Данная дипломная работа посвящена разработке автоматизированной



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16670
түріДипломная работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

18 

 

қызметкер  туралы  толық  ақпарат  (фамилиясы,  аты,  әкесінің  аты,  ұлты, 



жынысы, отбасылық жағдайы, тіркелген мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы, 

білімі, РНН, СИК және жеке куәлік нөмірі). 

Дипломдық мағұлматтар: 

-  оқу орны; 

-  мамандығы; 

-  оқуға түскен жылы; 

-  оқуды бітірген жылы. 

а) еңбек кітапшасы туралы мағұлматтар: 

    1) жұмыс істеген орны

    2) атқарған қызметі; 

    3) жұмысқа тұрған жылы

    4) жұмыстан шыққан жылы. 

б) отбасы құрамы туралы мағұлматтар: 

   1) аты-жөні; 

   2) туған жылы; 

   3) туыстық дәрежесі. 

  

 

1.1.4 Шығыс элементтерді сипаттау 

 

«Кадрлар бөлімі» мәліметтер қорында келесідей шығыстары бар: 



Егер  жұмыс беруші  қызметкермен  келісім-шартқа  отыратын болса,  онда 

оны  тіркеуден  өткізеді  және  жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрық  шығарады. 

Бұйрыққа  келесідей  мағұлматтар  толтырылады:  қызметкердің  аты-жөні,  бөлім 

атауы, атқаратын қызметі, жұмысқа қабылданған күні, келісім-шартқа отырған 

күні,  келісім-шарттың  аяқталатын  күні  және  бұйрықтың  нөмірі.  Бұйрық 

қабылданғанан  кейін  Word  документ ретінде  сақтап  қоюға  немесе принтерден 

басып шығаруға болады. 

Қызметкерді демалысқа босататын болса, онда кадр бөлімінің қызметкері 

демалысқа  бостау  туралы  бұйрық  шығару  керек.  Ол  бұйрықта  келесідей 

мағұлматтар  толтырылады:  демалысқа  шығатын  қызметкердің  аты-жөні, 

демалыстың басталатын күні, аяқталатын күні және бұйрық нөмірі. 

Қызметкерлер  туралы  ақпаратты  Ехсеl-ге  шығаруға  болады.  Бір 

қызметкердің немесе барлық қызметкерлердің мәліметтерін шығарса болады. 

 

 

1.2 Мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер 

 

Жалпы  тақырыппен  немесе  міндетімен  байланысқан  сақталынатын 



мәліметтердің  реттелген  жиынтығы  декректер  қоры  (МҚ)  деп  аталады. 

Мәліметтер  қорының  негізгі  міндеті  –  онда  сақталатын  мәліметтерді 

пайдаланушыларға тез тауып беру.  



19 

 

Мәліметтер  қорының  әр  түрлі  белгілері  бойынша  көптеген  түрлерге 



ашыратылады. 

Мысалға, 

«мәліметтер 

қорының 


технологиясының 

энциклопедиясында»  50-ден  астам  мәліметтер  қорының  түрлері  бар.  Негізгі 

жіктеулер төменде көрсетілген. 

Мәліметтердің моделі бойынша жіктелу: 

-  иерархиялық; 

-  желілік; 

-  реляциялық; 

-  обьекті және обьекті-бағытталған; 

-  обьекті-реляционды; 

-  функционалды. 

Таратылған дәрежесі бойынша: 

-  орталықтандырылған 

немесе  бағытталған:  МҚ  толықтай  бір 

компьютерде; 

-  таратылған:  МҚ-ның  құрамдас  бөліктері  бір  китериге  сәйкес 

компьютерлік желінің әр түрлі түйіндерінде орналасады; 

-  біртекті  емес:  желінің  әр  түрлі  түйіндерінде  таратылған  МҚ-ның 

бөлшектері бірден көп МҚБЖ-ның құралдарымен сүиейді; 

-  біртекті: желінің әр түрлі түйіндерінде таратылған МҚ-ның бөлшектері 

бір МҚБЖ-ның құралдарымен сүиейді; 

-  бөлшектелген  немесе  секцияланған:  мәліметтерді  тарату  әдісі 

бөлшектеу болып табылады, тігінен немесе көлденеңен; 

-  таралымдалған: мәліметтерді тарату әдісі таралымдау (репликация).  

 

 



1.3 Мәліметтер қорын басқару жүйесі 

 

Мәліметтер қорларын басқаратын жүйе (МҚБЖ) – жалпы немесе арнайы 



тағайындалған 

программалық 

және 

лингвистикалық 



құрылғылардың 

жиынтығы,  мәліметтер  қорын  құруды  және  қолдануды  басқаруды  қамтамасыз 

етеді. 

МҚБЖ-ның негізгі функциялары: 



- сыртқы жадыдағы (дискідегі) мәліметтерді басқару; 

- жедел жадыдағы мәліметтерді дискілік кэшті қолданумен басқару

- ақаулардан  кейін  мәліметтер  қорын  қалпына  келтіру,  резервті  көшіру 

және өзгертулерді журналдау; 

- МҚ тілдерін қолдау. 

Таратылған дәрежесі бойынша МҚБЖ-ның жіктелуі: 

Локальды  МҚБЖ  (МҚБЖ-ның  барлық  бөліктері  бір  компьютерде 

орналасады). 

- Таратылған  МҚБЖ  (МҚБЖ-ның  бөліктері  екі  немесе  одан  да  көп 

компьютерлерде орналасуы мүмкін). 

МҚ-на рұқсат әдісі бойынша: 



20 

 

- Файл-серверлік.  Файл-серверлік  МҚБЖ-да  мәліметтер  файылдары 



орталықтандырылған  файл-серверде  орналасады.  МҚБЖ  әр  клиенттік 

компьютерде  орналасады.  МҚБЖ-ның  мәліметтерге  рұқсаты  локалдік  желі 

арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  архитектураның  артықшылығы  файлдық  севердің 

процессорына  аз  жүктеме  түседі.  Кемшіліктері:  локалдік  желіні  потенциялды 

үлкен  жүктеу;  орталықтандырылған  басқарудың  қиындығы  және  мүмкін 

еместігі; 

сенімділік, 

ашықтық 


және 

қауіпсіздік 

сияқты 

маңызды 


сипаттамаларды қамтамасыз ету қиындығы және мүмкін еместігі. Қазіргі кезде 

файл-северлік  технология  ескірген  болып  саналады.  Мысалға:  Microsoft 

Access, Paradox, dBase, FoxPro, Visual FoxPro. 

- Клиент-серверлік.  Клиент-серверлік  МҚБЖ  МҚ-мен  бірге  серверде 

орналасады  және  МҚ-на  рұқсат  монполиялық  режимде  болады.  Мәліметтерді 

өңдеуге 


барлық 

клиенттік 

сұраныстар 

клиент-серверлік 

МҚБЖ-да 

орталықтандырылып  өңделеді.  Клиент-серверлік  МҚБЖ-ның  кемшіліктері 

серверге  деген  талаптардың  қиындығынан  тұрады.  Артықшылықтары:  

локалдік  желіні  потенциялды  аз  жүктеу;  орталықтандырылған  басқару 

ыңғайлығы;    сенімділік,  ашықтық  және  қауіпсіздік  сияқты  маңызды 

сипаттамаларды 

қамтамасыз 

ету 


ыңғайлығы. 

Мысалға: 

Oracle, Firebird, Interbase, IBM 

DB2, Informix, MS 

SQL 

Server, PostgreSQL, MySQL, ЛИНТЕР, Sybase Adaptive Server Enterprise, Caché. 



- Орнатылған  МҚБЖ  –  кейбір  программалық  өнімнің  құрамдас  бөлігі 

ретінде  берілетін  МҚБЖ.  Орнатылған  МҚБЖ  өзінің  қосымшасының 

мәліметтерін локальді сақтау үшін арналған және желіде коллективті қолдануға 

ойластырылмаған.  Физикалық  орнатылған  МҚБЖ  көбінесе  қосылатын 

кітапхана  түрінде  жүзеге  асқан.  Қосымша  жағынан  мәліметтерге  рұқсат  SQL 

арқылы  немесе  арнайы  программалық  интерфейс  арқылы  болады.  Мысалы: 

OpenEdge,  SQLite,  BerkeleyDB,  Firebird  Embedded,  Microsoft  SQL  Server 

Compact, ЛИНТЕР.    

 

 

1.4 Мәліметтер қорын жобалаудың принциптері 



 

Мәліметтер  қорларының  архитектурасы.  Физикалық  және  логикалық 

тәуелсіздік.  

Мәліметтерге қол жеткізу әдістерінің маңызды даму аспектісі келесі идея 

болып табылады: пайдаланушылармен қабылданатын мәліметтердің логикалық 

құрылымы  мен  олармен  әрекеттесуін  компьютерлік  жабдықтар  талап  ететін 

мәліметтердің  физикалық  көрсетуінен  бөлу.  МҚБЖ-ның  жасалуын  зерттейтін 

ғылыми  процесінде  әр  түрлі  іске  асырулар  ұсынылады.  Стандарттау  бойынша 

америкалық  ANSI  (American  National  Standards  Institute)  институті  ұсынған 

мәліметтер  қорларын  ұйымдастырудың  үш  деңгейлі  жүйесі  ең  тиімді  болып 

табылады.  Бұл  үш  деңгейлі  мәліметтер  қорларының  архитектурасы  сыртқы, 

концептуалды және ішкі деңгейлерден тұрады. 




жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау