Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2017.30.11 № 4/496 ҚАУЛЫСЫНА 2-ҚОСЫМША
Дата: 20.03.2018 10:52:57
Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 4/496 қаулысына 2-қосымша
«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түріндегі анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен тиісті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 (он) минут ішінде алынған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын алуға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы сұрау салуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 10 (он) минут ішінде енгізеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарламаны дайындайды және 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және шығыс хат-хабар журналында тіркеу үшін 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде дайын хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) өтініш мен құжаттарды тіркеу және беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын айқындау және мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдау;
3) сұрау салуды жіберу;
4) тіркеу туралы хабарлама;
5) басшының хабарламаға қол қоюы және кеңсе маманына беруі;
6) тіркеу туралы хабарламаны беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен тиісті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 (он) минут ішінде алынған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын алуға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы сұрау салуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 10 (он) минут ішінде енгізеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарламаны дайындайды және 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және шығыс хат-хабар журналында тіркеу үшін 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде дайын хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті беруші мамандарының өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және
(немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және оның аумақтық бөлімшелерімен, және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қарастырылмаған.
«Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп
жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Достарыңызбен бөлісу: |