қолданылады. Бұл мақсаттарға пальма олеинін, кокос майын, сары майды
(ылғалдықтың салмақтық үлесі 16% артпауы керек), құстың ерітілген
майы, тазаланып иіссіздендірілген өсімдік майлары пайдаланылады. Осы
майлар кулинарлық тағамдарды пісіргенде табалардың u1090 түбін майлау,
күлшелерлің арасына жағу, формаларды майлауға қолданылады.
30. Балалар мен жасөспірімдер үшін дайындалатын кулинариялық
тағамдарға майлы шикізаттарды қолдану шектелінеді, егер де майлылығы
жоғары семіз ет жəне құс еттерімен бірге майлылығы кем шикізат
қосылғанда алынатын дайын тамақтың майлылығы 16 г/100г артпаса, онда
рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
министрлігінің
Мемлекеттік
санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті Төрағасының бұйрығымен
бекітілген Əдістемелік нұсқауларға
1-Қосымша
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 154
Балалар мен жасөспірімдердің майларды кеңес етілген қолдану деңгейі
(КҚД*), г/тəулік
*
КҚД жалпы майлар мөлшерінің 30% қамтамасыз етеді, n-6 КҚМҚ (линол
қышқылы) – 6%, n-3 КҚМҚ (ю-линолен қышқылы) – 1% рационның
тəуліктік калориялылығынан
23
,
24
.
23
ВОЗ/ФАО, 2003: WHO/FAO Diet, nutrition and the prevention of chronic diseases. World Health
Organization. Tech. Rep. Ser. 2003; 916:i–viii, 1–149.
24
ВОЗ/ФАО/УООН, 2001/2004: Human energy requirements. Report of a Joint FAO/WHO/UNU Expert
Consultation. Rome, Food and Agriculture Organization of the United Nations, 2004 (FAO Food and Nutrition
Technical Report Series, No. 1), 103 p.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті Төрағасының бұйрығымен
бекітілген Əдістемелік нұсқауларға
2-Қосымша
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 154
Балалар мен жасөспірімдердің тəуліктік рационына қосуға кеңес етілген
тағамдық майлар мен майлық азық-түліктерді енгізу үлгісі
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Профилактикалық медицина академиясы
Қазақ тағамтану академиясы
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының Білім
жəне
ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің Төрағасы
__________________ Ж. Жөкенов
27 қараша 2008 жыл
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОСЫМША
ТАМАҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ТАҒАМДЫҚ АЗЫҚ-
ТҮЛІКТЕРДІҢ КЕҢЕС ЕТІЛГЕН ТҮРЛЕРІ
(
Əдістемелік нұсқаулар)
ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі, профессор Т.Ш.Шармановтың
редакциялығымен
Əдістемелік нұсқауларды құрастырушылар:
Тəжібаев Ш.С. медицина ғылымының докторы, профессор
Апсеметова М.А. медицина ғылымының кандидаты
Какимова Г.С. медицина ғылымының кандидаты
Тлеубекова Б.Т. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитеті басқармасының бастығы
Ахметова З.Д. бас
сарапшы
Рецензенттер: Алдашев А.А. – м.ғ.д., профессор
Бекбосынов Т.К. – м.ғ.д., профессор
Алматы, 2008
Қазақстан Республикасының ДСМ
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитеті
Төрағасының – Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дəрігерінің бұйрығымен
бекітілген
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 153
Əдістемелік нұсқаулар
Білім беру мекемелеріндегі оқушыларды қосымша тамақтандыруға
арналған тағамдық азық-түліктердің кеңес етілген түрлері
1. Жалпы ережелер
1. Əдістемелік нұсқаулар орта, бастауыш, кəсіптік жəне қосымша
оқыту мекемелерінде оқитын 6-дан 18-ге дейінгі балалар мен жас
өспірімдердің қосымша тамақтануына арналған тағамдық өнімдердің
ассортименттік сипатмежелерінің түзілуін жəне
де оқыту мекемелерінің
территориясында орналасқан дəмханалардағы түрлі азық-түліктердің
таратылу жағдайларын анықтайды.
2. Оқушылардың қосымша (немесе аралық) тамақтануын
ұйымдастыру деп асханаларда, дəмханаларда, кейбір сауда
дүкеншелерінде, сонымен қатар оқыту орындарының территориясында
орналасқан дəмханалық өнім түріндегі өзге де сауда орындарында болатын
(шектеусіз сатылатын) азық-түліктердің түрлерін айтады.
3. Қосымша (аралық) азық-түліктердің ассортименттерін жасау деп
оқушылардың қосымша тамақтануын ұйымдастыруға арналған тағамдық,
оның ішінде кулинариялық (дайын тамақтар мен кулинариялық заттар)
өнімдерді саналы түрде таңдауды түсінеді.
4. Оқушылардың қосымша (аралық) тамақтануын ұйымдастыру үшін
тағамдық өнімдерінің ассортименттерін жасаудағы
негізгі міндеттерге
мыналар жатады:
1) балалар мен жасөспірімдерді жас шамасына қарай
физиологиялық тағамдық заттар мен энергияға қажеттілігін рационалды,
үйлестірілген, салауатты тамақтану принциптеріне, қауіпсіздік пен
тағамдық құндылық талаптарына сай қамтамасыз ету;
2) балалар мен жасөспірімдердің тиімді физикалық дамуы жəне де
олардың арасында жұқпалы жəне жұқпайтын аурулардың алдын алу
(профилактика) үшін жағдай туғызу.
5. Оқушылардың қосымша тамақтануын ұйымдастыруға арналған
тағамдық заттар ассортиментін жасаудың жалпы жауапкершілігі мекеме
басшысына, жеке кəсіпкерге жүктеледі.
Оқушылардың қосымша
тамақтануын ұйымдастыруға арналған азық-түліктердің ассортименттерін
жасау барысындағы қызмет орындарындағы лауазымды қызметкерлердің,
мамандар мен персоналдардың қызметтік міндеттерін олардың
квалификациясы мен профессионалдық дайындығына қарай басшы
анықтап жүктейді.
6. Оқушылардың қосымша тамақтануын ұйымдастыруға арналған
тағамдық азық-түліктердің ассортименттерін жасақтауға өндірістік
бақылауды, өндірістік жағдайда бақылау жүргізуге жəне санитарлық-
эпидемиялогиялық ережелер мен нормалардың ұстанылуын тексеруге
арнайы профессионалдық дайындықтан өткен мамандарға жүктеледі.
2. Оқушылардың қосымша тамақтануын ұйымдастыруға арналған
азық-түліктердің ассортименттері
7. Балалар мен жасөспірімдердің қосымша тамақтануын