Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет9/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
14 
- СЖ және СБ зақымдалған жүйелерін, сумен жабдықтаудың автономдық жүйелерін 
қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. 
5.2.2 Селдер мен су басу кезінде залалды төмендету және СЖ  және СБ жүйелерінің 
тұрақтылығы. 
5.2.2.1  Су  тасуы  су  арналары  мен  су  көздеріндегі  судың  көтерілуі  және  маңайды 
басуымен байланысқан стихиялық табиғи гидрологиялық құбылысқа жатады .  
5.2.2.2  Сел  күрт  бөлшектелген  таулы  бедерлі  биік    аймақтарға  тән.  Селдің  басты 
ерекшелігі-оның  кенеттен  түсуі,  тез  өтуі  (бірнеше  сағат  ішінде,  қайталану  тәртібінің 
жоқтығы және  көп жағдайда пайда болуының болжаусыздығы. Олар күрт төмендейтін тау 
өзендерінің аңғарлары мен арналарында, олардың су жинайтын шұңқырларында тау және 
өзен шөгінділерінің жиналуы, олардың шамадан тыс ылғалдануы, кенеттен болған сілкініс 
немесе  түсуге болған себеп нәтижесінде пайда болады.Селдердегі тас материалдары 10-
нан  75 %-ға дейін өзгереді. Сел әкелетін кейбір сынықтардың салмағы  100–200 және одан 
да көп тоннаға жетуі мүмкін. Сел жоғары жылдамдықпен жүретін болғандықтан (кейде 10 
м/с  –тен  жоғары),  жолындағы  нысандарды,  оның  ішінде  су  алу  және  су  тазалау 
құрылғыларын қиратуы мүмкін.  
Селмен  тасталатын  саз-тас  салмағының  көлемі  жүздеген  мың,  кейде  миллиондаған 
текше метрге жетеді.  
5.2.2.3  Қазақстан  Республикасының  ықтимал  су  тасқыны  мен  сел  қаупі  бар 
аудандарында орналасқан көптеген елді мекендерге  бұл құбылыстардың қайталануы тән. 
Олар  тікелей  де,  жанамалай  да  кесірін  тигізеді.  Бірінші  жағдайда  бұл  нысандардың 
қирауымен, су нысандарының ластануымен, гидрологиялық жағдайдың өзгеруімен, адам 
өлімімен,  мал  басының  шығынымен  және  егін  өнімдерін  жоғалтуға  байланысты.  Екінші 
жағдайда  бұл  зиян  өндірістің  тоқтауына,  көлік  қатынастарының  бұзылуына,    әртүрлі 
эпидемиялардың пайда болып, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеледі 
5.2.2.4 Ұзақ та күшті жаңбырлар, қар мен мұзарттардың тез еруі, көлдер, су қоймалары 
мен  жинақтауыштардың  бөгеттерінің  бұзылуы,  ірі  су  көздеріндегі  желдің  суды  айдап 
әкелуі,  өзендерде  сең  жүргенде  болатын  іркілістер  және  басқалар  су  тасқындары  мен 
селдердің себептері болып табылады. 
5.2.2.5  Су  тасқындары  мен  селдерден  қорғану  шаралары  бұл  құбылыстардың 
табиғатына  сай  болуы  қажет.Әрбір  апат  түріне  олардың  салдарынан  қорғайтын,  ол 
салдарды толықтай жоя алмаса да әжептәуір азайтатын өзіндік инженерлік-техникалық іс-
шаралар сәйкес келеді. 
Мысалы, оларға: 
-  су  тасқындары  мен  селдер  мүмкін  аймақтардағы  нақты  аудандық  үрдістердің 
ғарыштық  мониторингі,  ГАЖ-технологиясы  негізінде  оладың  ықтимал  барысын 
модельдеу,  СЖ  және  СБ  жүйесінің  су  алу  және  тазалау  құрылғыларына  төнуі  мүмкін 
қатерлерге талдау жасау; 
-  қауіпті  табиғи  құбылыстарды  инженерлік  барлау,  сел  қаупін  хабарландыратын 
автоматтандырылған  жүйені  құру,  олардың  мүмкін  боларлық  пайда  болуын  уақытында 
ескерту; 
-  су  тасқыны  мен  сел  ағының  тоқтату  үшін  өзендердің  арнасын  бекіту,  қоршайтын 
тасбөгеттер,тоспалар (жалдар) және басқа да құрылыстар салу, аумаққа топырақ төсеу
- жағалауды бекіту және арна тереңдету жұмыстарын жүргізу; 
- сумен жабдықтау жүйесін  қосымша көзге ауыстыруға дайындық; 
-  бөгеттерді  биіктету,  жырылған  және  су  шайған  жерлерді  бекіту  үшін 
материалдардың апаттық қорын жинау
 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
15 
-электр  және  жылу  энергиясының    қосымша  және  автономды  көздерін,  сорғы 
агрегаттарын,  құбырлар  мен  материалдарды  жинақтау  және  қауіпсіздікте  сақталуын 
ұйымдастыру. 
5.2.2.6  Су  тасқыны  немесе  сел  қаупі  болғанда  уақытылы  және  нақты  жасалған 
гидрометеорологиялық  болжау  мүмкін  болатын  зиян  мен  шығындарды  едәуір  азайтатын 
алдын  алу-  қорғаныс  шараларын  дер  кезінде  іске  асыруға  мұрсат  береді,  СЖ  және  СБ 
жүйелерінің су астында қалған, қалпына келтіру, жөндеу аймақтарында апаттық-құтқару 
жұмыстарын жүргізу үшін күні бұрын жағдай жасайды. 
Ықтимал  су  тасқыны  немесе  сел  жайлы  ескерту  алынғаннан  кейін  СЖ  және  СБ 
кәсіпорындары ттық бригадалар, жер қазатын техника, құм толтыратын қаптар(ыдыстар), 
тоспа тұрғызатын материалдарды дайындап,тасқын суды лақтыратын(бұратын) жолдарды 
белгілейді.  Трансформатор  подстансаларының,  сорғы  стансаларының  есіктерін,  су 
құбырлары  және  кәріз  торабының  ашық  есіктерін  жабу  керек.  Кәріздік  тазалау 
құрылғыларында апаттық айналма желілердің дайындығын тексеру қажет. 
5.2.3 Дауыл, тозаңды желдер кезіндегі СЖ және СБ жүйелері тұрақтылығы. 
5.2.3.1 Дауыл, құйын және шаң борандары табиғи желді метеорологиялық құбылысқа 
жатады.Олардың  қирату  әрекеттерін  анықтайтын  негізгі  көрсеткіші  болып  ауа 
массаларының динамикалық соққы күшін түзетін және сыпыру қасиеті бар жылдамдықпен 
соғуы . 
Қауіптің  таралу  жылдамдығы  бойынша  дауыл,  құйын  және  борандар  ,көптеген 
жағдайларда бұл құбылыстардың болжану мүмкіндігін(штормдық ескертулер) есепке ала 
отырып,  жай  таралатын  төтенше  жағдайларға  жатқызылады.  СЖ  және  СБ  жүйелерінде 
қирау  мен  төтенше  жағдайлар  тек  жер  үстінде  орналасқан  нысандарда  ғана(су  тазалау 
құрылғылары,су  алу,  су  айдау  мұнаралары,жер  үсті  әуе  коммуникация  және  электрмен 
жабдықтау желілері, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар ) болуы мүмкін. 
Бұл шаралар мерзімдері бойынша екі топқа бөлінеді: 
- алдын ала ескерту шаралары мен құрылыстарды нығайту жұмыстары
-  тікелей  дауыл(құйын,боран)алдында  ескерту  алынғаннан кейін  өткізілетін  жоғары 
дайындықтағы жедел қорғаныс шаралары. 
алдын  алу  шараларына  (құрылысты  жобалау  және  реконструкциялау  кезеңінде) 
жатады: 
-  қауіпті(мысалы,  сұйық  хлор  қоймалары)  нысандарды  пайдалануға  және 
орналастыруға  шектеу  қойылу,  ауыз  суды  хлорлау  және  зарарсыздандырудың  жаңа 
технологияларына,  соның  ішінде  ас  тұзынан  натрийдің  гипохлоридын  өндіретін 
электролиздық қондырғыларды пайдалануға  көшу
-  өндірістік  ғимараттар  мен  құрылыстарды,  шатырды  нығайту,  ескі  немесе  әлжуаз 
құрылыстарды бұзу; 
- материалды-техникалық резерв құру
- СЖ және СБ қызмет және құтқару персоналы мен тұрғындарды ТЖ кезінде жұмыс 
істеуге дайындау 
5.2.3.2  «Штормдық  ескерту»  алынғаннан  кейін  өткізілетін  шараларға  мыналар 
жатқызылады: 
-  дауылдың  (боранның,  құйынның)  өту  жолдары  мен  әр  түрлі  аудандарға  жету 
мерзімін, оның салдарын болжау
-    дауылдың  (боранның,  құйынның)  зардаптарын  жоюға  қажет  материалдық-
техникалық резерв шамасын жедел ұлғайту
-  кәсіпорын  жұмысшылары  мен  тұрғындарды  қорғау  үшін  баспаналарды, 
подвалдарды және басқа тереңде орналасқан бөлмелерді дайындау
- тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету шаралары мен қалпына келтіру жұмыстарына 
дайындықты бастау. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау