3) бар мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда халықты жұмыспен
қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.
5. Кәсіптік оқыту:
1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.
6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 19-бабы 4-тармағында кӛрсетілген
мынадай адамдар:
1) мүгедектер;
2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар
(қамқоршылар);
3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар;
4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ
адамдар;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден
ӛткен адамдар кәсіптік оқытудан басым тәртіппен ӛтеді.
7. Кәсіптік оқытуға және оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруға
жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті
бюджеттерде кӛзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;
2) стипендия тӛлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта
даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;
3) қызмет кӛрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017
халықаралық кӛрмесін ӛткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді
тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;
4) қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, оқып жүргендерге субсидия (оқу орнына дейін
және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға беруге)
байланысты шығындарды ӛтеуге) (бұдан әрі – материалдық кӛмек) беру;
5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар
беру есебінен біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу;
6) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
7) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының
үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау жолымен іске асырылады.
8. Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӛңірлік
филиалымен бірлесіп еңбек нарығының кадрларға қажеттіліктерін айқындайды;
2) кәсіптік оқытуға қажеттілік бар жұмыс берушілерді есепке алуды жүзеге асырады;
3) жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі және шарттары, оның ішінде
жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуға қатысуға үміткерлерді таңдау туралы консультация
береді;
4) мамандық (кәсіп) таңдау, кәсіптік оқыту және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін
және әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілген жұмыс
орындарын (бос жұмыс орындарын) ескере отырып, оны аяқтағаннан кейін ықтимал жұмысқа
орналасу мәселелері бойынша үміткерлерге консультация береді;
5) үміткерлердің мамандығы (кәсібі) бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына
сәйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу мәселелері бойынша
консультация береді.
9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары консультация беру нәтижелері бойынша
кәсіптік оқытуға үміткерлердің және білікті кадрларға қажеттілік бар жұмыс берушілердің
тізімдерін қалыптастырады.
1-параграф. Кәсіптік оқытуға жіберу
10. Кәсіптік оқытуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер қатарынан таңдау;
2) бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу;
3) ӛз бетінше, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы;
4) ӛндірістің ықтимал тоқтауы, жұмыс уақытының қысқаруы жағдайында, аталған
жағдайларға жол бермеу мақсатында, жұмыс берушінің қызметкерлері қатарынан таңдау
арқылы іздестіру жолымен жүргізеді.
11. Жұмыс берушілер үміткерлерді әңгімелесу ӛткізу жолымен немесе халықты жұмыспен
қамту орталықтары ұсынған ақпаратты зерттеудің негізінде іріктейді.
12. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден жазбаша ақпарат алған
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіптік оқытуға қатысу үшін құжаттар
ұсыну қажеттігі туралы (еркін нысанда) хабарлайды.
13. Жұмыс берушілер таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту
орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӛтініш береді.
14. Ӛтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың кӛшірмесі;
2) еңбек кітапшасының кӛшірмесі (бар болса);
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан
бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (кәсіптік оқытуға жолдама берілгенге дейін
ұсынылады);
4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан ӛткенін
растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) кӛшірмелері;
5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес
жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе
жалақысы сақталмайтын демалыс не бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған
жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтап туралы актісі (еркін
нысанда).
15. Құжаттар тізбесін қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының
қызметкері кӛшірмелердің түпнұсқалығын түпнұсқамен салыстырып тексереді және ӛтініш
берушіге қайтарады.
16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқушылар құрамына үміткерлерді енгізу туралы бұйрық
шығарады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқытуға
жолдама береді.
17. Кәсіптік оқытудан бас тартқан жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы бас тарту
себептерін кӛрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде ӛтініш берушіні жазбаша (еркін нысанда)
хабардар етеді.
18. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасауға
болады.
19. Жұмыс берушілер кәсіптік оқытуға іріктеп алған үміткерлер жұмыс берушілердің
келісуі бойынша осы Қағидалардың 35-тармағында кӛзделген тәртіппен бекітілген ӛңір
аумағында, ал олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының басқа ӛңірлерінде
кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары тізбесінен білім беру ұйымдарын не
жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу
орталықтарын таңдайды.
20. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |