Жұмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша



жүктеу 4,29 Mb.
бет1/25
Дата17.11.2017
өлшемі4,29 Mb.
#554
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі
Педиатрия пәндерімен балалар хирургия кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ОӘжТәрбие істер жөніндегі

проректор, м.ғ.к., доцент
_____________М.У. Анартаева
« ____ » _______2009 г.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
________________________Балалар хирургиясы_____ пән бойынша

(пәннің аты)


________________________051102- Педиатрия ____ мамандығына арналған

(нөмері мен мамандық атауы)


_______7____ курсы
______ХIII-XIV____ семестр
Тәжірибелік сабақ – 972 сағат
Өзіндік жұмысы – 486 сағат
Экзамен, жарты жылдық аттестация – ХIII семестр

Жылдық аттестация - XIV семестр
Жалпы саєат 1458­
2009 жыл
Жұмыс бағдарламасы «Педиатрия» мамандығы дәрігер-интерн балалар хирургтарын дайындау үшін интернатураның Үлгілік бағдарламасы бойынша жасалған, Астана, 2007 ж.

Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ң клиникалық пәндер бойынша Орталық әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланып бекітілінген.

“____”_______2009 ж.
Төрайымы _________м.ғ.к., доцент Саркулова С.М.

ОҚМФА-ң Орталық әдістемелік Кеңесте мақұлданған


“___”_______2009ж. Төрайымы___________м.ғ.к., доцент М.У.Анартаева



III. Жұмыс бағдарламаның мазмұны:

1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

1.1. Пән оқытудың мақсаты:

Интернатураның мақсаты – профилактикалық мекемелерінде мамандандырылған балалар хирургін дайындау болып табылады. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін оқыту кезінде интерндер балаларда кездесетін хирургиялық аурулардың заманауи зерттеу және емдеу әдістерін меңгеруі тиіс.

1.2. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. Хирургиялық аурулары бар балаларды тексерудің тәжірибелік дағдыларын жетілдіру;

  2. Балалардағы хирургиялық аурулардың диагностикасы мен заманауи зертханалық және құрал – жабдықты тексеру тәсілдерін талдаудағы интерндердің білімін тереңдету;

  3. Балалар жасындағы хирургиялық ауруларын ажырату диагностикасын меңгеруін жетілдіру;

  4. Балалар жасындағы ауруларды және ақауларды заманауи емдеу әдістерін терең меңгерту

  5. Интерндерді ағымды дәрігерлік медициналық құжаттарды дұрыс жүргізуді үйрету;

  6. Этика және деонтология негіздерін тәжірибе жүзінде жетілдіру;


Дәрігер-интерн білуі тиіс:

  • Бүйрек пен зәр шығару жолдарының даму ақауларында және аталық безі мен ұрық бауының туа пайда болған ауруларының, шап жарығының туа біткен пилоростеноз, бауыр және өт шығару жолдарында, тоқ ішек пен аноректальды аймақта болатын клиникалық көріністің ерекшеліктері.

  • Балалардағы даму ақауларының хирургиялық еміне көрсеткіш.

  • Бүйрек, зәр шығару жолдары, аталық безі мен ұрық бауының ауруларының, бауыр және өт шығару жолдары, тоқ ішек пен аноректалды аймақта болатын операция алдындағы дайындық, хирургиялық ем және операциядан кейінгі шаралар;

  • Құрсақ қуысы мүшелерінің хирургиялық анатомиясын

  • Балаларда кездесетін жедел құрсақ қуысы ауруларының диагностикасы мен емдеудің стандарттары мен хатамалары

  • Асқазан-ішек жолдарынан қансырауының диагностикасы мен емдеудің стандарттары мен хатамалары

- Балаларда кездесетін жедел құрсақ қуысы ауруларының клиникалық сипаттамасын.

- Құрсақ қуысына операция жасалатын балаларға операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдердің ерекшелігін.

- Балаларда кездесетін жедел құрсақ қуысының ауруларына инструментальды және лабораторлы зерттеу жүргізу.

- Балалар организмінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іріңді-қабыну ауруларының дамуын.

- Балаларда кездесетін негізгі іріңді-қабыну аураларының клиникалық сипаттамасын.

- Жедел және созылмалы іріңді инфекциялардың өту ағымын.

- Балаларда кездесетін іріңді – қабыну ауруларының емдеу әдістері мен принциптері.


  • Ірінді-қабыну ауруларының диагностикасы мен емдеудің стандарттары мен хатамалары

- Балаларда кездесетін жарақаттардың механизмін, маңыздылығын, жиілігін, жіктелуін және алдын-алу шараларының сипаттамасын.

- Клиникалық, рентгенологиялық және лабораторлы зерттеу әдістері мен анамнездеріне баға беру.

- Негізгі хирургиялық іс-шаралар мен оперативті ем жүргізу әдістерін білу.

- Тірек-қимыл аппаратының даму ақауларының сипаттамасы.

- Ортопедия даму ақауларының кездесу жиілігі, алдын-алу шаралары.

- Емдеу әдістері мен принциптері.

- Нәрестелердегі хирургиялық ақаулардың зерттеу әдістері.

- Нәрестелердегі хирургиялық ақаулар кезіндегі оперативті емдердің мерзімдерін білу.

- Нәрестелердегі хирургиялық ақауларды инструментальды және лабораторлы зерттеу критериилері.

- Нәрестелерде кездесетін хирургиялық ауруларды емдеу принциптері мен әдістері.

- Кеуденің және кеуде құысының ағзаларының ақауларын клиникалық көрінісі мен ажырату диагностикасын.

- Бронхоскопия және бронхография методикасын;

- Пневмомедиастенография, бронх окклюзиясын, кеңірдек және бронхтағы бөгде заттарды алу техникасын, операция турлерін (торакопластика, лобэктомия, декортикация, өкпе кистасын алу, көк ет пластикасын) техникасын

- Балаларда кездесетін сүйек сынуларын қалпына келтіру кезеңдерін.

- Ауыр бас-ми жарақатын алған науқас балаларға қалпына келтіруші ем және диспансерлі бақылау жүргізу.

- Жедел гематогенді және созылмалы остеомиелитпен ауыратын науқас балаларды диспансерлік бақылау.

- Бас, миойын, көкіректің даму ақаулары бар науқас балаларды диспансерлі бақылау.

- Аноректальды аймақты аурулары мен даму ақаулары бар науқас балаларды диспансерлі бақылау.

- Несеп-жыныс жүйесінің аурулары мен даму ақаулары бар науқас балаларды диспансерлі бақылау.
Дәрігер-интерн істей алуы тиіс:

- Қажетті зерттеу әдістерін жүргізу (зәрді жинау, функционалды сынамалрды жүргізу).

- Урологиялық аурулары бар балаларға рентген зерттеу әдістерін жүргізу (венаішілік урография, цистография).

- Зерттеу нәтжелерін бағалау.

- Науқасты операцияға дайындау.

- Зәр қапшығын жуу және инстиляциялау, катетеризациялау дағдыларын үйрету.

- Негізгі хирургиялық манипуляция мен оперативті емді жүргізудегі дағдыларды білу.

- Жедел құрсақ қуысының аурулары бар балаларды қарау және зерттеу.

- Құрсақ қуысының рентгенограммаларын бағалау.

- Келесі манипуляциялар мен операцияларды өз бетінше орындай алуы тиіс: аппендэктомия, қысылған шап жарығында жарықты кесу, инвагинация кезінде консервативті емдеу, қол-аяқтарға венесекция жүргізу, паранефральды және вагосимпатикалық блокадалар.

- Құрсақ қуысы мүшелеріне жүргізілетін операцияларға ассистенция жүргізу.

- Іріңді-қабыну аурулары бар науқастарға қажетті зерттеу әдістерін жүргізу.

- Клиникалық, лабораториялы зерттеу әдістерінің нәтижелері және жинаған анамнезін дұрыс бағалау.

- Негізгі хирургиялық манипуляциялар мен оперативті көмек көрсетуде тәжірибелік дағдыларды үйрету. Кесулер, іріңді қуыстарды дренирлеу, іріңдіктерді пункциялау, ұзын түтікті сүйектерді жедел гематогенді остеомиелит кезінде остеоперфорация жүргізу, сүйек ішіне антибиотиктерді енгізу үшін ине қою, созылмалы остеомиелит кезінде секвестрэктомия жасау.

- Іріңді инфекциясы бар науқас балаларға комплексті ем жүргізуді меңгеру: антибактиериалды терапия жүргізу, медикаменттерді жасына сай дозасы.

- Сыртқы қан кетудің уақытша тоқтату әдістерін меңгеру

- Жамбас сүйек сынығы кезінде Школьник-Селиван бойынша новокаинды блокада жүргізу

- Түрлі сынық кезіндегі десмургия тәсілдерін және тасылмалдау негіздерін білу

- Сынықтарды жабық репозициясын, қаңқалық тарту және гипс техникасын жасай алу

- Біріншілік хирургиялық өңдеу техникасын (жара, үсік, күйік)

- Түрлі сынықтарының емдеу сызбасын тағайындау

- Ортопедиялық патологияның негізгі түрлерімен ауыратын балаларға зерттеу жүргізе алу.

- Клиникалық, рентгенологиялық және лабораториялы зерттеу әдістері мен анамнезіне негіздеп, бағалау.

- Ортопедиялық науқастарға емеду сызбасын құру.

- Рентгенограмманы интерпретация жүргізу әдістерін меңгеру.

- «Гипсті етік» қою әдісін меңгеру.

- Шеде бойынша лейкопластырлы тарту техникасын меңгеру.

- Буындарға пункция жүргізу.

- Ортопедиялық науқастарға көрсетілетін негізгі хирургиялық емдерді білу.

- Науқастарды операциядан кейінгі кезеңде жүргізу.

- Нәрестелерге қажетті зерттеу жүргізе алуы.

- Хирургиялық ақауы бар нәрестелерге қажетті емдік – диагностикалық тактиканы анықтау.

- Нәрестелерді операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдерде жүргізу.

- Нәрестелерге шұғыл хирургиялық манипуляциялар мен оперативті ем көрсету барысында қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

- Нәрестелік кезеңнен бастап этапты хирургиялық емді қажет ететін балаларды диспансерлік қадағалау әдістерін меңгеру.

- Плевра құысының пункция жасай алу

- Кеуде қуысының ақаулары мен ауруларына операция кезінде ассистенция жасау

- Емханада атқарылатын манипуляциялар мен операциялар.

- Бөгде денені алып тастау.

- Гемангиоманы емдеудегі криотерапия.

- Емхана жағдайындағы жансыздандырудың ерекшеліктері.

- Хирургия тәжірибесіндегі пассивті иммунизация (анаэробты инфекция, құтыру, сіреспе). Көрсеткіштері, қолдану мөлшері мен әдістері.




    1. Дәрігер-интерндерге осы пәнді оқу үшін қажетті бөлімі (тақырыбы) көрсетілген пәндер тізбесі:


Балалар аурулары (тақырыптары «Ревматизм», «Сарғаю синдромы», «Құрсақ қуысының созылмалы аурулары», «Дизуриялық бұзылыстар»)

Реанимация және қарқынды терапия (тақырыптары «Коматозды жағдайлар», «Шок», «Жүрек-өкпе реанимациясы», «Педиатриядағы инфузионды терапия негіздері», «Операцияға дайындық пен операциядан кейінгі науқасты жүргізу»)

Сәулелік диагностика және сәулелік терапия (тақырыптары «Бассүйек және омыртқа даму ақаулары мен ауруларын саулелік диагностикасы», «Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуын, даму ақауларын және ауруларын саулелік диагностикасы», «Құрсақ қуысының аурулары мен ақауларын саулелік диагностикасы», «Зәр шығару жүйесінің ақауларын саулелік диагностикасы»)

Клиникалық фармакология (тақырыптары «Рациональді антибиотикотерапия принциптері»)

1.4. Дәріс, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары мен толық пән бойынша өз бетімен оқитын тақырыптар және олардың сағатпен берілген көлемі (№ 3 үлгі).


Жалпы сағат саны

Дәріс

Тәжірибе сабағы

Өз бетімен атқаратын жұмыс

Семестр

Бақылау түрі, семестр

1458

-

972

486

XIII-XIV

Жарты жылыдық аттестация XIII

Мемл. аттестация -XIV



жүктеу 4,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау