Тізбе жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
36. Оқытатын ұйымдарды кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін тізбеге енгізу:
1) оқушылардың ӛндірістік практикасын кадрларды даярлаудың дуальді моделінің
қағидаттарына сәйкес ұйымдастырған;
2) ӛткен жылғы бітірушілердің кемінде 60 %-ын жұмысқа орналастырылған жағдайда
жүзеге асырылады. Жұмысқа орналастырылғандардың саны әскери қызметке шақырылған,
жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырушы, қайтыс болған, сот шешімі бойынша бас
ботандығынан айырылған, жүктілік және туу, бала күтімі бойынша демалыстағы,
республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды ескермей есептеледі.
36-тармақтың 2) тармақшасының талаптары кемінде күнтізбелік бір жыл бұрын ашылған
(құрылған) білім беру ұйымдарына және оқу орталықтарына қолданылмайды.
37. Бағдарламаның 62-тармағына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарында кәсіптік оқыту құнын ӛңірлік комиссиямен келісу бойынша білім беру
саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының
талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне
арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді.
Оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен,
білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен және ӛңірлік комиссиямен келісу
бойынша оқу орталығы айқындайды.
Оқу орталықтары кәсіптік оқыту жүргізу қызметтері құнының есептерін жасайды және
халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары
үш жұмыс күні ішінде кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептерін білім беру саласындағы
жергілікті атқарушы органға жібереді.
Кәсіптік оқыту қызметтерінің құнын қарау кезінде білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы органдар мынадай негізгі критерийлерді:
1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік
деңгейіне қарай білім беру процесіне арналған шығыстарды;
2) бір Бағдарламаға қатысушыны оқытуға арналған шығыстардың орташа құнын
басшылыққа алады.
Оқу құнының есептері негізді деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес ӛңірлік
комиссияларға оқу орталығын тізбеге енгізу туралы тиісті қорытындыны жібереді.
Оқу құнының есептері негізсіз деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы органдар оқу құны есептерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны (еркін
нысанда) үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органдардың оқу құны есептерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні
ішінде оқу орталықтарына жібереді.
Оқу құнының есептерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның
қорытындысында баяндалған талаптарға сәйкес келтірген жағдайда кейінгілері ӛңірлік
комиссияларға қорытындыда баяндалған талаптарға сәйкес келтірілген оқу құнының
есептеулерін қоса отырып, оқу орталығын тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.
38. Кәсіптік оқыту оқу орталықтарында КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан ӛткен
адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) (еркін нысанда) беру шарттарында немесе
«Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-
әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдем кӛрсеткен
кезде жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында кәсіптік даярлаудан ӛткен және қорытынды
аттестаттаудан ӛткен адамдарға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген
деңгейі (разряд, класс, санат) тағайындалады және «Білім беру туралы» Заңның 3-тармағына
сәйкес білім туралы құжат беріледі.
39. Кәсіптік оқыту жұмыс берушілермен келісу бойынша оқушылар ӛңірлік комиссия
бекіткен тізбеден таңдаған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.
Ӛңірде (облыста, Астана және Алматы қалаларында) оқушы жұмыс берушімен келісім
бойынша таңдаған мамандық (кәсіп) бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын
ұйым болмаған жағдайда, кәсіптік оқыту басқа ӛңірлерде орналасқан және басқа ӛңірдің
тізбесіне қосылған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.
40. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары
есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқудан
шығарылған адамдар туралы ақпаратты және оқитындардың сабаққа келуін есепке алу
табелінің кӛшірмесін ұсынады.
3-параграф. Қысқа мерзімді тегін курстарға жіберу
41. Қызмет кӛрсету саласында кадрларды оқыту бойынша тегін қысқа мерзімді курстарға
жіберу әкімшілік бірлік аумағында қызмет ететін кәсіпорындарда жұмыссыздарды, ӛзін-ӛзі
жұмыспен қамтығандарды және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді даярлауды, қайта
даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды кӛздейді.
Бағдарламаның 67-тармағына сәйкес оқыту шеберлік сыныптары жергілікті атқарушы
орган құрған арнайы ұйымда (бұдан әрі – Ұйым) халықты жұмыспен қамту орталығымен
бірлесіп, ұзақтығы екі айдан аспайтын мерзімге ұйымдастырылады.
Оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастыру жӛніндегі шараларды қаржыландыру Ұйым
арқылы жүргізіледі.
Оқыту шеберлік сыныптары практикалық дағдыларды қолданумен жүргізіледі.
42. Ұйым оқыту шеберлік сыныптарын ӛткізу үшін мынадай:
1) курс ӛткізетін мамандық бойынша 5 жылдан кем емес еңбек ӛтілінің болуы;
2) тиісті мамандық бойынша білімі туралы құжаттың болуы талаптарына сай келетін
практикалық жұмыс дағдысы бар жоғары білікті мамандарды, оның ішінде табысты еңбек
ӛтілі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартады.
43. Ұйым бағыттарын, оқыту шеберлік сыныптарын ӛткізу тақырыбын және қызмет
кӛрсету үшін қажетті мамандардың санына қажеттілікті Ұйым халықты жұмыспен қамту
орталығымен бірлесіп айқындайды және оны аудандық (қалалық) комиссия бекітеді.
44. Жұмыссыз және ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтыған халық қатарынан оқыту шеберлік
сыныптарынан ӛтуді қалайтын адамдардың санын әлеуетті қатысушылармен және жұмыс
берушілермен сұхбаттасуды, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау нәтижелерін, кәсіптік оқудан
ӛткен адамдардың болуын ескере отырып халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.
Жалдамалы жұмыскерлер қатарынан оқыту шеберлік сыныптарынан ӛтуді қалайтын
адамдардың санын Ұйым айқындайды.
45. Халықты жұмыспен қамту орталығы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-
ақ Ұйыммен бірлесіп:
1) оқыту шеберлік сыныптарынан ӛтуге (белгілі бір дағдыларға практикалық оқуға)
мұқтаж адамдардың тізбесін қалыптастырады, практикалық курстардың бағыттары бойынша
үміткерлерді топқа бӛледі;
2) базасында оқыту шеберлік сыныптары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің
тізбесін қалыптастырады;
3) 25 адамнан тұратын топтар және оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастыру кестесін
құрайды;
4) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес Бағдарламаға
қатысушымен әлеуметтік келісімшарт жасасады және оны орындау мониторингін жүргізеді.
46. Ұйым:
1) оқыту шеберлік сыныптарын ӛткізетін мамандарды таңдауды қамтамасыз етеді;
2) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп қаржылай қаражаттарға жылдық
қажеттілікті айқындайды;
Достарыңызбен бөлісу: |