«мектептік тамақтану» сериясы астана-алматы-2008 Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 186,85 Kb.
Pdf просмотр
бет4/21
Дата22.05.2018
өлшемі186,85 Kb.
#16102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

        Қазақстан Республикасының ДСМ
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті Төрағасының – Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дəрігерінің 
бұйрығымен
бекітілген
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 154
Əдістемелік нұсқаулар
Балалар мен жасөспірімдер тамақтануында тағамдық майлар мен
майлық азық-түліктерді қолданудың гигиеналық аспектлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Əдістемелік нұсқаулар мектеп жасына дейінгі жəне мектеп
жасындағы балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында тағамдық
майлар мен тағамдық майлық азық-түліктерді қолдану мүмкіншілігін
бағалау мақсатында жасалды, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің
тамақтануын ұйымдық ұжымдарда ұйымдастыру.
2Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануындағы тағамдық майлар
мен майлық азық-түліктер
2. Тағамдық майлар мен майлық азық-түліктер балалар мен
жасөспірімдердің тамақтану рационында қажетті компоненттер жəне май
қышқылдарының көзі болып табылады, оның ішінде көпқанықпаған май
қышқылдарының (КҚМҚ), А, D витаминдерінің (балық майы, сүт майы
жəне т.б. жануар майлары), Е витамині (өсімдік майлары), фосфолипидтер
(өсімдік майлары) жəне өзге кейбір тағамдық заттардың да қоры.
3. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануына өсімдік майларын да
жəне жануар тектес майларды да қолданған жөн. Пайдаланатылатын
жалпы май есебінен рацион калориясының 30% жабылады. Қанықпаған
майлардың көзі болып есептелінетін өсімдік майлары күнделіктегі
рациондағы жалпы майлар мөлшерінің 30% кем болмауы керек. Тамақ
рационындағы жалпы тағамның калориялылығының 6-10% көпқанықпаған
майлар түзуі керек. Балалар мен жасөспірімдердің майларды кеңес етілген
қолдану деңгейі осы əдістемелік нұсқаулардың 1-қосымшасында
келтірілген.
4. 1- қосымшада көрсетілген майлардың қолданылу деңгейінің
құрамына тағамдық майлар мен майлық азық-түліктер ғана емес, өзге
жануар жəне өсімдік тектес тағамдар (рациондағы жалпы майлар
мөлшерінің 50% құрайтын көрінбейтін майлар деп аталатын) құрамындағы
майлар да кіретінін есепке алу керек. Балалар мен жасөспірімдердің
тəуліктік рационына қосуға кеңес етілген тағамдық майлар мен майлық
азық-түліктерді енгізу үлгісі осы əдістемелік нұсқаулардың 2-


қосымшасында келтірілген.
5. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационында
(мүмкіндігінше, білім беру мекемелеріндегі бір-екі мезгілдік тамақтану
рационында да) күнделікті міндетті түрде сүт майлары (сары май немесе
қаймақ түрінде) мен өсімдік майлары болуы керек.
6. Балалар мен жасөспірімдердің тамағына майлар мен майлық азық-
түліктер түрлі тағамдық өнімдердің құрамында (сүт тағамдары, күлшелер,
кондитерлік тағамдар жəне басқалар) енеді жəне де балалар мен
жасөспірімдерге арналған кулинариялық тағамдарды (суық біртістем
тағамдарды, бутербродтарды, көжелерді, гарнирлерді, ұннан жəне
жармалардан жасалынған тағамдар, өзге тағамдар жəне кулинарлық
өнімдерді) дайындағанда қолданылады.
3. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануы үшін қажетті майлар
мен майлық азық-түліктердің ассортименті
7. Мектепке дейінгі (1-6 жас) жəне мектеп жасындағы (7-17 жас)
балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында негізгі тағам рационының
құрамына (оның ішінде түрлі тағамдық азықтардың құрамына) төменгі
мына тағамдық майлар мен майлық азық-түліктерді енгізуге кеңес
беріледі:
7.1 Жануар тектес майлар:
1) Сиырдың сары майы: тұздалмаған тəтті сары май, шаруа майы
тұздалмаған тəтті сары май, вологодтық. ГОСТ 37.
7.2 Өсімдік тектес майлар (тазартылған жəне тазартылмаған):
1) Пісте майы тағамдық. Жалпы техникалық жағдайлары. СТ РК
1427-2005/ (Күнбағыс дəнінен шығарылады Helianthusannuus L. 
3
).
2) Сафлор майы тағамдық. Техникалық жағдайлары. СТ РК 1428-
2005. (сафлор дəнінен өндіріледі Carthamus tinctorious L.).
3) Рапс майы тағамдық. Техникалық жағдайлары. СТ РК 1429-2005.
(Brassica napus L., Brassica campestris L. жəне Brassica tournefortii Gouan
species дəндерінен өндіріледі).
4) Жүгері майы. ГОСТ 8990-59. (Жүгері тұқымынан өндіріледі the
embryos Zea mays L.).
5) Күнжіт майы. ГОСТ 8990-59. (Күнжіт дəнінен өндіріледі Sesamum
indicum L.).
7.3. Мектеп жасындағы (7 жастан жоғары) балалардың тамағына
шектеулі түрде (осы əдістемелік нұсқаулардың қолдану аясының 5-6
бөлімдерінде) келесі тағамдық майлар мен майлық азық-түліктердің
түрлерін қолдануға болады:
1) Пальма олеині. ГОСТ 10766-64. (Пальма майын фракциялағаннан
кейін алынған сұйық түрі).
2) Какао – майы. ГОСТ 28931-91.
3) Зəйтүн майы. ГОСТ 8990.
4) Маргарин. Жалпы техникалық жағдайлары. ГОСТ 240-85.
5) Маргарин, кондитерлік жəне нан пісіру кəсіпорындары үшін
кулинариялық майлар. Жалпы техникалық жағдайлары. ГОСТ 976-81.


6) Соя майы. Техникалық жағдайлары. ГОСТ 7825-96. (Соя
бұршақтарынан өндіріледі Glycine max (L.) Merr.).
7) Жер жаңғақ майы. Техникалық жағдайлары. ГОСТ 7981-96. (Жер
жаңғағының дəндерінен өндіріледі Arachis hypogaea L.).
8. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында биологиялық тағамға
қоспа ретінде жəне тағамдық өнімдердің құрамында жоғары тағамдық
жəне биологиялық жағынан құнды зығыр майын (өндірушінің құжаты
бойынша), күнжіт майын (ГОСТ 10766), кенепшөп майын (ГОСТ 8988,
ГОСТ 8989) жəне т.б. өсімдік майларының түрлерін қолдануға болады.
9. Балалар мен жасөспірімдердің тамағына кондитерлік майлар,
кулинарлық майлар, шошқаның майы немесе қойдың құйрығы жəне де
аталған майлар құрамына кіретін барлық тағамдық өнімдерді қолдануға 
болмайды. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің тамағына пальма
майы мен пальма стеаринін қоспаған жөн.

Жиры, масла и производные продукты. Codex Alimentarius. Codex Stan 210, дополнение от 2003, 2005
года.


жүктеу 186,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау