.
78. Халықты жұмыспен қамту орталықтары оқушыларды жұмысқа орналастыру жӛніндегі
жұмыстарды ӛз бетінше не қолданыстағы мемлекеттік сатып алу және (немесе) мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаларға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және
(немесе) үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың осал топтарына арнаулы әлеуметтік
кӛмек кӛрсету бойынша жұмыс орындарын кеңейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен
ӛзара іс-қимыл жасайды.
79. Жұмысқа орналастырылуға тиіс адамдардың тізімін халықты жұмыспен қамту
орталықтары оқытуды аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үкіметтік емес
ұйымдарға, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне ұсынады.
80. Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері есепті айдан
кейінгі айдың 3-күніне қарай жұмысқа орналастыру үшін адамдардың тізімін жіберген
халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналастырылғандар, кәсіпорындар
(ұйымдар), мамандықтар (кәсіптер), жұмысқа орналастырылғанның орташа жалақысы туралы
ақпаратты ай сайын ұсынады.
81. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастырудың жеке картасында
оқушыларды жұмысқа орналастыру және кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін (мерзімі
біткенге дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді кӛрсетеді.
82. Жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының
бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
3-бӛлім. Кәсіптік оқытуға бағытталған шараларды қаржыландыру
және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
83. Мемлекеттік қолдау шарасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кӛздерден жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шараларын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты
жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен
қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.
84. Кәсіптік оқыту ақысын, стипендияны, жол жүруге және тұруға материалдық кӛмекті,
қысқа мерзімді курстарды тӛлеу мақсатында оқушыға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды
қаржылық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мемлекеттік гранттар беруге және қысқартылған
жұмыс уақыты үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмысшыларының
жоғалтқан табысының үштен екісін субсидиялауға республикалық бюджеттен облыстық
бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер
бӛлінеді.
85. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері халықты жұмыспен қамту
мәселелері жӛніндегі уәкілетті органға оқитындардың санын, оқыту құнын және мерзімдерін
және қысқартылған уақыт үшін ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмыскерлерінің
жоғатылған табысының үштен екісін субсидиялауға болжанатын шығындарды кӛрсете
отырып, бюджеттік ӛтінім жібереді.
86. Қаржыландырудың жеке жоспарлары негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган,
халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес
тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды
жүргізеді.
87. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік
оқытуға, оның ішінде бұрын кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бӛлінген
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану оқытатын ұйымдармен жасалған шарттар
негізінде, ал жалақының үштен екі бӛлігін субсидиялау жұмыс берушілермен жасалған
шарттар негізінде және олар жасаған шығындарды растайтын құжаттар негізінде жүзеге
асырылады.
88. Оқушыларды, сондай-ақ бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытатын
ұйымдарға кәсіптік оқуға қабылданған адамдарды кәсіптік даярлауды қаржыландыру
техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады.
89. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет халықты
жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті органға, білім беру саласындағы уәкілетті
органға кәсіптік оқыту жӛніндегі мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есептер
ұсынады.
Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша
__________________ ауданының
(қаласының) Халықты жұмыспен
қамту орталығының директорына
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
Нысан
ӚТІНІШ
Мені _____________________________________ бағдарламасы бойынша
(Бағдарламаның атауы)
кәсіптік оқытуға жіберуіңізді сұраймын.
Достарыңызбен бөлісу: |