23
осы модельдің артықшылықтары басқа МҚБЖ-ді дүниежүзінің нарығынан
ығыстыруына себеп болды.
Реляциялық модельдің артықшылықтары ретінде келесілерді атауға
болады:
- қарапайымдылық,
көп тараған тақырып аймақтардың көбісін
қарапайым модельдеуге абстракцияларының аз саны және интуитивті түсінікті
болып отырып олар формалды анықтамаларды орнатуға мүмкіндік береді;
- жақсы өңделген және қуатты математикалық аппаратының бар болуы;
- мәліметтердің
физикалық
ұйымдастыруын
білмей-ақ
оларға
операцияларды қолдану мүмкіндіктері.
Реляциялық модельдің кемшіліктері деп келесідей:
- басқа моделдерге қарағанда мәліметтерді сақтаудың тиімділігі төмен
болып табылады;
- кейбір операцияларды іске асырғанда жылдамдылық жеткілікті
болмайды;
- мәліметтердің
күрделі
құрылымдарын
көрсету
мүмкіндіктері
шектелген;
- тақырып аймақтың семантикасын адекватты көрсету мүмкін емес.
Мәліметтерді кестелер немесе реляциялар түрінде көрсететін мәліметтер
моделі мәліметтердің реляциялық моделі болып табылады. Реляция дегеніміз
жатық және тік жолдардан тұратын екі өлшемді кесте. Кодд моделінде
кестедегі мәліметтермен жұмыс жасауға екі тілді: реляциялық алгебра мен
реляциялық есептеуді қолдану ұсынылады. Бұл теориялар математикалық
логиканың бөліктері. Оларда кестені relation (қатынас) деп атайды.
Кесте түсініктемесі реляциялық модельдің негізі болып табылады.
Мәліметтер қорын кестелер жиыны деп түсінуге болады. Бірақ бұл кестенің
түсініктемесі тек қана мәліметтерді көрсету түріне қатысты, дискіде немесе
жадыда жазбаларды физикалық іске асыруымен оның еш қандай байланысы
жоқ.
Реляциялық МҚБЖ-де ең кемінде екі шарт орындалады:
- Пайдаланушылар мәліметтерді кесте түрінде қабылдайды.
- Пайдаланушы бар кестелерден белгілі операторларды қолданып жаңа
кестелерді жасауларына болады.
Реляциялық модель негізінде келесідей түсініктемелер болады:
мәліметтер типі, атрибут, домен, бастапқы кілт, қатынас.
1.5.3 Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру
Көптеген мәліметтер қорларын басқару жүйелері (МҚБЖ) реляциялық
модельде негізделген. Тікелей концептуалды сұлбаны іске асыратын обьектті
бағытталған МҚБЖ-р қазіргі уақытта әлі өңделмеген. Концептуалды модельді
іске асырылатын модельдерге көшірудің кейбір әдістері қажет. Концептуалды
24
модель обьекттерден, қатынастардан, атрибуттардан, нақтылаулардан, құрамды
обьектерден және т.с.с. тұрады.
Обьектілік жиынтықтар мен атрибуттар келесі ережелер бойынша
түрлендіреді:
a) әр обьектілік жиынтық үшін реляциялық кесте жасалады. Көбінесе
обьектілік жиынтықтар мен реляциялық кестелердің аттары бірдей болады.
Бірақ олар бөлек те болуы мүмкін, себебі обьектілік жиынтықтардың аттарына,
уникалды болу талаптан басқа қосымша синтаксистік шектеулер қойылмайды.
Ал кестелердің аттары белгілі МҚБЖ талаптарымен шектелуі мүмкін. Көбінесе
бұл аттар кейбір негізгі тілдің идентификаторлары болуы мүмкін, өлшемдері
шектелген, аттарында бос орын және басқа арнайы символдар орнатылмайды.
Обьектілік жиынтықтың атрибуттары реляциялық кестенің атрибуттары болып
табылады. Атрибуттарға жаңа аттар қою ережелері обьектілік жиынтықтарға
жаңа ат қоюға сәйкес. Әр атрибут үшін МҚБЖ-де рұқсат етілген белгеілі
мәліметтер типі және атрибуттың міндетті немесе міндетті еместігі (оған
NULL мәні рұқсат етілгені немесе етілмегені) орнатылады.
в) егер де концептуалды модельде кілттік атрибуты болса, оны
реляциялық кестенің бастапқы кілті (PRIMARY KEY) ретінде қолдануға
болады. Кері жағдайда кестенің кілттік атрибуты мәліметтер қорының
жобалаушысымен жасалады. Бірақ, осындай атрибуттың өздігінен модельден
пайда болғаны жақсы. Практикада әрине кілтті таңдау туралы жобалаушылар
пайдаланушылармен ақылдасу керек. Қатынастың бастапқы кілтіне кіретін
атрибуттар автоматты түрде міндеттілік қасиеттеріне (NOT NULL) ие болады.
с) егер де концептуалды модельде обьектілік жиынтықтың нақтылулары
яғни ішкі және жалпылау обьектері болса, онда көрсетудің бірнеше нұсқалары
бар. Бір жалпылау обьекттің ішкі обьекттері үшін бір қатынасты жасауға
болады. Оған ішкі обьектердің барлық атрибуттарын орнатады. Бұл нұсқада
кейбір даналар үшін атрибуттардың мағыналары болмайды. Олардың
анықталмаған мәндері болса да бір ішкі обьекті басқадан айыру үшін қосымша
ережелер керек болады.
25
2 SQL тілінің жобалық бөлімі
2.1 SQL сұраныстар тілі
SQL (англ. Structured Query Language – «құрымдасқан сұраныстар тілі») –
әмбебап компьюютерлік тіл, реляциялық мәліметтер қорында мәліметтерді
басқару және модификациялау үшін қолданылады. SQL компьютер мәліметтер
қорында болатын мәлiметтердi өңдеу және оқуы үшiн арналған құрал болып
табылады. Бұл тіл реляционды мәліметтер қорын тиімді құруға және олармен
жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер қоры әлемі біртұтас болып барады, бұл стандартты бір тіл
жасау қажеттілігіне алып келді. Командалардың бiлгiр бiр жиын
қолданушыларына стандартты тiлi, мәлiметтi тәуелсiз құруға, iздеп табуға,
өзгертуге және жіберуге дербес компьютер, торлық жұмыс станциясындағы,
немесе әмбебап ЭЕМдерге жұмыс iстеу үшiн оларды қолдануға мүмкiндiк
бередi.
Аты айтып тұрғандай SQL программалау тілі қолданушымен мәліметтер
қоры арасындағы қатынасты ұйымдастыруға қолданылады. Расында SQL
реляциялық типті мәліметтер қорымен ғана жұмыс істейді. SQL-дің жұмыс
істеу сұлбасы көрсетілген (1 сурет).
1 сурет – Мәліметтер қорында SQL-ді қолдану
Бұл сұлбаға сәйкес, есептеуiш жүйеде маңызды мәлiметтер сақталатын
мәліметтер қоры болады. Егер есептеуіш жүйе кадрлар бөліміне байланысты
болса, онда мәліметтер қорында қызметкерлер туралы мәліметтер, бұйрықтар
және т.б. ақпараттар сақталады. Егер қолданушыға мәліметтер қорынан
мәліметтерді оқу керек болса, онда ол SQL көмегімен МҚБЖ-ға сұраныс
жасайды. МҚБЖ сұранысты өңдейді, қажет мәліметті табады және
қолданушыға жібереді. Мәліметтерді сұрау және нәтиже алу процесі
мәліметтер қорына сұраныс деп аталады: құрылымдасқан сұраныстар тілі –
деген аты осыдан шыққан.
SQL қолданудың ыңғайлығын сипаттайтын, негізгі моменттері:
Достарыңызбен бөлісу: |